3.5 Апелляция рәсімі
Студенттердің апелляцияға өтініштері емтихан тапсырған күні қабылданады. Факультеттің деканаты студенттің өтінішін қабылдап, осы өтініш бойынша «Лука» деректер базасынан пән бойынша орташа рейтингін енгізіп, апелляциялық ведомостін даярлайды. Студенттердің өтініштері апелляциялық ведомосттермен бірге Тіркеу бөліміне тапсырылады. Тіркеу бөлімінің қызметкері өтініштерді тіркеп, оларды апелляциялық комиссия қарау үшін кафедраға тапсырады. Кафедра комиссиясы өтініштерді 3 жұмыс күні ішінде қарайды. Апелляцияның нәтижелері апелляция комиссиясының мүшелерімен ведомості мен хаттамаға жазылып, Деректер Базасына нәтижелерді енгізу үшін Тіркеу бөліміне қайтарылады. Апелляция бойынша жабылған ведомостілер деканатқа қайтарылады.
4. Курс саясаты
1. Аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу және дәрістерде, семинар сабақтарда, СОӨЖ сұрақтарды талқылау.
2. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестелерін сақтау.
3. Бақылаудың барлық түрлеріне міндетті түрде қатысу (дәрістерге және семинар сабақтарға бақылау, СӨЖ тапсырмаларын орындауға бақылау, шептік бақылау, қорытынды бақылау).
4. Орынды себептер бойынша қатыспаған сабақтарға дайындалып, толық көлемде, силлабусқа сәйкес жауап беру (медициналық анықтама, деканаттың рұқсаты бойынша).
5. Студент Студенттің ар-намыс кодексін, оқу тәртібін сақтауға, сабақ кезінде ұялы телефонын өшіріп қоюға, сабаққа кешікпеуге және сабаққа іскер киімде келуге тиісті.
6. Бақылау кезінде (ағымдағы, шепті, аралық) көшіру және/немесе мобильдік байланыс құралдарын пайдалану фактілері орын алған жағдайда, бағалар жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |