Айналайын, Атажұртым



бет28/75
Дата06.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#36204
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75
Турнирдің шарты: Қатысушылар үш топқа бөлінеді. Жарыс үш турдан тұрады: І.Елтаңба ІІ. Жалау. ІІІ. Әнұран
Әрбір қатысушы білімінің жетіктігімен өз тобымен де, сондай-ақ жеке дара да жеңіске жете алады. Әрбір топ ойынның ережесін бұзбаса, көрермендер көмегін пайдаланбаса және шығармашылық жұмыстарды ұйымшылдықпен, ынтымақпен орындаса жеңіске жетеді.
Жүргізуші : «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз! Әрине, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, қасиеттеу үшін, алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті. Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Сонымен, бүгін өмір сүріп отырған үшінші мыңжылдық ғасырынан, сонау алғашқы адамзат пайда болған ерте кездерге ауысамыз да, мемлекеттік рәміздер туралы білімімізді сарапқа саламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет