Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет72/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

 
құрайды: 
Нөлдік
 
немесе 
вербалды-семантикалық деңгей
– тіл ұстанушының 
табиғи тілді қалыпты (жалпы жақсы) меңгеруіне сәйкес келеді, ал зерттеуші 
үшін белгілі бір лексикалық және грамматикалық мағыналарды білдірудің 
формалық құралдарын дәстүрлі сипаттауды білдіреді;
Бірінші
 
немесе 
лингвокогнитивтік
деңгейді
ұғымдар, концептілер, 
идеялар сияқты бірліктер құрайды. Ол бірліктер әрбір тілдік даралық 
(индивидуальность) үшін белгілі бір дәрежеде реттелген, жүйелі «ғалам 
бейнесін» құрайды, ол бейне құндылықтардың иерархиясын (сатылы 
байланысын) бейнелеп көрсетеді. тілдік тұлға құрылымындағы және оны 
талдаудағы когнитивтік деңгей 
мағынаны
 
кеңейтіп, 
білімдерге
 
өтуді қажет 
етеді; яғни тұлғаның интеллектуалдық аясын қамтиды, бұл зерттеушіге тіл 


101 
арқылы, сөйлеу және түсінілім процестері арқылы адамның біліміне, санасына, 
таным процестеріне шығуға мүмкіндік береді; 
Екінші,
прагматикалық деңгей
тұлғаның мақсаттарын, уәждерін, 
мүдделерін, өмірлік ұстанымдары мен мұраттарын (интенционалдылық) 
(мұраттарын) қамтиды. Тілдік тұлғаны талдауда бұл деңгей оның сөйлеу 
әрекетін бағалаудан болмыстың қызметін түсінуге заңды және шартты түрде 
өтуді қамтамасыз етеді. 
Адамның сөйлеу әрекеті барысында пайдаланған әрбір сөз қолданысының 
мәнін
толық және дұрыс түсіну үшін, оның 
адами болмысын
айқындай түсу 
үшін тілдік деректерді ғана қамту аздық етеді. Бұл жерде зерттеуші когнитивтік 
психология пәніне жүгінуі тиіс. Өйткені когнитивтік психология мен 
лингвистиканың арасында заңды байланыс бар. Адам санасының тереңінде 
болып жататын психикалық процестерді сырттай көру мүмкін емес. Оларды 
сана тереңінен шығарып алу үшін 
тілдік
бірліктер /
жасалымдар/
түріндегі 
құрылымдар пайдаланылады. Сондықтан да тіл когнитологтардың басты 
назарында болады. Өйткені тіл – ойды құрастыру мен жеткізудің басты құралы. 
Осыдан келіп, егер тілді когнитивтік (терең астырт) құрылымдарды 
репрезентациялайтын үстірт құрылымдар көзі ретінде қарастырсақ, онда 
когнитивтік (терең астырт) құрылымдарды тану үшін бізге анағұрлым жақын 
тұрған, түсінікті болатын тілдік құрылымдарды пайдаланғанымыз жөн. Бұл 
үшін ақпаратты кодтаудың екі формасына (когнитивтік және тілдік) 
тоқталуымыз керек. Ғалымдардың пікірінше, бұл екеуі бір емес, білімді 
түсінудің (елестетудің, ұғынудың) әр түрлі пропозиционалды, екі түрі, бірақ 
олар органикалық жағынан өзара байланысты. Демек, сөздер өзара 
ассоциациялануы үшін, оларға сәйкес болатын ұғымдар жадта кодталған 
пропозицияларға енген
болуы тиіс. 
Пропозициялар
дегеніміз – ойлаудың тұтас субъектілік-предикаттық 
құрылымдары. Олар кейбір ситуациялар мен олардың элементтерінің 
конфигурациясын 
бейнелеп 
көрсетеді. 
Ю.Н. Карауловтың 
айтуынша, 
стереотипті 
ситуациялар 
(фреймдер) 
мен 
пропозициялардың 
өзара 
байланыстылығы «пропозиционалды құрылымның барлық менталдық 
процестерге тән элемент ретіндегі әмбебаптығынан» туындайды және көрінеді 
[1, 194 б.]. 
Пропозиционалды құрылымдар
– барлық менталдық процестерге тән 
әмбебап элементтер болып табылады. Адамның жады – өзара қиылысып 
жататын пропозиционалды ағаштар түріндегі аса ауқымды желі (сеть) деуге 
болады. Осы пропозиционалды желідегі әрбір түйінде бір концепт болады. 
Концептіні вербалдайтын тілдік таңбалар да осындай түйінмен байланысты 
болады. Ол тілдік таңбалар адамның лексиконында белгілі бір позицияларды 
иемденеді. Сондықтан да табиғи тіл таңбаларының жүйесі арқылы адамның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет