«Айқын мақсат қоя отырып»


«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі



Pdf көрінісі
бет7/79
Дата11.01.2023
өлшемі1,75 Mb.
#165305
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79
Байланысты:
ӘДІСТЕР ҚОЙМАСЫ

 
«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі 
 
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы 
орындалады. 
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады: 
-
бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. 
-
бүгін сабақта қуантқаны..... 
-
мен өзімді.....үшін мақтар едім. 
-
маған ерекше ұнағаны..... 
-
сабақтан соң маған........келді. 
-
бүгін маған..........сәті түсті. 
-
қызықты болғаны..... 
-
......қиындық тудырды. 
-
менің түсінгенім..... 
-
енді мен......аламын. 


15 
«Әдебиет лотосы» 
Мақсаты: оқыған әдеби шығармалар кейіпкерлері туралы кестені толтыру. 
Белгілі бір уақыт ішінде кесте толтырылуы керек. Хрестоматиядан оқыған 
шығармаларды да пайдалануға болады. 
Шығарма 
атауы 
Авторы Кейіпкері Қандай? Қандай 
жағымды 
қасиеттері мен 
қылықтары 
ұнайды? 
Кейіпкерге 
ұқсағың 
келе 
ме, жоқ па? 
Себебін 
түсіндір. 
 
«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы 
 
- Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, 
қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар: 
- Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар; 
- Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар; 
- Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар; 
- Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, 
сенің қолыңнан бәрі келеді». 
«Әйнек арқылы сөйлесу» 
Топ жұпқа бөлінеді. Бірінші адамға сөздің көмегінсіз екіншісін киноға 
шақыру тапсырылады. Басқа жұптарға басқа тапсырма беріледі. Барлығы 
араларында дыбыс естілмейтіндей әйнек бар секілді сөйлесу керек. 
 «Ән шырқау» 
Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір 
шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. 
Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда 
келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек. 
Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, 
Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторладың әндерін ұсынған орынды 
(« Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Армандастар», «Атамекен», «Өз елім» т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет