Қазақстанның білім беру жүйесі қазіргі қоғамның сұраныстарына өзінше əсер етіп, мектеп оқушысы, студент, тəрбиеленушінің түрлі салаларда білім алуына ғана емес, сонымен қатар осы білімді алуда өзінің білім алуындағы дара жолын анықтауға, таңдауға үйренуге мүмкіндіктер туады. Сондықтан заманауи мектеп – бұл түрлі пəндердің оқытушылары ғана емес, сонымен қатар болашаққа бағдары, жеке қызығушылықтары мен басымдылықтары бар баланың үлгісінде жұмыс істейтін мамандардың қатары.
Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басымды міндеттерінің бірі – əр балаға, оның ішінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға сапалы білім алуға бірдей қолжетімділіктерін қамтамасыз ету болып табылады. Сапалы білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқушылардың осы санатына арнаулы білім алу жағдайлары құрылғанда қол жетілетін болады.
ҚР «Білім туралы» заңына (2007) сəйкес арнайы білім беру жағдайларына арнайы бі лім беретін оқыту бағдарламалары, арнайы оқыту əдістері, техникалық құралдар, өмір сүру ортасы жатады.
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды табысты оқыту үшін оқыту үдерісіне психологиялық-педагогикалық қолдауды іске асыру қажет. Инклюзивті тəжірибе саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, жаңа педагогикалық тұрғыда білім беру кеңестігінде жаңа педагогикалық ұстаным – инклюзивті мектептегі тьюторды қалыптастыру үшін жақсы жағдай жасалған.
Дамудағы ауытқулардың себептерін атаңыз.
І топқа ретардация типіндегі ауытқулар мен жетілу дисфункциясы жатады : Жетілмей қалу: Зақымданудың тегі тұқым қуалау болуы мүмкін (эндогендік) немесе құрсақтағы кезеңде, туу кезінде, ерте жаста әсер ететін сыртқы (экзогендік) факторлар нәтижесінде болуы мүмкін.
Тежелген даму. Тежелген психикалық даму генетикалық факторлардың, ұзақ уақыттық науқастардың, тәрбиедегі жағымсыз жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін.
ІІ топқа зақымдану типіндегі ауытқулар жатады :
Зақымданған даму, органикалық деменция – ерте сәбилік кезеңнің аяғында немесе 3 – жастан кейін болған мидың аумақты жарақаттары, нейроинфекциялар, тұқым қуалайтын дегенеративтік науқастар салдарынан
ІІІ топқа асинхрония типіндегі және эмоциональды –ерік –жігер бұзылулары ауытқулар жатады:
Бұрмаланған даму. Бұрмаланған дамудың себептері кейбір процессуальдық тұқым қуалаушылық аурулар, мысалы, шизофрения, туа біткен зат
Дисгармониялық даму психопатиялар мен тәрбиедегі теріс, жағымсыз жағдайлар салдарынан пайда болады.
«Дизонтогенез» терминінің мәнісін түсіндіріңіз және негізгі топтарын атаңыз.
І топқа ретардация типіндегі ауытқулар мен жетілу дисфункциясы жатады :
• Жетілмей қалу
• Тежелген даму.
ІІ топқа зақымдану типіндегі ауытқулар жатады :
• Зақымданған даму, органикалық деменция
ІІІ топқа асинхрония типіндегі және эмоциональды –ерік –жігер бұзылулары ауытқулар жатады:
• Бұрмаланған даму.
• Дисгармониялық даму.
Тапсырма:
Қазақстандағы БАҚЕ (білім алуда қажеттіліктері ерекше) балалардың контингентін, олардың инклюзивті блім берумен қамтылу үлесін көрсететін кесте құру.
Қазіргі кезде ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар саны 144 783 баланы құрайды, оның ішінде 96 555 мектеп жасында және 48228 мектепке дейінгі жаста. 2016-2017 оқу жылында 10% (4910 б/б-дан 495 б/б) балабақша инклюзивті білім беруді енгізді, онда 6130 бала, 44,7% немесе 3289 мектеп инклюзивті білім беру үшін жағдай жасады (40 мыңнан астам бала).