І кезеңімізді бастайық.
Мұнда әрбір топ өздерін физика тілінде таныстырады.
1. «Күш» тобының таныстыруы:
9-сыныптың ұл-қызы
Жанса деймін жұлдызы, суреттейтін даланы,
Көркемдейтін қаланы, мамандықтың киесі
Физиктер -Жасасын!
Мына бізде бәрі бар,ұзындар да табылар
Мысал үшін –Маржан бар, айға қолын жеткізген
Айдай сұлу Гүлмира бар,бұлттан қолын өткізген.
Қысқа десең қысқа бар, Құрмет -деген нұсқа бар
Күндей сұлу –РысханАқжол, Ұлан бар
Міне, бізде бәрі бар…Болат та бар, Алтын бар
Жер бетінен табылар!
Біздің ұран:
-Біз күшпіз тартамыз, тебеміз, әлемге тартылыс береміз, әділдік жолына сенеміз!-Біз күшпіз,сондықтан да жеңеміз!
2. «Заряд» тобының таныстыруы:
Біздің сыныпта 6 оң заряд(ұл) пен 8 теріс заряд(қыз) бар.
Күнде бұл зарядтар бейберекет қозғалыста болады(Қоңырау кезінен көрініс)
Бұл зарядтар бір-бірімен өзара әсерлеседі.(Ұл мен қыздардың бір-бірімен құшақтасуы, амандасуы, араласуы)
Бұл зарядтардың ішіндегі активті, физикалық қасиеттері ерекше бөлшектермен таныс болыңыздар:
Гүлназ-+ зарядты тірі бөлшек.Көзінің өтімділік қабілеті өте күшті.Бір күні кітап оқып отырып, басына алма құлап түседі.Сонда ол мына заңды ашты:
«Алма-алма ағаштан алысқа құламайды»
Айгерім-бойының биіктігі 2метрге жуық.Жүрісі-уақыт өтуімен өзгеріп отырады.Заряды 1-2-3 сабақтарға ғана жетеді,7-8 сабақта қайта зарядталады.Мінезі салмақты.
Дана-ұзындығы 1м 70 см .Дауысы өте жоғарғы жиілікті толқын болып табылады.Сөйлеген сөзінің жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығымен тең, сағатына 300000км/сағ,топқа пайдалы әсер коэфициенті 100 %.
Еркежан-шашының ұзындығына қарасақ, оң заряд па теріс заряд па белгісіз,бейтарап деп айтамыз.Магнит өрісі әлсіз.
Мейрамбек- зарядтардың бір-біріне тартылуынан Кулон заңын ашты.
3 «Атом» тобының таныстыруы:
Біздің топ: Атом
Атом- оң зарядталған протондар мен теріс зарядталған электрондардан тұрады.
Бұл бөлшектер бейберекет қозғалыста болады
Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі.
Білім қуған,өнер қуған жастар едік,
Бәріміз де өнер жолын бастап едік
Қызық заңдар қайда, қиын теңдеу қайда
Оны шешер өжет жастар қайда екен?
Достарыңызбен бөлісу: |