Академиялық жазу


Оқытушы мен студент арасындағы тақырып таңдау туралы диалогпен танысыңыз. Әңгімені қалай аяқтар едіңіз?



бет32/39
Дата22.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#192845
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
Акад.жазу 2022

12. Оқытушы мен студент арасындағы тақырып таңдау туралы диалогпен танысыңыз. Әңгімені қалай аяқтар едіңіз?
О: Қандай тақырыпты таңдадыңыз?
С: Университеттегі академиялық адалдық туралы жазғым келеді.
О: Неліктен осы тақырыпты таңдадыңыз?
С: Бақылау жұмыстары, емтихан кезінде тапсырманы өзі орындаған студент төмен, ал көшірген студент жоғары баға алып жататыны жасырын емес. Студенттердің барлығы академиялық адалдықты сақтау керек екенін біледі, бірақ бұл тәртіп жиі бұзылады. Неге?
О: Бұны білу сізге не үшін қажет?
С: Академиялық адалдық қағидатының сақталмауы нормаға айналып кете ме деп қорқамын, олай болса, студент оқу бітіргеннен кейінгі ересек өмірінде де осылай жасауы мүмкін ғой.
О: Сонда сіз мына сұрақтардың қайсысына жауап іздегіңіз келеді? Академиялық адалдық деген не? Академиялық адалдық қағидаттарын тиімді енгізудің жолдары қандай? Студенттердің академиялық адалдық қағидаттарын бұзуының себептері қандай
С: ..., себебі...

О: Қандай тақырыпты таңдадыңыз?С: Университеттегі академиялық адалдық туралы жазғым келеді.О: Неліктен осы тақырыпты таңдадыңыз?С: Бақылау жұмыстары, емтихан кезінде тапсырманы өзі орындаған студент төмен, ал көшірген студент жоғары баға алып жататыны жасырын емес. Студенттердің барлығы академиялық адалдықты сақтау керек екенін біледі, бірақ бұл тәртіп жиі бұзылады. Неге?О: Бұны білу сізге не үшін қажет?С: Академиялық адалдық қағидатының сақталмауы нормаға айналып кете ме деп қорқамын, олай болса, студент оқу бітіргеннен кейінгі ересек өмірінде де осылай жасауы мүмкін ғой.О: Сонда сіз мына сұрақтардың қайсысына жауап іздегіңіз келеді? Академиялық адалдық деген не? Академиялық адалдық қағидаттарын тиімді енгізудің жолдары қандай? Студенттердің академиялық адалдық қағидаттарын бұзуының себептері қандай

С: «Студенттердің академиялық адалдық қағидаттарын бұзуының себептері қандай?» деген сұраққа, себебі Академиялық адалдық қағидаларының нормалары мен қағидаттарының негізгі бұзушылықтары қарастыра аламын.
Мысалы:




  1. Плагиат:



  • бөтен адамның жұмысын немесе жұмысының үзінділерін авторды көрсетпей, өзінің атын жамылып әдейі пайдалану, оның ішінде алыс-берісті рәсімдемей, дереккөздермен жұмыс істеу кезінде “copy-paste” тәсілін пайдалану арқылы ауыстыру;



  • авторды көрсетпей, біреудің идеяларын өзіне тиісті етіп әдейі көрсету;



  • қабылданған ережелерге сәйкес мәтін арасында сілтемедердің, библиографияның, дәйексөздерді көрсетудің түріндегі дереккөздерге (мәтін, иллюстрация, фотосурет) сілтемелердің болмауы.



  1. Көшіріп жазу (емтиханда, Quiz-де, бақылау жұмысында):



  • емтиханда/бақылау жұмысында пайдалануға тыйым салынған материалдар мен заттарды (шпаргалкалар мен басқа да жазбалар, баспа көздері; телефондар, планшеттер, компьютерлер мен басқа да электронды құрылғылар) пайдалану және/немесе оларға қандай да бір қолжетімділікті қамтамасыз ету;



  • басқа жұмыстан көшіру;



  • ауызша сыбыр сөздерді пайдалану.



  1. Сөз байласу:



  • берілген жұмысты көшіріп жазу және жұмысты өз бетінше жасалған ретінде тапсыру, сонымен қатар жұмысты көшіруге рұқсат беру;



  • оқытушының рұқсатынсыз қандай да бір тәсілмен емтиханның/бақылау жұмысының нақты тапсырмалары туралы ақпаратты ұсыну;



  • ұжымдық алдаудың түрлі нысандары, кімді болса да сөз байласу арқылы ұжымдық түрде алдау.



  1. Бұрмалау:



  • мәліметтерді ойдан шығару және бұрмалау (шын мәнінде орындалмаған тәжірибенің, сауалнаманың, орындалған жұмыс туралы есептің, ақпарат көздерінің тізімдерін);



  • жалған құжат жасаудың түрлі нысандары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет