43
сол шығарма жазылған кезеңдегі сыртқы факторлардың оған тигізген ықпалын,
мәтіннің тілдік, әдеби, тарихи және мәдени мұра ретіндегі маңызын айқындауға
бағытталатын дереккөзтанымдық талдаумен тығыз байланысты екенін көреміз.
Көркем мәтінді зерттеуде лингвистикалық және дереккөзтану аспектілерін
ұштастыру ғылыми айналымға түсіндірме берудің жаңаша бір түрі ретінде
лингвотарихи және лингвомәдени, діни-мифологиялық, философиялық
түсіндірмелер сияқты зерделеу тәсілін енгізуге мүмкіндік береді.
Алайда
аталмыш түсіндірмелердің барлығы түптеп келгенде мәтінде қолданылған
лексемалардың семантикалық құрылымына, өзге тілдік бірліктермен
байланысын көрсететін семантикалық қатынастарына, ортақ архисема негізінде
түзілетін лексика-семантикалық топтарға енетін басқа сөздермен байланысына,
жалпы мәтінде олар атқаратын семантикалық қызметтерге, сондай-ақ барлық
тілдік бірліктердің
бірігуіне ұйытқы болып, оларды бір өзек маңына
шоғырландыратын семантикалық өріс мәселесіне табан тірейді. Сондықтан тіл
ұстанушы үшін көркем туындыға лингвотарихи түсіндірмелер беру ісінің
қажеттілігі сөзсіз. Мұнда көркем мәтін авторының шығарманы жазу барысында
алға қойған мақсаты, өз діттемін жеткізудегі прагматикалық ұстанымынан
бастап, оның ішкі көркемдік-тілдік әлемін айшықтайтын бейнелі сөз
оралымдарына
баса назар аудару, сондай-ақ мәтінде көрініс тапқан сол тілдік
құралдардың шығармашылық тұлғаның концептуалды әлемін де танытатын
маңызды деректер екендігін ескерген жөн.
Көркем шығарма әдеби тіл қолданысының фактісі болғандықтан, тілде
болып жатқан барлық өзгерістерді қамтып отырады. Көркем мәтіндегі сөздер,
басқа да тілдік тұлғалар мен тілдік категориялар
қазіргі әдеби тілде жоқ, күні
өткен ескі не әлі ене қоймаған жаңа құбылыс болуы мүмкін. Сондықтан көркем
мәтін басқа да мәтін түрлерімен бірлікте (ғылыми, публистикалық, ресми)
әдеби тілдің даму заңдылықтарын анықтауға объект болатын тілдік дерек
ретінде де қарастырылады.
Көркем әдебиет мәтіні әдеби тілде жазылса да, көркем шығарма тілі мен
әдеби тіл арасында принципті ерекшеліктер бар. Олардың ең бастысы
әрқайсысының атқаратын қызметін туындайды.
Әдеби тіл коммуникативтік
қызмет атқарып, адамдардың күнделікті қарым-қатынас жасауының құралы
болса, көркем шығарма құрылымына түскенде ол басқа қырынан көрінеді.
Өзінің бейнелі құралдары арқылы оқырманның сезіміне әсер етіп отырып, ол
эстетикалық, көркемдік қызметте жұмсалады. Соған сәйкес әдеби тіл нормасы
мен көркем әдебиет тілі нормасы арасында да, ерекшелік болады. Әдеби тілде
нормаға жатпайтын тілдік факті өнер туындысында жазушының алдына қойған
мақсатына сай келіп, эстетикалық қызмет атқарып тұруы мумкін. Д.Исабеков
шығармаларында мұндай қолданыстар өте көп. Сондықтан жазушы тілін
зерттеу бүгінде аса өзекті болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: