Академик Ќ


Совет ғылымының тамаша мерекесі



бет18/31
Дата30.01.2023
өлшемі1,64 Mb.
#166761
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
b383 (1)

Совет ғылымының тамаша мерекесі
Совет елі ССР Одағы Ғылым академиясының 220 жылдық мерекесін өткізіп отыр. Ресей Ғылым академиясын алғаш ұйымдастырушы ұлы Петр патша болатын. Ол өз заманының ірі ғалымы, Париж Ғылым академиясының мүшесі болған еді.
Ұлы Петр жаңа ашылатын ғылым академиясының алдына, басқа мемлекеттердегі салт сияқты, ғылымды өркендету міндетін ғана қойған жоқ. Сонымен қатар, ол орыс халқынан ғылым кадрларын әзірлеп шығару міндетін де қойды. Осындай мемлекеттік мақсат тұрғысынан қарап Петр Ғылым академиясы жанынан гимназия, университет сияқты оқу орындарын ашуды ұйғарды.
Алғашқы академиктердін бәрі де шет мемлекеттерден шақырылды Петр оларды іріктеп алды. Ресей Ғылым академиясының алғашқы мүшелерінің арасынан кейін ғылым жөнінде даңқы жайылған Леонард Эйлер, Николай, Даниил Бернуллилер, Делиль сияқты адамдар шықты. Бұлар жаңа ашылған Ресей Ғылым академиясының беделін арттырды. Петрдің Батыс Европаның мәдениет дүниесімен байланысы күшті еді. Осының арқасында, ол 19 жасар Леонард Эйлердің ұлы математик болатынын танып, жас болса да, оны Ресейге академик етіп шақырды. Сол сияқты, Петр Ресей Ғылым академиясының мүшелігіне тандап шақырған ғалымдардың көбі жас еді. Мысалы, академик Даниил Бернулли 25 жаста, академик Гмелин 18 жаста болатын.
Петр Ғылым академиясының жемісті жұмыс істеуіне керекті жағдайларға да тиісті көңіл бөлді. Ол өзінің кітапханасы мен Ресейде тұңғыш рет жасаған музейін Академияның меншігіне берді. Бірақ, Петр Академияның ресми ашылуын өз көзімен көре алмай кетті. Академия 1725 жылы Петр өлгеннен кейін ашылды.
Ғылым академиясы алғашқы жылдары-ақ, математика, астрономия, механика ғылымдарының саласында күрделі жұмыстар істеді, зор жаңалықтар ашты, сонымен қатар, көптеген экспедициялар шығарып, Ресейдің елін жерін зерттеді. Ол кезде Ресей шала зерттелген «жұмбак дала» еді. Оның жер аумағы, мемлекеттік шекарасы туралы ешканда нақты мәлімет жоқ болатын. Академик Эйлердің басқаруымен тұнғыш рет Ресейдің географиялық бейнесі жазылды. Бұл сол кездегі белгілі білімпаздардың, сондай-ақ, Британия энциклопедиясының айту бойынша «неміс жерінің географиясына қарағанда, әлдеқайда дұрыс жасалған» еді.
Ресейдегі ғылыми-зерттеу орындары ұйымдастырған ғылыми экспедициялар жұмысының нәтижелері, көп реттерде, жержүзілік үшін бірден-бір зор табыс болып отырды. Бұл жөнінде біздің П.С. Паллас, Н.М.Пржевальский, В.Л.Комаров, В.А.Обручев сияқты көптеген ғалымдарымыз жүргізген экспедициялар жұмысының нәтижесін еске түсірсек, жеткілікті болады.
Петрдың ойынша, Ғылым академиясы ғылымды өркендету, елді, жерді зерттеу жұмыстарымен қатар орыстан жас ғылым кадрларын үнемі әзірлеп шығаруға тиісті еді. Ғылым академиясы бұл міндетті жүзеге асыруда көп киыншылық көрді. Бұл қиыншылықтар көбінесе Ғылым академиясының басшылық жұмысында алғашқы кезде немістердің отыруымен байланысты болды. Олар орыс жастарын гимназияда оқытпауға тырысты: «орыстардың көпшілігі, үлкен-кішісі болсын, ғылымға, ынталы, табанды емес» деген сылтауларды соқты. Осының салдарынан, Ғылым академиясының қатарында 8 жыл бойы орыс ғалымынан бірде-бір мүше болмады, ал Академия ұйымдасқаннан былайғы 30 жыл ішінде оның қатарында мүше болған орыс ғалымының (академик, корреспондент мүше) саны онға жетер-жетпес еді.
1742 жылы М. В. Ломоносов шет елдерде оқып, ғылыми жұмыс жүргізіп қайтады. Ол академияның мүше-корреспонденті болып тағайындалған соң, Академияның бір топ қызметкері Сенатқа ресми шағым берді. Онда «неміс басшылардың» Академиядағы түрлі жаман пиғылы көрсетілген еді: «Егерде немістерге жасалған жағдай орыстарға жасалған болса, орыстар немістердің алдында жалтақтамас еді, ендігі профессорлардың тең жартысы орыс болар еді» делінген.
Алайда, патша үкіметі сенатшыларының көпшілігі немістер болатын. Сондықтан олар бұл шағымға құлақ қойып, жағдайды түзеу түгіл, қайта шағым берушілердің өздерін қатты жазалады: олардың кейбіреулерін дүре соғу жазасына кесті де, кейбіреулерін Ресейдің шет-шалғай өлкелеріне жер аударды. Басқасы былай тұрсын, Ломоносовтың өзі немістер жөніндегі «бейбастақтығы» үшін жарты жылдай абақтыда отырды.
Ресей Ғылым академиясының алғашқы ұйымдастырылған кездегі өмірінен алынған бұл мысал, немістердің бастан-ақ Ғылым академиясына өз адамдарын қойып, оның жұмысын өздері билеп-төстемек болған арам ниетін көрсетеді. Немістердің бұл сықылды әрі топас, әрі үмітсіз ниет, жоспары жүзеге аспады, оны орыстың жас ғалымдары күл-талқан етті.
Ұлы Петр Ғылым академиясын ұйымдастырушы болса, орыстың бұқара халқынан шыққан ұлы ғалымы Михаил Васильевич Ломоносов оны кұрып, нығайтушы болды. М.В. Ломоносов балықшы шаруаның баласы еді. Ол Ғылым академиясы жанындағы гимназияға ең әуелі 1735 жылы келіп кірді. Оны өте жақсы бітіріп, 5 жыл бойы шет елде болды. Онда химия, физика, тау-кен, металлургия ғылымын үйренді. Ол 1742 жылы академияның мүше-корреспонденті болып белгіленді, ал, 1745 жылы академик болды.
Орыс ғылымы тұңғыш рет М.В. Ломоносов арқылы жеп -көлемде көріне бастады. М.В.Ломоносов әр алуан білімді зор ғалым еді. Ол әрі физика, химия, әрі металлургия, геология, әрі география тіл ғалымы еді. Ол: «Ресей жерінің астында түрлі тау-кен байлықтарының көп екеніне ешбір шүбә жоқ. Тек оны тауып алып, пайдалана білу керек» деген көрегендік пікірді айтқан еді. Арктика арқылы Америкаға баратын су жолын ойлап табушы да Ломоносов болды. Сонда, оның «көз алдында, ешбір қауіп-қатерден қаймықпай, ұшан теңіз үстінде кетіп бара жатқан орыс «Колумбысы» елестеген еді.
Ломоносовтың орыс тілі, орыс әдебиетін зерттеу жөніндегі еңбегі орасан зор. Ол орыс тілі грамматикасының негізін салушы; ол «орыс өлеңінің ережелері туралы» еңбекті жазушы; орыс поэзиясына жаңалық енгізуші, «үш түрлі стиль» туралы теорияны шығарушы. Орыстың халық сөздерін әдебиетте қолданудың көлемін кеңейтуде бұл теорияның зор мәні болды. М.В. Ломоносов орыс әдебиетіндегі алатын орнын Белинский былай сипаттады: «Біздің әдебиетіміз Ломоносовтан басталды. Ол орыс әдебиетінің атасы, тәрбиешісі болды. Ол орыс әдебиетінің ұлы Петрі болды».
Орыс халқы арасында ағарту жұмысын өркендетуде де Ломоносовтың еңбегі орасан зор. Ол Москваның мемлекеттік университетін ұйымдастырды, халықтан ғалымдар шығаруды арман етті.
Ломоносов ғылыми еңбекті өз ана тілінде жазған тұңғыш орыс ғалымы. Ол кезде білімпаздардың ғылыми еңбекті латын тілінде жазуы әдет болушы еді. Ломоносов бұл әдетті бұзып, ғылыми еңбектерін орыс тілінде жазды. Ломоносов орыс тілінің ғылыми, техника жөніндегі атауларын жасауда көп еңбек етті.
Ломоносов жұртты нақты ғылымның, теориялары мен заңдарын дәл зерттеу, дәл байқау мәліметтеріне сүйенетін ғылым жолында еңбек етуге шақырды. Ол үнемі «бос уақытын қысыр қиял, жалған қиысын табуға жұмсайтын, әдебиетті содан туатын қоқыр-соқырлармен толтыратын сыңар езу теорияшыларды» өлтіре сынады.
Нағыз орыс ғылымының негізін салушы М.В.Ломоносовтан кейін де орыс ғылымы мен орыс мәдениеті, патша өкіметінің керенаулығына кедергісіне қарамай, үнемі ілгері дамумен болды. Көптеген тамаша ғылым кемеңгерлерін шығарды. Сеченовтың, Менделеевтін, Павловтың,
Маррдың, Мечниковтың, Тимирязевтің, Ковалевскийдің, Докучаевтің, Карпинскийдің, Вернадскийдің тағы басқа көптеген үлы орыс ғалымдарының аты ғылым дүниесіне әбден мәлім және ғасырлар бойы ұмытылмайды.
Орыс ғылымы, орыс мәдениеті өзінің бүкіл адам баласының көлеміне құлаш сермеген бостандық, тендік, туысқандық жөніндегі армандары мен бұрын патша өкіметі езіп келген халықтар арасында ағарту жұмысының зор әсер етті; ол халықтардың маңдай алды адамдарының Европа мәдениетінің қазынасына жетуіне көмек көрсетті. Бұған өз халқының 19 ғасырдағы демократ-ағартушылары қазақтың тұңғыш ғалымы ресейлік императорлық географиялық қоғамның мүшесі, терең білімді этнограф күн шығысты зерттеуші, саяхатшы, географияшы болған, Қашқарды, Тянь-Шаньның солтүстік етегін, қазақ халқының тарихын, тұрмыс-салтын зерттеп, жер жүзілік ғылымға көп қазына қосқан Шоқан Уәлиханов және қазақ әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақын, философ, демократ-ағартушы болған, қазақ арасында орыс мәдениетінің адамгершілік ойларын белсене насихаттаған Абай Құнанбаев айқын дәлел бола алады.
Біздің елдегі ғылым дамуының ұлы белесі Ресейде Социалистік Ұлы Октябрь революциясынан кейін, совет өкіметінің орнау кезі.
В.И. Лениннің данышпан нұсқауы бойынша, РСҚСР Халық Комиссарларының Советі 1918 жылы 12 сәуірде Ғылым академиясының құрылысы, жұмыс бағыты жөнінде қаулы шығарды. Бұл совет ғылымы үшін тарихи, қаулы болды.
ССР Одағы Ғылым академиясының жұмысында болған бұл ұлы өзгеріс оның ғылыми жұмысының қаулап өсуін де, ол жұмыстардың ғылымдық-тәжірибелік пайдалы болуын да қамтамасыз етті. Октябрь революциясынан бұрын Ғылым академиясының қол астында шын мәніндегі ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізетін бірде-бір институт жоқ еді, Академияда небәрі 200 шамалы кісі қызмет істеуші еді; қазір ССР Одағы Ғылым академиясы жер жүзіндегі ең ірі ғылыми мекеме болып отыр. Оның қол астында көптеген күрделі ғылыми-зерттеу институттары бар оларда мыңдаған ғылыми қызметкерлер істейді.
Советтер Одағы ғылымының маңызы өте-мөте Ұлы Отан соғысы жылдарында күшейді. Отан соғысы жылдарында совет ғалымдары елдің стратегиялық байлықтарын майданның қажетіне пайдалану, соғыс техникасының жаңа түрлерін ойлап шығару, ескісін ұстарту, өнеркәсіпті шығысқа көшіріп қондыру, оны жергілікті шикізаттармен жабдықтау жөніндегі күрделі ғылыми-зерттеу жұмыстарының басы-қасында болып дамытып отырды, басқаша айтқанда, совет халқынын майданның қару-жарақ, оқ-дәрі, азық-түлік, құрал-жабдық жөніндегі қажетін орындаудағы көптеген, сан алуан жұмысына белсене араласып, меңгеріп, басқарысты.
Совет интелгенциясының Ұлы Отан соғысы кезіндегі аяусыз отаншыл еңбегін Советтер Одағы халықтарының сүйікті көсемі Сталин жолдас жоғары бағалады, ол өзінің 1944 жылғы 6 қарашадағы тарихи баяндамасында совет интеллигенциясының соғыс жылдарындағы еңбегін жауды женуге жұмсалған баға жетпес қазына деп көрсетті. Советтер Одағында соғыс жағдайының қиыншылығына қарамай, ғылымның мейлінше өркендегенінің айқын белгісі соғыс жылдарында бірсыпыра одақтас республикаларда Ғылым академияларының кұрылуы болды.
Ғылымның мұндай кең өркендегенін Қазақстан өмірінде де көруге болады. ССР Одағы Ғылым академиясының Қазақ филиалы өзінің құрылысы, ғылым мекемелерінің саны жағынан бір кезде шағын ғана филиал еді, қазір республиканың күшті ғылым орталығына айналды. Оның қол астында 16 ғылыми-зерттеу институты, ондаған сектор, орын бар, оларда мыңға жуық қызметкер істейді. Қазақ филиалындағы жоғары дәрежелі білімі, мамандығы бар ғылым қызметкерлері қазір 500-ден асады. Оның ішінде 54 кісі ғылым докторы, профессор, 140-тан астам кісі ғылым кандидаты, доцент. Соңғы төрт жылдың ішінде Қазақ филиалындағы докторлар мен профессорлардың саны 7 есе артты, кандидаттар мен доценттердің саны 5 есе артты. Ал, қазақтың ғылым қызметкерлерінің саны соғыстан бұрынғыға қарағанда 7 есе артты.
ССР Одағы Ғылым академиясы Қазақ филиалының бұлай қарыштап өсуі, Ұлы Отан соғысы кезіндегі бүкіл Советтер Одағындағы ғылымның ерекше өсуіне байланысты. Совет ғылымының орталықта болсын, ұлт республикаларында болсын, екпінді түрде дамуы, әсіресе, ССР Одағы Ғылым академиясының Президенті, Социалистік Еңбек Ері, атағы жер жүзіне мәлім, ірі мемлекет қайраткері, Сталиндік ұлы дәуірдегі ғылым басшысының барлық өзгешеліктері бойында бар академик Владимир Леонтьевич Комаровтың тыңбай істеген қызметінің, аталық қамқорлығының арқасында болып отыр.
Совет елі Ғылым академиясының 220 жылдық мерекесін әбден қуаттылық кемеліне келіп, толыққан кезде өткізгелі отыр. Советтер Одағындағы ғылым мерекесі, алға үмтылған бүкіл адам баласының қас жауы ғылымды заңнан тыс деп жариялаған герман фашизмі біржолата, толық талқандалған кезде өткізілгелі отыр. Совет ғылымының ендігі жерде дамуына даңгыл жол ашылды. Бірсыпыра басты салада совет ғылымы осы күні-ақ жер жүзінде бірінші орын алып отыр. Совет ғылымынын жақын арада қай салада болсын, жер жүзінде бірінші орын алатынына шүбә жоқ. Совет ғылымына жол сілтейтін темір қазығы ленинизм; негізгі ұраны совет ғылымының кемеңгері, құрметті академик, Советтер Одағы халықтарының сүйікті көсемі ұлы Сталиннің тарихи нұсқауына сәйкес, теория мен тәжірибені ұштастырып отыру болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет