Пәнді оқыту міндеттері:
- сөйлеу әрекетінің негізгі түрлері: сөйлеу, есту (тыңдау), оқу және жазу дағдыларын жетілдіру;
- тұрмыстық, академиялық және кәсіби салаларда ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға қажетті лексикалық қорды меңгеру;
- кәсіби ақпарат алу мақсатында шет тілінде арнайы әдебиетпен өз бетінше жұмыс істей білуді қалыптастыру;
- ағылшын тілінде іскерлік қарым-қатынас этикасы және мәдениет негіздерін оқыту;
- оқытылатын тіл елдерінің ұлттық және мәдени ерекшеліктерімен танысу;
- студенттердің ой-өрісін кеңейту, олардың жалпы мәдениеті мен білім деңгейін, сондай-ақ ойлау, қарым-қатынас және сөйлеу мәдениетін арттыру, яғни шетел тілінің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |