Аккузова айнур абдыжалиловна


бозаң  бар ма? – Мырзалар-ау, менде боза қайдан болсын. Қазір серігім  айран



Pdf көрінісі
бет60/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

бозаң
 бар ма?
– Мырзалар-ау, менде боза қайдан болсын. Қазір серігім 
айран
 әкелер.
– 
Айран
? Ах-ха-ха-ха! Айран дейді! («Сүйекші»). 
Повестен алынған үзіндіде қарапайым құдық қазушы жігіт пен бай 
балаларының арасындағы әңгіме көрініс тапқан. Оқырман бұл диалогтан боза 
сұрап тұрғандардың бай баласы екенін, ал оның жоқтығын, айран ғана бере 
алатындығын айтқан адамның қарапайым шаруа адамы екенін түсінеді. Себебі 
автор әр тілдік бірлікті орнымен жұмсай білген. 
Боза
– тары, бидай сияқты 
дәнді дақылдар қосылып ашытылған сусын болса, ал 
айран
– қой, сиыр сүтінің 
ұйытылған түрі. Ол заманда күнін әрең көріп отырған қара қазақтың үйінен 
көже мен айран табылса да, қымыз, боза сияқты сусындарды көбіне-көп 
қолында мыңғырған малы бар бай-дөкейлер ішкен болуы керек. Кей деректерде 
бозаны ішімдіктің бір түрі деп те береді. Жазушы танымында боза – байлыққа 
мас болып, есірген бай балаларының немесе желпінген жас жігіттердің ішетін 
сусыны: 

Жігіттерге 
боза
құйыңдар

деді заманға өкпелі шал осы үйдің 
қожасындай өктем үнмен.
Үш түн көрген салқын 
бозаға 
толы тостақ ішем деушілерді екі-үш 
қайтара аралап шыққанда жігіттер аяқтарын көсіліп, желпініп қалды. 
Жұртқа 
боза 
құйып, өзі қазан үсті ожаумен ішіп отырған манағы жігіт әп-
сәттің ішінде қайта еліріп шыға келді («Тіршілік»).
Ұлттық сусындардың әлеуметтік мәні туралы Г. Мұратова Абай 
поэзиясындағы «қымыз» концептісінің автор танымындағы бейнесін былайша 
саралайды: «
Қымыз
– әлеуметтік жіктелістің символы: 1) Қымыз – байлық, 
өйткені қолында қымызы бар мен қымызы жоқтар қоғамдағы таптық бөлініске 
негіз болады. Қымызы бар қымызы жоқты өзіне тәуелді етеді. Автордың 
айтпағы – осы: «Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген
Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа».
2) Қымыз – байлықтың бағасын арттырушы құрал.
«Осы қымыз қазаққа 
Мақтаның ба, асың ба? 
Мақтанға бола жиям деп,
Жылқы үшін жұртқа бас ұрма» [121, 36 б.].
Қазақ қолында болса ас та төк молшылықтан, кең дастарқанынан ешқашан 
айныған емес, ал ел басына күн тауып, аумалы-төкпелі заман болған кездердің 
қиыншылығы да сол үйдің дастарқанынан көрінеді. 
Бұрын, ел тоқшылық кезде 
лажы болса ақша, яки бүтін киім сұрап, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет