Бақылау типі
|
Бақылау формасы
|
Бағалаудың негізгі өлшемдері **
|
Ағымдағы
|
Эссе
|
Теориялық материалды білу және түсіну, ақпараттарды талдау және бағалау, пайымдау, көлемі 3-4 мың сөз; бірегейлік (95%-дан кем емес)
|
|
Реферат
|
Мәтіннің бірегейлігі (80%-дан кем емес), әдебиеттер көздерін таңдаудың негізділігі, сұрақтың маңызын ашу дәрежесі, безендіруге қойылатын талаптарды сақтау; көлемі – 8-10 бет.
|
|
Баяндама
|
Мазмұндылығы, көрсетілетін материалды пайдалану, сұрақтарға қайтарылған жауаптардың сапасы, ғылыми және арнайы аппараттың болуы, қорытындылардың анықтығы; бірегейлік (80%-дан кем емес), 4-6 бет.
|
|
Проблемалық ахуалдық есептерді шешу
|
Міндеттердің маңызын түсіну, проблемаларды тұжырымдау; проблемаларды шешудің мүмкін тәсілдерін анықтау; шешімнің өзіндік нұсқасын дәлелдеу.
|
|
Мультимедиалық таныстырылым
|
Құрылымдылық, дербес компьютердің барлық мүмкіндіктерін пайдалану, дизайн, аудио және бейнефайлдар. Анимация, гиперсілтемелер, өз жұмысының нәтижелерін ауызша түрде аудиторияда жеткізіп айта білу; тақырып бойынша 6 слайдтан көп емес.
|
|
Кейсті талдау және шешу
|
Материалды баяндау логикасы, кәсіби терминологияны еркін меңгеру; өзіндік пайымдауларының негізділігі; теориялық сұрақтарға жауаптардың анықтығы, толықтығы, дұрыстығы; теорияның тәжірибемен байланысын ұйымдастыру
|
|
Глоссарий (сөздік)
|
Көлемі – бір тақырып бойынша кем дегенде 30 термин
|
Шептік
|
Коллоквиум
|
Шептік бақылау сұрақтарының тізбесінен 10 сұраққа блиц-жауап
|
Қорытынды
|
Емтихан
|
Ауызша
|