«Айқын мақсат қоя отырып»



Pdf көрінісі
бет55/79
Дата11.01.2023
өлшемі1,75 Mb.
#165305
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79
Байланысты:
ӘДІСТЕР ҚОЙМАСЫ

«Оқу күнделігі» 
Оқу күнделігін бастаңыз, онда оқушылар оқу туралы және ол бойынша 
шолуы туралы ойларын жазып қалдыра алады. Бұған бүкіл сыныпқа арналған 
тапсырмалар, мақсат, тапсырма кестелері және т.б. кіруі мүмкін
«Оқушылардың бағалауы» 
Бағалау үдерісіне қатыса отырып, оқушылар тақырыпты, бағалау 
үдерісінің өзін және өз жұмысын орындай отырып, не жасағандарын аса 
тереңірек түсінуге қол жеткізеді. Бұл оларға оқудың не екенін білуге, осылайша 
өзінің оқуын қарастыруына көмектеседі.Оқушылар өз үй жұмыстарын немесе 
сыныптастардың жұмысын бағалай алады. Бұл жаттығу «ресми» немесе оқушы 
жасаған бағалау схемасы бойынша жұппен немесе дербес түрде орындалуы 
мүмкін.
«Оқушылар сұрақ қояды» 
Оқушыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, 
мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде 
қолданылуы тиіс.
Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар 
үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады. 
Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. 
Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға 
көмектеседі. 
«Оқушылар сұрақ құрастырады» 
Мысалы –

Сіз жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келді?

Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұраңыз

Сіз өз біліміңізді бұдан әрі жақсартқыңыз келген білім/түсінбеу саласын 
көрсетіңіз. 
Сыныпта сұрақтарға арналған қорапша қоюға болады, оқушылар оған сабақ 
аяқталғаннан кейін өз сұрақтарын салады.
Немесе арнайы сабақ ұйымдастыруға болады, онда оқушылар бүкіл сынып 
болып жұмыс істейтін немесе келесі сабаққа негіз болатын сұрақтарды 
құрастырады. 


71 
«Он сұрақ» 
«Он сұрақ» әдісі арқылы алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, 
түйін түю: Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз 
жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған 
жауап не «ИӘ» не «ЖОҚ» деп беріледі. Оқушы сол арқылы бүгінгі сабаққа 
қатысты ұғымды табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет