23
ғалымдар В. фон Гумбольдттің негізгі антрополингвистикалық концепциясын
одан ары дамытып, сол арқылы орыс тілінің мүмкіндіктері мен ғылыми зерттеу
аясын кеңейтті. Бұл ғалымдар да өз зерттеулерінде халық тарихы,
адами
көзқарас, дүниетаным, рухани мәдениет, материалдық қажеттіліктің барлығы
тілмен байланысты екенін ескере отырып, тілді зерттеуде адам болмысынан
аттап өту мүмкін еместігін анықтайды.
Осы тұрғыдан тіл философиясын тереңірек зерттеген Ю.С. Степанов тілдің
қызмет ететін бірнеше қырын көрсеткен: 1. Тіл – индивидтің тілі. 2. Тіл –
отбасы мүшелерінің тілі. 3. Тіл – құрылым. 4. Тіл – мінез бен түр іспеттес. 5.
Тіл – компьютер. 6. Тіл – жанның мекені мен ой кеңістігі [15].
Көріп отырғанымыздай, ғалым тілге біржақты қарамай, оны жүйе ретінде,
модель ретінде таныған. Соның негізінде ұсынған «Язык и метод» атты
еңбегінде
XVII-ХІХ
ғасырлар
аралығындағы
тілдің
философиялық
мәселелеріне, оның ішінде «екі тіл» парадигмасы, синтаксистік парадигмаларға,
прагматикалық
парадигмаға, тілдік моделдерге, тілдік жүйе мен мәтінге
қатысты ғылыми тұжырымдарын жасап, талдаулар жүргізген. Ю.С. Степанов
«субъект» ұғымын тілдегі адам мәселесіне қатысты былай анықтайды:
«Субъект» сөзінің екі негізгі мағынасы бар: біріншіден, «сыртқы әлемге таным
және қайта құру объектісі ретінде қарсы тұратын
саналы және әрекет етуші
адам»; екіншіден, «бастауыш, сөйлемнің субъектісі». Әдебиет пен өнердің
семиологиясында біз ең алдымен бірінші мағынасын қолданамыз: жазушы –
шығармашылықтың субъектісі, тіл семиологиясы мен философиясында – ең
алдымен екінші мағынасын қолданамыз: нақты лингвистикалық талдау, бұл ең
алдымен, сөйлемнің субъект-предикаттық құрылымын талдау» [15, 374 б.].
Ғалымның пайымдауынша, ішкі «меннің» сөйлеуші «менмен»
қабаттасуы
немесе ішкі «меннің» сөйлеуші «менге» айналуы прагматикалық сөйлеу болып
табылады.
Осылайша
сөзді
зерттеудегі
антропоөзектік
парадигмаға
философиялық қырынан қараудың негізінде ғалым аталмыш еңбегінде оларды
эгоцентрлік сөздер
деп көрсеткен.
Тіл мен ұлттың (адамның) сабақтастығына қатысты
кеңестік
этнолингистиканың негізін қалаушылардың бірі
–
Н.И. Толстой. Ғалым ХХ
ғасырдың
50-жылдарында
болгар
говорларын
зерттеп,
диалектілік,
этнографиялық экспедицияға шығып, материал жинайтын этнолингвистикалық
ғылыми мектеп ашқан. Н.И. Толстой «Язык и народная культура.
Очерки по
славянской мифологии и этнолингвистике» [16] атты 1995 жылы жарыққа
шыққан еңбегінде тіл мен этносты ортақ аспектіде қарастырып,
этнолингвистикаға екі түрлі анықтама береді. Бірінші анықтама бойынша
этнолингистика тіл білімінің бір бағыты ретінде қарастырылады. Ол бағытта тіл
мен діл, тіл мен мәдениет, тіл мен халықтық шығармашылық байланысып, бір
аяда зерттеледі. Ал кең мағынада этнолингистика кешенді пән болып табылады.
Соның негізінде сол елдің мәдениеті,
психологиясы, мифологиясы жоспарлы
түрде қарастырылады.
Ғылымның түрлі салаларымен (әлеуметтану, этнография, антропология,
психология, мәдениеттану, педагогика, тарих, саясаттану, дінтану, заң ғылымы
т.б.) және тіл білімінің жекелеген салаларымен (когнитивті
лингвистика,
24
гендерлік лингвистика, психолингвистика, т.б.) тығыз байланыста дамып келе
жатқан әлеуметтік лингвистика саласын, салыстырмалы-тарихи тіл білімін,
әлеуметтік лингвистиканы зерттеуші орыс лингвисі
– В.А. Аврорин. 1975 жылы
оның әлеуметтік лингвистиканың өзекті мәселелеріне қатысты «Проблемы
изучения функциональной стороны языка: к
вопросу о предмете
социолингвистики» [17] атты еңбегі жарық көрді. Ғалымның пікірінше,
әлеуметтік
лингвистиканың
маңызды
ұғымдарының
бірі
тілдің
коммуникативтік қызметін сипаттайтын аясы –
Достарыңызбен бөлісу: