115
Д. Исабеков өз шығармаларында кеңес кезінде белгілі бір саяси-
идеологиялық себептермен қазақы салт-дәстүрлердің
ұмыт бола бастағанын,
адамдардың қазақы атаулардан қашқақтап, орыс немесе шет тілдерден ауысып
келген кірме есімдерге құштар болуы «сәнге айналғанын» анық көрсетеді.
Мысалы, қалада тұратын немесе ауылдық жерде тұрса да, орысша оқыған
кісілердің басым бөлігі өздерінің қазақша қойылған есімдерін орысшаға
бұрмалап, өзгертіп алатыны жиі кездескен жайт. Мұны 1960-70 жылдары
туылған Күлбағданың – Катя, Тамараның – Тома, Сәуленің – Света,
Қалибек
пен Камалханның – Коля, Сауытбек пен Сәкеннің – Сашка, Амангелдінің –
Алеша, Сапаркүлдің – Соня болып кетуінен де көреміз. Мұндай мысалдарды
әрқайсымыздың таныстарымыздан немесе туыстарымыздың арасынан табуға
болады. Тіпті қазақ ауылдарында жаңа туған баласына орыс есімдерін немесе
шет тілдерден енген есімдерді қою жиі кездескен. Есімі байырғы қазақ
лексикалық қорынан алынған кейбір адамдар өз атын айтуға арланатындай
халге жеткені жасырын емес. Осылайша экстралингвистикалық
факторлардың
теріс ықпалымен қоғамдық сананың мәңгүрттену үрдісін бейнелейтін тамаша
мысалды
Д. Исабековтың
«Бонапарттың
үйленуі»
атты
әңгімесінен
кездестіреміз.
Бас кейіпкердің атын да жоғарыда айтылған «қазақша есімнен жеріну»
үрдісінің тілдегі бір көрінісі ретінде санауға болады. Француздың «ұлы
қолбасшысының» атын иемденген қазақ баласын ата-анасы кішкентай кезінде
сүндетке отырғызуды «ұмытып кетеді». Ер жетіп, сүйген қызын жолықтырып,
үйленуге бел байлаған жігіттің «әлі күнге мұсылман болмағаны» есіне түскенде
бұл оқиға күллі жұрттың аузындағы «өзекті тақырыбына» айналады... Бүкіл
елде байғұс бозбалаға күлмеген адам қалмайды...
Қазақта әке-шешенің ең басты парызының бірі саналатын «сүндетке
отырғызуды» ұмытуға бола ма?! Әлбетте, жоқ! Бұл жерде жазушы сол тоқырау
жылдарында орын алған «мода» ұғымының, оған
жөнді-жөнсіз еліктеудің
салдары қандай болатынын астарлап, имплицитті түрде жеткізіп отыр.
«Моданың отаны» саналатын Франция жұртына жөн-жосықсыз еліктеу
нәтижесінде қойылған баланың есімі оның тағдырына да теріс әсерін тигізіп
үлгереді... Мәселенің түпкі мәніне үңілсек, бір қарағанда ешқандай зияны жоқ
мұндай «сәнді есімнің» салдары кейін шығатыны аңғарылады. Бұл
шындап
келгенде, бұрынғы қазақ айтатын «қағынан жерінудің» бір көрінісі, яғни
«біреудің қаңсығын таңсық көру» түптің түбінде өзінің тарихи тамырынан
ажырауға әкелетін, таратып айтар болсақ, ұлттық болмысын жоғалтуға апарып
соғатын көзсіздік, түйсіксіздік екен.
Шет
елдіктерге еліктеп, алдыңғы қатарлы, озық ойлы болып көріну –
адамның өзіндік «Менін» жоғалтуға бастайтын алғашқы қадам. Оның ар
жағында өзін өзгелерден кем санау, қорыну, өзіндік бағасының төмендігі
сияқты бірқатар әлеуметтік психологиялық факторлар бой көрсетеді. Бұл –
ұлттық болмысқа, этникалық
сарасанаға қауіп төндіретін, зиянды жайт.
Қаламгер осындай күрделі, саяси астары бар өзекті мәселелерді импликация
тәсілімен, яғни әңгіме кейіпкеріне француз есімін қою арқылы меңзеген.
116
Егер француз халқының өкілдері осы есімді (Бонапарт) өз баласына қойса,
бұл олардың шексіз патриоттық сезімінің көрінісі ретінде бағаланар еді. Мұны
қазіргі кезде қандастарымыздың жаңа туған сәбиіне
Достарыңызбен бөлісу: