74
«Өмір ұраны»
Әр қатысушы өзінің өмірдегі ұранын қағазға жазып, қағаздар
араластырылады. Содан соң біртіндеп оқылады. Басқалар оқылған ұранның
кімнің өмірлік ұстанымы екенін табу керек.
Оқушылардың бір-бірін қаншалықты білетінін анықтау үшін, бірін-бірі
жақынырақ тану үшін жүргізуге болады.
«Пазлдар»
Мақсаты:
Командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына үйрету.
Ресурстар:
Кішкентай «миқатырғыш пазлдар» (суретті открытканы бірнеше
бөліктерге бөлуге де болады)
Ойын барысы:
Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Мақсат – бөліктерді
жылдам жинау.
Жаттығудың психологиялық мәні:
Қатысушылар ойын түрінде командада
тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ
мақсатқа жетуге үйренеді.
Талдау:
Командада тапсырманы орындау қалай болды? Неліктен?
Тапсырманы тиімді орындау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
«
Достарыңызбен бөлісу: