Академиясы «ЖАҺандық ҚҰзыреттер» курсы бойынша педагогтерге арналған нұСҚаулық


«ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТЕР» КУРСЫ БОЙЫНША



бет35/82
Дата26.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#182463
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82
Байланысты:
Жаһандық құзыреттер 5-9 кл

3. «ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТЕР» КУРСЫ БОЙЫНША


5-9 СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАРДЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
«ЭТИКА ЖӘНЕ ӘДЕП» БӨЛІМІ


5 СЫНЫП



Бөлім Тақырып Кезеңдер
ЭТИКА ЖӘНЕ ӘДЕП
Барлығы сәлемдесуден басталады
Ресурстар

Сабақтың басталуы

Барысы
Сәлемдесу


Сәлеметсіздер ме, қымбатты достар! Мен сіздерді «Бәрі сәлемдесуден басталады» сабағында қарсы алғаныма қуаныштымын
Мультфильмнен үзінді көру
Бүгін сабақта не талқыланады деп ойлайсыздар? Бүгінгі сабақта:

  • сөйлеу этикетінің ережелерімен, қарым-қатынас және сәлемдесу ережелерімен танысасыздар;

  • бір-біріне мейірімді болу қаншалықты маңызды екенін білесіздер;

  • сіздер өздеріңізді дұрыс ұстауды, дұрыс қарым-қатынас жасауды, сыпайы болуды үйренесіздер

Сәлеметсіз бе! Мейірімді сөз Күнделікті сәлемдесуде,
«Сәлеметсіз бе!» - Денсаулығыңыз мықты болсын, Ғұмырлы болыңыз.
«Ата-бабадан қалған ілтипат отбасының негізі» Сәлемдесу- ежелгі заманнан бері келе жатқан әдет, біз оны күнделікті өмірде жиі кездестіреміз. Біз сәлемдесу сөздерін күн сайын айтамыз. Кез келген әңгіме сәлемдесуден басталады.
Сіз асығыс болсаңыз да, көшеде кездескен болсаңыз да, кездесу кездейсоқ болса да, сәлемдесуді ұмытпайсыз.
Ер адам-әйелге; кіші – жасы үлкенге; бөлмеге кірген кісі –
іштегілерге сәлемдеседі.
https://yandex.kz/ video/preview/20 67052323290825
8
https://www.yout ube.com/watch?v
=IZ6sjXMATEQ


«Сәлеметсіз бе», «Қайырлы күн», «Сәлем», «Біз сізді көргенімізге қуаныштымыз» - бұл сәлемдесулерді біз өмірімізде жиі естиміз.
Сәлемдесу дегеніміз – бір-біріне денсаулық, жақсылық, бейбітшілік, сәттілік пен амандық тілеу.
Әлемнің барлық елдерінде адамдар кездескен кезде бір- бірімен амандасады, осы арқылы бір-біріне жанашырлық пен ізгі ниет білдіреді. Бірақ әр халықта сәлемдесу түрлері әртүрлі болады. «Қалай сәлемдесесің, мен сенің қайдан келгеніңді болжаймын» деп бекер айтпайды. Біз бүкіл әлемнің барлық тұрғындарының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қараймыз.
Сәлемдесу ұлттық сипаттағы ерекшеліктерді, халықтың тарихын, олардың өміріндегі ең маңызды нәрсені көрсетеді.
Сіз әртүрлі жастағы адамдармен амандасуды, қалай


https://youtube/i2 7eeC6wvZQ
( 00 –1.48 минут)




қарсы алу керектігін білесіз бе?
Әр халықтың өзіндік ерекшеліктері бар.
Қазақ халқы сәлемдесуге ерекше көңіл бөледі (Сәлем беру).
Қазақтарда негізінен қонақтарды қарсы алу мен шығарып салуда Орталық азия, шығыс елдерінде қалыптасқан дәстүрінен айтарлықтай өзгешелік жоқ. Егде жастағы, орта жастағы және одан жасырақ ер адамдармен кездескендегі сәлемдесу – «ассалаумағалейкум!» (арабшадан аударғанда
«Сізге тыныштық тілеймін!») деп айтылады.
Топ болып тұрған адамдармен кездескенде, олардың барлығына бірден синхронды түрде сәлемдеседі, әр қайсысымен жеке-жеке қол алысып та амандасады.
Үй иесі қонақтармен сәлемдескенде иіліп, қол қимылымен ізет көрсетеді. Қол алысу кезінде алдымен жасы кіші оң қолының алақанын үлкенге, балалар немесе жастар ересектерге созады.
Көбінесе жастар мен ішінара орта буын адамдары, жастары шамалас ерлер мен әйелдер бір-біріне жай ғана
«Сәлем!» деп те амандасады. Мұндайда көп жағдайда сөзбен бірге қол алысып амандасу қатар жүреді.
Негізінен мынадай сөздермен сәлемдесу кеңінен таралған: «Сәлем бердік!», «Сәлеметсіз бе?» («Сіздерге тағзым!»). Күндіз шақырылған жерге барғанда: «Қайырлы күн», ал кешке – «Қайырлы кеш!» деп айтады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет