Стикер
Біраз уақытта болған ілгерілеуді немесе бүкіл
сыныптың кері байланысын
көрсетуге арналған визуалды құрал.
Бағдаршам
Карточкалар тақырыпты түсінгенін көрсету үшін пайдалануға болады (мысалы,
қызыл түс =БАРЛЫҒЫ, сары түс =КӨБІ, жасыл түс=КЕЙБІРІ).
Бас бармақты жоғары немесе төмен(қолдаймын, қолдамаймын)
«Бағдаршам, «стикерге» ұқсайды, бірақ кейбір
оқушылардан өз таңдауларын
түсіндіруді сұрай аласыз.
Сынып ішінде жүру
Әртүрлі жағдайларға бейімдеуге болады: 1) сыныптың әр бұрышы «толықтай
келісемін», «келісемін», «келіспеймін, «толықтай келіспеймін»
деген
көзқарастарды көрсетуі мүмкін; 2) сіздің көзқарасыңызға анағұрлым сай келетін
суреттің жанына тұрыңыз; 3) дұрыс мысал/анықтаманың жанына тұрыңыз.
Өзара және өзін-өзі бағалау
Оқудың күтілетін нәтижелері оқушыларға түсінікті
әрі анық болу керек, сол
арқылы оқушылар олардың біраз немесе барлық
бағалау критерийлеріне
жеткендігін анықтап, нені жақсару керектігін белгілей алады.
Анықтаңыз:
- Басқа қандай пәндерде олардың оқуы пысықталады немесе жақсарады?
- Оқуды жақсарту үшін ақпаратттық- коммуникациялық
технологиялар қай
Жерде пайдаланылады?
- Оқушыларға білім беру бағдарламасы аясында «құндылықтар»
қалай
оқытылады?