Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет74/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

Әуезелеуші
айтатын сөзіне өзін 
қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда болған істі әңгіме қылады. Ескерту: 
тысқарғы ғалам деудің мәнісі адамда екі ғалам болады – ішкі ғалам, тысқы 
ғалам. Ақыл, көңіл, қиял сияқты адамның рухына қараған жағы – ішкі ғалам 
болады да, онан басқалары – басқа адамдар, мақұлықтар, нәрселер, бүтін 
дүние тысқы ғалам болады. Әуезе тысқы ғалам турасындағы сөз. Ақын әуезе 
түрінде сөйлегенде, уақиғаның ішінде өзі болып, басынан кешірген адамша 
сөйлемей, тек біреуден естіген адамша айтады. Уақиғаны бұлайша түрде 
айтып көрсету – тысқарғы түрде айту болады»
[134, 103 б.] – деп,
А. Байтұрсынұлы қазіргі тіліміздегі ешқандай кейіпкер кейпінде келмейтін 
баяншы бейнесін 
әуезелеуші
деп атап, оның ерекшеліктерін толық әрі түсінікті 
сипаттаған. Ал 
«толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан 
алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін, мұңын, 
мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды. 
Екінші, ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, 
басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру 
мақсатпен толғайды. Толғау қысқасынан айтқанда, іш қазандай қайнаған 
уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның 
тартатын күйі. Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, 
басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуда. Әуезе – тысқарғы 
ғаламның жыры, толғау – ішкергі ғаламның күйі деп екі айырғанымызбен, екі 
ғаламның ісінің арасында зор іліктік бар»
[134, 103 б.] деп толғаушы мен 
әуезелеушінің өзіне тән ерекшеліктері мен байланыстарын халыққа түсінікті, 
санамызға жақын тілмен жеткізген. 
Расымен, адамның ішкі толғасы, жай-күйі, көңіл-қошы, тебіренісі, аты 
айтып тұрғандай, 
толғау 
болып келсе, өмірде болып жатқан түрлі оқиғалар мен 
жағдайларды тыңдарманға (оқырманға) жеткізуді 
әуезе
деп атайды. Тілімізге 
еніп бара жатқан «адресант», «нарратор», «бенефицарий», «скриптор» сынды 
кірме сөздерді ысырып, ғалымның 
әуезелеуші, толғаушы
терминдерін 
қолдансақ, ұлттық тіліміздің құлашын кеңейте түсер едік.
Бүгінгі күні қазақ тіл білімінде ақын-жазушылардың тілін зерттеулеріне 
нысан етіп, автор бейнесін тілдік тұрғыда жан-жақты қарастырып жүрген 
ғалымдардың бірі – Р.Сыздық. Р.Сыздық 
«автор образын көркем шығарманың 


105 
мағыналық-стильдік діңгегіне теңеп, оны анықтау сол шығарманы 
стилистика тұрғысынан талдау»
деп көрсетеді. Ғалымның өз сөзімен айтар 
болсақ, 
«автор образын» шығарманың баяндау стилінен, диалогтар мен 
монологтерді беру үлгісінен, экспрессивтік-стильдік элементтерінен тануға 
болады. Қысқасы, «автор образы» – лингвостилистикалық проблема. Көркем 
шығарма құрылымы жағынан баяндау (автор сөзі) және диалогтер 
(кейіпкерлер сөзі) болып бөлінеді. Сондықтан көркем шығармада баяндаудың 
авторлық нормаларын айқындап алу қажеттілігі туады» 
[60]
.
Көріп отырғанымыздай, көркем шығармадағы автор бейнесін ашу арқылы 
біз туындының шынайы, ешқандай қиял мен экспрессия қосылмаған шығарма 
авторының бейнесін ашуға мүмкіндік аламыз. Яғни мәтінде автор бейнесі 
туынды авторының рухани әлемін, аялық білімі мен ой өрісін тануға жол 
ашады. Осы автордың дүниетанымы жөнінде ғалым Ж. Манкеева былай дейді: 
«Көркем мәтінді танымдық тұрғыда зерттеу барысы жеке тілдік тұлғаның 
ойы, қиялы, болжамы, ғалам жөніндегі өзінің біртұтас тұжырымы мен 
білімін дәйектеп, автордың жеке тәжірибесі мен таным үрдісі негізінде 
қалыптасатын өзіндік тілі мен даралығын идиостиль (жеке стиль) ұғымы 
ретінде анықтайды. Соған сәйкес жеке тілдік тұлғаның көркем мәтіндік тілі 
ұлттық болмыс пен автордың тарихи-мәдени тәжірибесімен толықтырылған 
шығармашылық нәтижесі» 
[135, 104 б.]. Осы мәселеге қатысты көкейдегінің 
барлығын қамтыған ғалымның тілдік тұлғаға қатысты ой-тұжырымдарынан 
автордың тарихи-мәдени тәжірибесі, қоршаған ортаға қатысты көзқарасы 
нәтижесінде мазмұнды көркем туынды болатынын түсінуге болады. Осы 
пікірдегі «тарихи-мәдени тәжірибесі» ұғымының астарында не тұр? Қазіргі 
таңда, атап көрсетілгеніндей, адамның қоршаған ортасына, тарихы мен 
мәдениетіне қатысты білімін бір сөзбен «аялық білім» деп атап жүр. Осы аялық 
білімнің кең немесе тар болуына байланысты көркем шығарма мазмұны ұлттық 
сипатқа ие болады. Ғалым Н. Уәли диалогтің сәтті немесе сәтсіз шығуына 
коммуниканттардың 
әлеуметтік-стереотиптік 
ерекшеліктері, 
коммуниканттардың 
аялық 
білімі, 
коммуниканттардың 
құзыретіндегі 
жақындық, я болмаса алшақтық, коммуниканттардың жыныс, жас, тұлғалық 
ерекшеліктеріне байланысты жайттарды ескеру-ескермеуі әсер етеді деп 
есептейді [33, 46 б.].
Тіл білімінде О.С.Ахманова мен И.В. Гюббенет «аялық білім» жүйесінің 
әлеуметтік-мәдени ақпарат
және 
тарихи-филологиялық ақпарат
деген екі 
ұғымын ажыратып көрсетеді [5]. Ал В.Г. Костомаров пен Е.М. Верешагин 
сынды тіл мен мәдениет байланысын зерттеушілер тілдік жүйе және аялық 
білім жүйесін тұтас қарастыратын «рационалистік тіл» теориясын ғылымға 
ұсынады. Әрбір адамның санасында айналасындағы болып жатқан құбылыстар 
мен жайттарға байланысты білім қоры болады, тілімізде жылдар бойы 
жинақталған білімді тұспалдап жеткізу үдерістері де бар. Оны жеткізу 
автордың аялық біліміне байланысты. Сол білімді қабылдаушы тыңдарманның 
да аялық білімі соған сай болмаса да, жуық болғаны дұрыс. Тілдік 
коммуникациядағы аялық білімнің жүйесін зерттеген Х. Ордабекова 
көрсеткендей, тілдік қарым-қатынас барысындағы «
аялық білім жүйесі – 


106 
индивидтің материалдық және рухани құндылықтарды меңгеру нәтижесі
» 
[127, 74 б.]. Ал автордың рухани әлемін, оның ішінде өзіндік танымын, ішкі 
болмысын, дүниеге деген көзқарасын, бір сөзбен айтқанда аялық білімін тану 
үшін ең алдымен көркем мәтіндегі автор бейнесін тану қажет.
Лингвистикада «аялық білім» туралы алғашқы ойлар Е.М. Верещагин мен 
В.Г. Костомаровтың «Тіл және мәдениет» атты кітабында «лексикалық фон» 
термині арқылы түсіндірілген болатын. Ғалымдар бұл ұғымды өзге тілдегі 
мәтінді түсіну барысында қолданды. Авторлар болмыстағы заттар мен 
құбылыстардың, яғни денотаттың мәнді белгілері мен қасиеттерін 
семантикалық үлес
(семантические доли) деген терминмен атайды. Қарым-
қатынас барысында өзге ұлт өкіліне денотат туралы бір-екі семантикалық үлес 
белгілі болса, ана тілінде сөйлеп тұрған коммуникант оның бірнеше 
семантикалық белгісін білуі мүмкін екендігімен түсіндіреді. Еңбекте 
келтірілген тұжырымдар сөздің уәжділігімен (мотивировка) тікелей 
байланыстырылады және белгілі бір сөздің уәжі көп жағдайда ана тілінде 
сөйлеушіге (носитель языка) ғана айқын белгілі болады деген ойды негіздейді. 
Бұл – сол сөздің лексикалық аясы. Е.М. Верещагин лексикалық фонға мынадай 
анықтама береді: «Лексикалық ая – адамның тіл арқылы жанама қызметіне 
қатыспайтын сөз мазмұнының құрамдас бөліктері» [136]. Яғни лексикалық фон 
дегеніміз сөзге қатысты әдеттегі тілдік санаға тән мәліметтердің барлық 
жиынтығы. Верещагин мен Костомаров тұжырымдамасы бойынша әр сөздің 
айналасында оған қатысты барлық ақпараттың тұтас кешені қалыптасады, ол 
адамның ойында бірден пайда болмайды, бірақ уақыт өткен сайын ассоциация 
үдерісінің арқасында жоспарсыз және саналы түрде іске асады.
Аталған зерттеушілердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет