Академиясы «ЖАҺандық ҚҰзыреттер» курсы бойынша педагогтерге арналған нұСҚаулық



бет36/82
Дата26.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#182463
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82
Байланысты:
Жаһандық құзыреттер 5-9 кл

«Кілт сөздер» ойыны
Сағат макетінде мұғалім тәулік уақытын «Таң», «Күн»,
«Кеш», «Түн» деп қояды. Білім алушылар тәуліктің осы уақытына сәйкес келетін сәлемдесу сөздерін атауға тиіс.
«Қайырлы таң», «Қайырлы күн», «Қайырлы кеш»,
«Қайырлы түн».




Ситуациялық жағдаяттарды шешу
Күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдайларда қарастырылады.
№ 1 жағдай

  • Демалыс күні Асқар ұстазын кездестірді, ол Асқар танымайтын бір әйелмен бір нәрсе туралы әңгімелесіп бара жатыр еді.

  • Сәлеметсіз бе, Баян Қанатқызы! - деп айқайлады Асқар. Мұғалім Асқардың сәлемдесуіне жауап берді, бірақ оған суық қарады.

  • Балалар, неге олай қарады деп ойлайсыңдар?

  • Бейтаныс адамдармен амандасу керек пе? Жауап. Тек мұғалімімен ғана емес, екеуімен де амандасуыкерек еді.

№ 2 жағдай

  • Абай автобустың соңы жағында, шығуға дайындалып есікке жақын тұрған еді. Кенеттен ол автобустың бас жағында бірінші есікке таяу тұрған таныс баласын көріп қалды.







- Серік, Сәлем! - Абай бар даусымен айқайлады. - Сен қайда жоғалып кеттің? Қал қалай?.. - жолаушылар абдырап иықтарын көтерді.
Абайдың қателігі неде? Ол досымен әдепсіз амандасты ма?
Жауап. Абай бүкіл автобусқа айқайламауы керек еді. Көпшілік ортасында тұрғанда, алыс жерде тұрған танысыңызды көргенде жай ғана басыңызды изеп, күлімсірегеніңіз дұрыс.




«Сәлеметсіз бе» сөзінің маңызы бар. Біз бұл сөзде қандай жасырын мағына бар екендігі туралы ойланбастан, әдетке айналған соң айтамыз. Бұл адамға жағымды әсер етеді, күні бойы қуат береді.
Бұл сөзді айта отырып, сіз:

  • сыпайы, әдепті.

  • айналаңыздағы барлық адамдарға денсаулық тілеуші.

  • адамдарға мейірімді екеніңізді көрсетесіз. Сәлемдесу арқылы сіз:

  • оң энергиямен зарядталасыз.

«Сәлеметсіз бе!» - біз бір-бірімізге күн сайын күлімсіреп, кездескенімізге қуанышты екендігімізді білдіреміз. «Сәлеметсіз бе» деген сөзбен біз бір-бірімізге амандық, денсаулық, қуаныш, бақыт тілейміз.




Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта нені талқыладық?

  • Қандай жаңа терминдермен таныстыңыздар? Бүгін сабақта сіздер:

  • мінез-құлық және басқаларға құрметпен қарау ережелерімен таныстыңыздар;

  • жаңа сөздердің мағынасын білдіңіздер;

  • үлкендермен, бір-бірімен амандасуды, басқаларға құрмет көрсетуді үйрендіңіздер.




Сәлемдесуді ұмытпаңыз, адамдарға қуаныш, жылулық пен күлкі сыйлаңыз, сонда әлем мейірімді болады!
Сәлемдесу одан әрі қарым-қатынас орнатуда, отбасында, сыныптастарының арасында, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасауда үлкен рөл атқарады





Бөлім

ЭТИКА ЖӘНЕ ӘДЕП

Бөлім тақырыбы

Дастархан басындағы әдеп. Дастархан әзірлеу




Ресурстар

Сабақтың басталуы

Балалар, бүгін біз қызықты тақырыпты талқылаймыз.
Сіздерге ұсынылған иллюстрациялар бойынша не туралы сөйлесетінімізді байқап көрейікші.




Барысы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет