«Айқын мақсат қоя отырып»



Pdf көрінісі
бет61/79
Дата11.01.2023
өлшемі1,75 Mb.
#165305
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   79
Байланысты:
ӘДІСТЕР ҚОЙМАСЫ

«Пікірлер базары» 
Оқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа (флипчартқа) сабақтың өздері 
ең маңызды деп шешкен бір тұсын жазады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр 
плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар 
«Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі 
жағына стикерлермен өздерінің комменттарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін, 
қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. Сұрақтарға жауап беруші 
оқушылардың алмасып тұрғаны дұрыс. Соңында топтар өз плакаттарына қайта 
оралып, барлық пікірлерімен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап 
іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды.
«Радиоға қоңырау шалу» 
Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады.Төрт қонақ
рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай рольдерін ойнауы тиіс. 
Құрдастар аудиториясы, сұрақтарымен «қайта-қайта қоңырау шалады», белгілер 
жасап және т.б. жазып отырады. 
 
«Рөлдік ойындар»
Рөлдік ойындар әдісінің негізгі қатысушалардың басқа адам кейпіне 
(рөліне) еніп, соның ішінде әрекет етуінен тұрады. Рөлдік ойындар 
оқушылардың бір-біріне мейірбандықпен қарап, түсіну дағдысын дамытады. 
Басқа біреудің рөлін ойнағанда, оның көзқарасы, ойы мен сезімдерін түсіну 
жеңілге түседі. Сонымен қатар бұл әдіс сыни ойлауды күшейтіп, шешім 
қабылдауға және өз көзқарасыңды қорғауға мүмкіндік береді. 
 
«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір» 
 
Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір 
Қандай жаңа білім алдың? Алған біліміңді 
қолдана аласың ба? 
Саған қиындық тудырған 
түсініктер 


77 
«Сатушы және қалпақ» 
Лев Толстой ойлап тапқан 2-сыныпқа арналған есеп ұсынылады. Қазір бұл 
есепті тек 30% жоғары сынып оқушылары, 20% ЖОО студенттері, 10% банк 
қызметкерлері шеше алады деп есептелінеді. Қатысушылар алдымен жеке 
шығарады, содан соң топта талқылайды. Есеп: 
Сатушы қалпақ сатады. Қалпақ 10 000 теңге тұрады. Сатып алушы келіп, 
оған тұтас 25 000 теңгелік береді. Сатушының майдасы болмағандықтан, 
көршісіне 25 000 теңгені 10 000+10 000 +5 000 теңгелік етіп майдалатып алады. 
Сатушы қалпақты және 15 000 теңгені қайтарып береді. Сәлден соң көршісі 
келіп, 25 000 теңгенің жалған ақша екенін айтып, өз ақшасын талап етеді. 
Сатушы амал жоқ 25 000 теңгені қайтарады.
Сұрақ: Сатушы қанша теңгеге ұтылды? 
Жауап: 25 000 теңге. 
Бұл есеп оқушылардың ойлау қызметін белсендендіріп, дәлелдеме келтіру 
дағдысын қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет