Академиялық жазу


Берілген үзінді қандай ғылыми стильге жатады?



бет29/39
Дата22.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#192845
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Байланысты:
Акад.жазу 2022

7. Берілген үзінді қандай ғылыми стильге жатады?
Физика – тәжірибелік ғылым: оның заңдары тәжірибе жүзінде дәлелденген, орныққан фактілерге негізделген. Физикалық заңдар сан жүзіндегі қатынастар болып табылады да, математикалық тілде тұжырымдалады Физика эксперименттік (ғылыми тәжірибелік) және теориялық физикаларға салаланған. Физика ғылыми зерттеу нысандары (объектілері) бойынша – қарапайым бөлшектер физикасына, ядролық физикаға, атомдар мен молекулалар физикасына, газдар мен сұйықтар физикасына, қатты денелер физикасына, плазма физикасына, т.б. салаларға ажыратылған. Зерттелетін үрдістер (процестер) немесе материяның қозғалысына байланысты физика – материалдық нүкте және қатты дене механикасы, тұтас орта механикасы, термодинамика және статистикалық механика, электрдинамика, тартылыс теориясы, кванттық механика және өрістің кванттық теориясына ажыратылған. Зерттеу мақсатына сәйкес қолданбалық (қолданбалы оптикаға) физикаға топталған.


Оқулық; Меншікті ғылыми жанр;



8. Мәтінге андатпа (аннотация) жазыңыз.
Физика (грекше «физис – табиғат») – материяның құрылысы мен қасиеттерін және оның қозғалыстарын, табиғат құбылыстарының қарапайым, сонымен қатар ең жалпылама заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Физика ұғымы мен оның заңдары – бүкіл табиғаттану ғылымдарының негізіне қаланған. Физика дәл ғылымдар саласы болып табылады, сондықтан табиғаттың санмен бейнелеуге болатын заңдылықтарын зерттейді. Физика ежелгі заман ғылымы болғандықтан, жалпылама табиғат құбылыстары туралы бүкіл ілімдерді қамтыды. Білімдер мен зерттеу әдістерінің саралануына байланысты жалпылама ғылымнан жекелеген ғылыми салалар ажыратылып бөліне бастаған, соның бірі физика ғылымы болды. Физиканы өзге табиғаттану ғылымдарынан ажыратып бөлетін шекара – шартты бөлініс болып табылады және уақыт өткен сайын соны идеялар мен теориялар туындап, неше алуан жаңалықтармен толысып дамытылатын ғылымдардың ең өзектілерінің бірі.


Физика (грекше «физис – табиғат») – материяның құрылысы мен қасиеттерін және оның қозғалыстарын, табиғат құбылыстарының қарапайым, сонымен қатар ең жалпылама заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Физика ұғымы мен оның заңдары – бүкіл табиғаттану ғылымдарының негізіне қаланған. Физика дәл ғылымдар саласы болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет