амандасу
сөзінің «қоштасу» мағынасында да жұмсалатынын автор
эпостық, лиро-эпостық жырлар арқылы дәлелдеп көрсетеді. Бұл еңбек
этимологиялық, уәждемелік, мәтіндік талдаулардың басын біріктіретін кешенді
зерттеу десек те болады.
Жоғарыда аталған еңбектердің қай-қайсысы да бүгінде антропоөзектік
парадигма негізінде қалыптасып келе жатқан лингвоэкология (тіл мәдениеті)
саласын дамытудың негізі болып табылады. Адам мен тіл тұтастығын зерттеуде
лингвоэкология саласының алатын орны ерекше. Себебі тіл бүтіндей бір өзі
өміршеңдігін сақтап қала алмайды. Оны сақтауда, әрине, көптеген тіл саласы
қатар жұмыс жасайды. Сондай саланың бірі
лингвоэкология саласы. Бұл сала
тілдің қалыптасу заманынан бастап, бүгінге дейінгі қалыптасып келе жатқан тіл
тарихы мен жылдар бойы ғалымдармен жаңқаланған тілдік нормаларын негізге
ала отырып, ұлттық тілдің ұлттық сипатын жүйелеп отырады.
Зерттеу жұмыстарының мазмұны басынан аяғы дейін антропоөзектілікке
тұнып тұрған ғалым Н.Уәли адам болмысы мен тіл табиғатын бір бүтін ұғым
ретінде қарастыруды ұсынады. Ғалым «Қазақ сөз мәдениетінің теориялық
негіздері» атты докторлық диссертациясында «тілді халық арқылы, халықты
тілі арқылы, сондай-ақ адамды тілі (сөзі) арқылы, сөзі арқылы адамды тану
идеясы» жөнінде айта келіп, «тілдік тұлға тек тілдің ғана субъектісі емес,
адресант және адресат ретінде сөздің де субъектісі. Дәстүрлі парадигма сөз
мәдениеттің түп қазығы, орталық ұғым тілдік норма болса, ендігі жерде, жаңа
парадигмада сөз мәдениетінің түпқазығы тілдік тұлға болуға тиіс» [32] деп ой
қорытады. Бұрын-соңды тіл мәдениеті саласы құрылымдық жүйеде
қарастырылған болса, ғалым оны жаңа бағыттардың бірі антропоөзектік
парадигма аясында зерттеген. Яғни тілдің функционалдық, коммуникативтік-
прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени қырларын ашу арқылы жаңа,
өзгеше нәтижеге жетуге болатынын ғалым зерттеулерімен дәлелдеп шыққан.
Сонымен қатар автор «Сөз мәдениеті» еңбегінде бұған дейін қолданылып
жүрген «тіл мәдениеті» деген тіркестің орнына «сөз мәдениеті» деген
қолданысты енгізді. Себебі тіл – статикалық қалыптағы абстрактілі құбылыс
болса, сөз – динамикалық, қарым-қатынас барысында өзгеріп, дамып, жетіліп
отыратын күрделі құбылыс. Автор осы мәселені ескере отырып, тілді таза
жұмсалымдық, қатысымдық, яғни коммуникативтік қызмет тұрғысынан
қарастырады. Бұл туралы автор былай дейді: «Сөз» деп әңгіме, хабарды да
айтады. Айталық «бос сөз», «қыдырма сөз» дегендерді бос әңгіме, қыдырма
әңгіме деп ұғамыз. Ал біз оның дәл осы кітаптағы қолданысы жайына келсек,
«сөз мәдениеті» дегенді «сөйлеу», яғни «тілді жұмсау» (пайдалану) тәртібі
(дұрыстығы, мәдениеті) деп танимыз. «Сөз мәдениеті» – тек тілдің
фонетикалық,
лексикалық,
грамматикалық
нормаларын
бұлжытпай
(«сықитып») дәлме-дәл сақтау ғана емес, айтпақ ойды тыңдаушыға (оқырманға)
жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп-тегіс жұмыр келген», әсерлі етіп жеткізу
жайын да қамтуға тиіс» [33, 3-4 бб.]. Ал коммуникация міндетті түрде адресат
пен адресант, яғни адам арқылы жүзеге асатыны белгілі. Тіл адамға қызмет
етіп, жұмсалу барысында, яғни сөйлеуде түрлі өзгерістерге ұшырап жатады.
Автордың бұл еңбекті жазудағы басты мақсаты тіл тұтынушыны дұрыс сөйлеп,
34
дұрыс жаза білуге, ұлттық тілдің ішкі заңдылықтарын сақтауға бағыттау. Сол
себепті Н.Уәлиұлының аталған еңбегін антропоөзектік бағыттағы зерттеу деп
айтуға толық негіз бар. Тағы бір айта кетерлік жайт, ғалым қазіргі
қолданыстағы жекелеген сөздерді лексикалық мағынасына сай дұрыс не бұрыс
жұмсалып жүргеніне бұрыннан келе жатқан көркем шығармалар арқылы көз
жеткізеді, сол арқылы оқырманның көзін ашады.
Профессор Ж. Манкеева тілді антропоөзектік бағытта зерттеуді қазақ
сөзінің тарихи-танымдық негіздерінен бастайды. Ол көне түркі ескерткішітері
тілінде қолданылған материалдық мәдениетке қатысты жинақталған тілдік
деректерге сүйене отырып, қазіргі қазақ тіліндегі олардың атауларына тарихи-
салыстырмалы талдау жұмыстарын жүргізген. Зерттеу барысында ғалым бұл
аталған этномәдени тілдік бірліктердің тарихи-лексикологиялық құрылымын
және этнолингвистикалық сипаттағы мазмұнын ажыратып қана қоймай,
антропоөзектік парадигмаға сай талдап түсіндіреді: «Тіл – тек коммуникативтік
құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның мәдениетінің көрінісі.
Өйткені мәдениет таңба, белгіден тысқары, яғни тілден тысқары өмір сүре
алмайды. Адамды түгелдей дерлік таңбалық әлем қоршаған. Өйткені адам
болмысының өзі таңбалық, тілдік болмыс. Адам бір мезгілде таңбаны
тудырушы да, оны талдаушы да. Тіл – тек денотативті (белгілі сигналдық)
коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге коннотативті (белгілі
әлеуметтік-мәдени, идеологиялық мәні бар) құрал. Тілде әр халықтың тарихы,
оның өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен мәдениеті жатыр» [34, 126 б.]. Атап
айтқанда, тіл табиғаты мен адам болмысын бір арнаға тоғыстыра отырып,
тілдің коммуникативтік қырынан басқа коннотативті жағын танытуды мақсат
еткен. Бұл жердегі коннотативті деп отырғанымыз, «тілдің заттық-ұғымдық
мәнін толықтыратын кез келген компонент». Сонымен қатар ғалым
көмескіленген компоненттердің шеткерілігін (перифериялығын) сипаттайтын
фразеологизмдердің құрылымдық ерекшеліктерін зерттей келе, мәдениеттің
сақталуы, кейінгі ұрпаққа жетуі, жаңғыруы, танымда игерілуі, жаңа заманға сай
тіл арқылы яғни қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыты арқылы жүзеге
асатынын айқын көрсетеді. «Демек, белгілі бір этностық (ұлттық) ұжымда
мәдени коммуникацияның іске асырылу құралдарының дені тіл арқылы қызмет
етеді де, мәдениетті тарихи - әлеуметтік процесс ретінде сипаттайды. Олай
болса, тіл тек коммуникативтік құралы емес, сонымен бірге адам болмысының,
әрекетінің, соның нәтижесінде туған мәдениетінің көрінісі. Осылайша
қалыптасқан мәдениеттің этнотаңбалық белгісі тілден тыс көріне алмайды.
Осыған орай тіл тек денотативті коммуникация құралы ғана емес, сонымен
бірге, коннотативті (белгілі бір әлеуметтік, мәдени, танымдық мәні бар) құрал»
[34]. Ғалымның бұл пікірінен адам мен тілдің бір-бірімен сабақтасып жатуы
заңды екенін ұғынамыз. Тілді зерттеуде адам тілді жан-жақты зерттеп жүрген
субьект ғана емес, ол тілдегі маңызды обьект. Яғни бұрындары ғалымдар
дәстүрлі, әбден қалыптасқан, ғалымдардың сүзгісінен өткен тіл заңдылықтарын
зерттесе, бүгінде тілдің жанды құбылыс екендігін практикалық тұрғыда
қарастыра бастады. Тілді қолданушы халық болғандықтан, қарым-қатынас
кезіндегі тілді зерттеу қазіргі кезде актуалданып барады. Ал ол қатынас екі
35
адамның арасындағы қарапайым қатынас қана болмайды, ол жазушы мен
кейіпкер, кейіпкер мен оқырман, оқырман мен автор арасындағы қатынас
болуы да әбден мүмкін. Бұл зерттеу жұмысында жазушы мен кейіпкер,
кейіпкер мен оқырман, оқырман мен автор арасындағы қатынас жайында ой
қозғалатын болады.
Сөздің тіларалық зерттеулердегі семантикалық өлшемдерін, яғни
салыстырмалы (контрастивті) талдаудың теориялық және қолданбалы
қырларын зерттеген профессор Э.Д. Сүлейменованың зерттеулері қазіргі
таңдағы әлеуметтік лингвистика саласында жалғасуда. Ғалымның «Языковая
ситуация и языковое планирование в Казахстане», «Макросоциолингвистика»
және «Языковые процессы и политика» атты еңбектері бүгінгі таңда аса өзекті
болып табылады [35]. Э. Сүлейменова, Н.Ж. Шаймерденова, Ж.C. Смағұлова,
Д.Х. Ақановалардың «Словарь социолингвистических терминов» атты
еңбегінде антропологиялық лингвистикаға келесідей анықтама береді:
«антропологиялық лингвистика – бұл «антропологиялық қағидат» (тіл адамның
бір бөлігі ретінде) әдіснамалық негізі ретінде көрсететін және «тіл-адам»
диадасында тілдік құбылыстарды зерттейтін лингвистикалық зерттеулер
бағытының шартты атауы. Мысалы, тілді меңгеруді, оны білуді және
пайдалануды қамтамасыз ететін мидың күрделі инфрақұрылымын талдау
негізінде тілдік қабілетін зерттеу; тіл тасымалдаушыларының және лингвисттің
өзінің интуициясына аппеляция (интроспекция); тілдің танымдық қызметін
әлем көрінісінің формасы ретінде зерттеу; тілдің, адам мен қоғамның өзара
қарым-қатынасын зерттеу; тілдің өзара байланысын, халықтың рухани
мәдениетін, халық менталитетін, халық шығармашылығын және т.б. зерттеу;
тілге адам бейнесін беру, соның нәтижесінде тіл – ағзаның, тіл – жүйенің, тіл –
тетіктің және т. б. бейнесі қалыптасады; тілді және т.б. сипаттау арқылы
адамды зерттеу» [36]. Бұл сөздікте тіл табиғатын зерттеуде тіл мен адам
диадасының алатын орны жөнінде ой қозғалған. Авторлардың пікірінше, тіл
табиғатын түсіну үшін адам табиғатын түсіну керек. Яғни, адамның мінез-
құлқы, танымы, психологиясы, өскен ортасы және т.б. тіл табиғатын зерттеуде
аса маңызды орын алады. Диада деп отырғанымыз бір-біріне қызметтік немесе
мағыналық жағынан ұқсастығы лексемалар. А.Н. Чудиновтың «Словарь
иностранных слов, вошедших в состав русского языка» атты сөздігінде бұл
терминге мынадай анықтама береді: Оппозициялық семантикасы (бинарлық)
бар мағынасы жағынан жақын тілдік бірліктердің жұптарын белгілеу үшін
диада лексемасын лингвистикалық термин ретінде пайдалану өте орынды. Бұл
қос ұғым тіл ғұмырында ешқашан бір-бірінен ажыратылып қолданыла
алмайды. Ол заңды да. Себебі адамсыз тіл, тілсіз адам өмір сүре алмайды [37].
Тілдік
қатынастардың
теориялық
негіздерін
зерттеген
ғалым
Ф. Оразбаеваның пікірінше, ол «тіл – қатынас құралы», «кумулятивтік қасиет»,
«танымдық әрекет» сияқты категориялардан құралған. Ал осы категориялардың
негізінде халықтық діл, өмірлік тәжірибе, білім мен дәстүр жатыр. Бұндай тілге,
халыққа қатысты ұғым-түсініктерді тіл білімінің этнолингвистика, когнитивті
лингвистика, психолингвистика, лингвоелтаным, лингвомәдениеттану сияқты
бағыттары зерттей алатынын ескере отырып, ғалым тілді таныммен,
36
өркениетпен, қоғаммен, мәдениетпен ортақ аяда қарастыруды жөнсіз деп
есептейді. Оның мына пікірі соған дәлел болмақ: «Тілді «тіл – адам –
мәдениет», «тіл – этнос – өркениет», «тіл – адам – таным» т.б. әмбебап
бірліктермен сабақтастықта қарастыру я болмаса, тілді олардан жеке бөліп
алып қарастыру ғылыми-логикалық тұрғыдан сәйкес келмейді. Қазіргі
уақыттағы ғылыми бағыттар мен уақыт талабы аталған бірліктерді өзара
сабақтастықта зерттеуді жаңа сатыға көтерді. Адамзат баласы үшін тілдік
қатынастың бүкіләлемдік маңызы ел мен елдің, ұлт пен ұлттың саяси
байланысына жан-жақты жол ашудан көрінеді. Сондықтан тілдік қатынас
бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі ретінде әлемдік лингвистикада жаңа ғылыми
еңбектердің шығуына әсер етуде. Яғни өмірде адамдар тек сөйлесу арқылы ғана
бір-бірімен түсініспейді, кейде әртүрлі жағдайларға байланысты олар бір-бірін
тілсіз-ақ ұғып, соған қарай іс-әрекет жасайды» [38, 267]. Ғалым тілсіз қарым-
қатынас үстіндегі бейвербалды әрекеттердің көмегін жоққа шығармайды, себебі
ым-ишара да коммуникативтік тілдік бірліктер қатарына жатады.
Қазақ
тіл
біліміндегі
когнитивтік
бағыттың
қалыптасу,
даму
алғышарттарын, ғылыми парадигмаларын арнайы зерттеген Э. Оразалиева
қазақ тілтаным ғылымының даму кезеңдерін айғақтайтын негізгі бес
парадигманы бөліп көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: |