Кейінгі жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра әлеуметтік мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жайлардың сыналып ашық айтылуы бұл өнер түрінің халыққа берер тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор екенін айқын сипаттайды. Айтулы оқиғаларға байланысты —Қазақстанның 60 жылдығына арналған, Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген, Абайдың 150 жылдығы, Жамбылға арналып өткен республикалық айтыстардың орны бөлек болды. Мұнда өз өнерімен халықты риза қылған Қызылордалық Манап, Семейлік Қалихан, Көкшетаулық Көкен секілді жүйріктер ерекше танылып, халық көкейінен шыға білді. Сонымен бірге, енді ғана қанат жайып келе жатқан, тапқыр ой, тартымды сөздерімен көрінген талапкер жігіттер мен қыздарымыз белгілі бола бастады.
Айтыс — поэзиялық жанрдың ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтысқа қай кезде болсын халық ықыласы төмендемеу себебінің өзі айтыс өнерінің қиындығында. "Қисынын тауып қиыстырар" ер данасына халқымыз қашаннан құмар болып, әділ бағасын берген.
1989 жылы Алматыда өткен айтыста ақындар өздеріне деген талапты күшейткенін байқатты. Ең бастысы, айтысты өнер деп ұғу, жырды үлкен поэзия деп түсіну ден ала бастағанын көрсетті. Олар ойлы, жүйелі сөз үлгілерін танытты.
Айтыскер ақын Әселхан Қалыбаева (Шымкент) қарсыласы Әзімбек Жанқұлиевке сұрақ қояды:
деген орынды жауап қайтарады. Халық сынынан өту үшін үлкен жауапкершілік, талант пен қабілет керек екенін білдіреді. Ауызба-ауыз айтысып отырғанда қойылатын сұраққа сол сәтте мүдірмей жауап қайтару ақынның дарындылығын танытады.