Қайрат Сағатханұлы, соңғы жылдары қара жолдың бойында қаза табатындар санының күрт арту мәселесі, тіпті Елбасы қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын білеміз


Оқиға орнын қараудың хаттамасын толтыру



бет29/36
Дата26.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#136852
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Байланысты:
ЖҚҰ - жол ережеси

Оқиға орнын қараудың хаттамасын толтыру


Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiктерi шегiнде сол жердi, заттарды, құжаттарды, тiрi адамдарды тексеруге құқылы.
Тексеру жүргізудің жалпы ережелерi

  1. Тексеру, әдетте, қажеттілік туындаған жағдайда дереу жүргізіледі. Тексеру жүргізілгені туралы хаттама толтырылады. Хаттамада оның жасалған күні мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі, аты-жөні, тексерілген адам, заттардың түрі, саны, өзге де ұқсас белгілері туралы, соның ішінде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгісі, калибрі, сериясы, нөмірі, белгілері, оқ-дәрілердің, арнайы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрі туралы мәліметтер көрсетіледі. Тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, тексерілген адам, тексерілген заттардың иесі, куәгерлер қол қояды. Тексеруге жатқызылған адам, тексерілген заттар иесі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиісті жазба жасалады.

  2. Тірі адамдарды тексеруді осы Кодекстің 620-бабында аталған лауазымды адамдар жүргізеді. Тірі адамдарды тексеруді тексерілушімен жынысы бірдей адам және жынысы осындай екі куәгердің қатысуымен жүргізеді. Тірі адамның заттарын тексеруді, яғни олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексеруді осы Кодекстің 620-бабында аталған, оған уәкілетті лауазымды адамдар осы заттарды меншіктенуші немесе иеленуші адамның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргізеді. Тірі адамда айналадағылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін қару немесе өзге заттар бар деуге негіз болған ерекше жағдайларда оның жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланып, куәгерлерсіз жүргізілуі мүмкін.

  3. Осы баптың 2-бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, орындарды, заттарды, құжаттарды тексеру, куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі. Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиісті байланыс құралдары болмаған кезде немесе басқа объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмағанда) тексеру куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін айғақтап көрсететін техникалық құралдар қолданыла отырып жүргізіледі.

  4. ажет болған жағдайда тексеру құқық бұзушының, жәбірленушінің, куәлердің, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргізіледі.

  5. абылған іздер мен өзге де материалдық объектілерді тексеру әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер тексеру үшін қосымша уақыт қажет болса немесе табылған затты сол жерде тексеруге елеулі қиындықтар туындайтын болса, объектілер алып қойылуы және буып-түйілген, мөр басылған күйінде, зақым келтірілмей, тексеруге қолайлы жерге жеткізілуі мүмкін.

  6. ексеру кезінде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, басқа да тексеруге қатысушыларға көрсетілуге тиіс, ол жөнінде хаттамаға белгі қойылады.

  7. ске қатысы бар объектілер ғана алып қойылуға тиіс. Алып қойылған объектілер буып-түйіліп, мөр басылады және уәкілетті лауазымды адам мен куәгерлердің қол қоюы арқылы расталады.

  8. Тексеруге қатысушы адамдар олардың пікірінше істің мән-жайын анықтауға септігін тигізуі мүмкін дегеннің бәріне уәкілетті лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.

  9. Қажет болған жағдайларда тексеру кезінде тексерілетін объектілер өлшенеді, олардың жоспарлары мен сызбалары жасалады, сондай-ақ суретке түсіріледі және өзге де құралдармен түсіріліп алынады, ол туралы хаттамаға белгі жасалып, оған аталған материалдар қоса тіркеледі.

  10. Тексеру хаттамасының көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға не оның заңды өкіліне тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет