Академиялық мәселелер және жаңа


Пән бойынша бағаны қалыптастыру тәртібі



бет8/96
Дата01.01.2022
өлшемі158,23 Kb.
#107471
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   96
Байланысты:
«Ағылшын тілі» (А2)

3.4 Пән бойынша бағаны қалыптастыру тәртібі

Студенттің пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі емтиханға рұқсат беру рейтингінің бағасы мен емтихан бағасынан қалыптасатын қорытынды бағамен анықталады.

Рейтинг ағымдағы бақылаудың орташа бағасы мен шептік бақылаудың бағасынан қалыптасады. Ағымдағы бақылау практикалық (семинар) сабақтарын жүргізетін тьютормен жүзеге асырылады. Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы Р1 немесе Р2 өткізу сәтіне қарай студент алған барлық ағымдағы бағалардың орташа арифметикалық бағасы ретінде есептеледі.

Шепті бақылау 8-ші (Р1) немесе 15-ші (Р2) рейтингтік аптада осы уақытқа дейін өткен курс тақырыптарын қорытындылайтын коллоквиумдар, бақылау жұмыстар, тестілеу түрлерінде лектормен жүзеге асырылады.

Ағымдағы және шептік бақылаулардың Р1 және Р2-дегі мазмұны 50%-ға 50% деп саналады. Нәтижелер тұтас сандарға дейін дөңгелектенеді.

Қанағаттанарлықсыз Р1 мен Р2 немесе объективтік себептер бойынша олардың жоқ болуын студент емтихан сессиясының басталуына дейін тьютордың рұқсатымен жеке тәртіпте түзете алады.

Пән бойынша қорытынды баға 1 және 2 шептік бақылаулар бойынша үлгерушілігінің ең жоғары көрсеткіштерінің сомасы ретінде – 60% және қорытынды бақылаудың – 40% анықталады, бұл 100% құрайды, яғни қорытынды баға келесі формула бойынша шығарылады:



мұнда:

Р1- бірінші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны;




Р2- екінші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны;




Е - емтихан рейтинг бағасының пайыздық мазмұны.

Пән бойынша курстық жұмыс бар болған жағдайда оның бағасы орташа рейтингке қосылады – Рорт = (Р1+Р2+курстық жұмыс бойынша алынған балл)/3.

Жоғарыда келтірілген формула бойынша қорытынды бағаны дұрыс есептеу үшін білімгердің білімін шептік бақылауда (рейтингте) 0-ден 100%-ға дейінгі пайыздарда бағалау қажет.

Егер студент қорытынды бақылау (емтихан) бойынша FХ (25-49) «қанағаттанарлықсыз» деген бағаны алса, оқу пәні бойынша емтиханды қайта тапсыруға рұқсат беріледі, бірақ екі реттен көп емес.Емтиханда алған F (0-24) «қанағаттанарлықсыз» деген бағаны жақсы бағаға тапсыру жазғы семестрде ақылы негізде жүзеге асырылады. FХ (25-49) бағасын қайта тапсыруға өтінішін студент емтихан тапсыратын күні факультеттің деканатына береді.Қайта тапсыру кестеге сәйкес белгіленген күні жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет