Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды



бет4/4
Дата04.11.2023
өлшемі26,88 Kb.
#189406
1   2   3   4
Байланысты:
1тк инклюзив Толен С

4 тақырып: Сенсорлық саласы зақымданған балалар


Сұрақтар:


  1. Адам өміріндегі есту, көру және сөйлеу қызметтерінің маңызы.

  2. Сенсорлық жүйесі бұзылған балаларға психологиялық мінездеме беріңіздер.

Көру қабілетінің көзілдірікті пайдаланғандағы мүмкіндігі бойынша нашар көретін балаларды келесі топтарға бөліп қарастырады :
Соқырлар – көру сезімі мүлдем жоқ, көру қабілетінің қалдығы көзілдірікпен 0,04 д, сондай-ақ жарықты сезіну қабілеті сақталуы мүмкін.
Тотальдық соқырлық немесе мүлдем көрмейтіндер-. көру сезімі мүлдем жоқ балалар.
Жартылай немесе парциалды соқырлар- олар жарықты сезінеді, пішіндерді ажырата алады,көру мүмкіндігі 0,005д – 0,04д.
Нашар көретіндер – бұлардың көру мүмкіндігі 0,05д – 0,2 д Бұл балалар ақпаратты осы көру анализаторы арқылы қабылдайды. Оқу, жазу процестерінде осыған сүйенеді.
Кемістіктің пайда болу уақытына қарай балалар екі категорияға бөлінеді :
І. Туа біткен соқырлық. Бұл тумысынан соқырлар немесе 3 жасқа дейін көз жанарын жоғалтқандар.Бұлардың көру арқылы ешқандай бұрынғы алған мағлұматтары жоқ,. сондықтан барлық психикалық процестер басқа органдардың негізінде жүзеге асады.
ІІ. Жүре пайда болған соқырлық. Бұл мектепке дейін немесе одан кейінгі кезеңде көз жанарын жоғалтқандар. Көру анализаторының зақымдану тереңдігі өзіндік белгілерімен барлық сенсорлық жүйе дамуында өз әсерін тигізеді. Яғни, қоршаған ортаны тану жолын анықтайды. Көру кемістігінен басқа да қосымша кемістіктер жиі қабаттасады. Бұл балалардың көбінде орталық жүйке жұмысының бұзылуы кездеседі. 77,6 % балаларда тіл бұзылуы, БЦСА, ПДТ, есуастық дәрежесіндегі олигофрения, энцефалопатия, невроз тәріздес күйлер, гидроцефалия т.б. екінші кемістіктер болады.

  1. Аталған катеогориядағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін ашып көрсетіңіздер.

  2. Әртүрлі жүйелердегі логопедиялық көмек жүйесіне сипаттама беріңіздер (білім беру, денсаулық сақтау).

Тапсырма:


  1. Қалыпты дамудағы және сенсорлық кемістігі бар балаға психологиялық-педагогикалық мінездеме құрастырыңыздар.

  2. Сенсорлық кемістігі бар адамдардың меңгере алатын мамандықтарының (кәсіп түрлерінің) тізімін жасаңыздар және оларға қажетті функционалдық қабілеттер мен еңбек жағдайларын сипаттаңыздар.

  3. Сөйлеу аппаратының сызбасын құрастырыңыздар немесе суретін салыңыздар (орталық және пepифepиялық бөліктер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет