Реферат
Орындаған :Құмар Асхат Мұратұлы
«Қазақстанның қазіргі даму басымдықтары контекстінде прагматизм философиясы»
Кіріспе Елбасы өзінің Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында ХХI ғасырдағы ұлттық сананың өзгеруі бүгінгі қоғам дамуының басты талабы екенін көрсете отырып, оны экономикалық, саяси, рухани дамудың өзегіне, қозғаушы күшіне айналдырудың маңыздылығын атап өткен. Заман талабына сай біртұтас ұлт болу үшін Елбасы рухани жаңғырудың әдістемелік ұстанымдары мен қағидаларын, дүниетанымдық бағыттары мен құндылықтарын саралай отырып, өз көзқарасын оқырман назарына ұсынған. Елбасы бүгінгі радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және бола - шаққа жіті көз тіккен бағдар - лар керек. Адамның да, тұтас ұлт - тың да нақты мақсатқа жетуін көз - дейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар ел - дің мүмкіндіктері мен шама-шар - қын мұқият ескеруге тиіс. Яғ - ни, реализм мен прагматизм ғана таяу он жылдықтың ұраны болуға жарайды деген ойды алға тартады. Сонымен, прагматизм идеологиясы - қазақ қоғамының басты қозғаушы күштерінің бірі, дүниетанымымыздың негізі, іс-қимылымыз бен ұста - ным - дары - мыздың, құндылықтарымыздың темірқазығы. Қысқаша айтқанда, рухани жаңғырудың бағыттарын айқындайтын өмір сүру филосо - фиясы. Ол бәсекелікке қабілет - тілік - тің де, білім сапасы мен сал - та - нат құруын да, жаңа сана үлгісін де, өмір салтымыз бен адами қаты - нас - тарымызды, санамыздың ашық - тығы мен өзгеру бағыты - мызды айқындайтын парадигмаға айналмақшы.
Отандық тарихты зерттеудің тұжырымдамалық негіздері
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі. Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерттеудегі негізгі әдістер. Отандық тарихты зерттеудегі ғылыми тәсілдер: көпфакторлы, тарихи. «Қазақстанның қазіргі заман тарихының» терминологиялық аппараты, тарихи деректер мен тарихнамасының талдануы.
Отандық тарихтың зерттелуінің ерекшеліктері. Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзектелігін айқындау. Қазақстан тарихы кезеңдерінің мұрагерлік идеясы. Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары. Өзін-өзі тануының этникалық, әлеуметтік, мәдени құндылықтар бағдарларының қалыптасуы. Тарих, тұлға, мемлекет. Отандық тарихты зерттеудегі қағидалар мен атқаратын міндеттері. Әлемдік-тарихи процесстер мәнмәтініндегі Қазақстанның қазіргі заман тарихы. «ҚР тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы».
Қазақстандағы тәуелсіздіктің құрылуының алғышарттары: ұлт-азаттық көтерілістер мен ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеялары
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай. Ішкі Ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қорыныстандыру ісінің қарқын алуы, экспедициялық зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, қоныстандыру мекемелері жүйесінің құрылуы, қоныс аудара келгендерге жасалған қолдау. Қазақ қоғамының дәстүрлі шаруашылығындағы өзгерістер. Әкімшілік орындарының қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару шаралары, осы мақсатта қолданған әдістері. Аграрлық қатынастардың шиеленісе түсуі. Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері және оның отарлық сипаты. Ұсақ өнеркәсіп. Транспорт. Сауда. Банкі жүйесі. Еуропалық капиталдың енуі. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы. Қазақ жұмысшыларын кемсіту және қанау ұстанымы.
Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғасыр басындағы отаршылдыққа қарсы ұлттық қозғалыстардың мақсаты, ерекшеліктері және тарихи сабақтастығы. Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары. Ұлттық қозғалыс түрлерін сипаттау. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы. Ресей империясының түрік-мұсылман халықтарының интеллектуалды элиталарының өзара ықпалдасуы. Мұсылмандардың қайырымдылық қоғамдары және олардың қызметі. 1905 жылғы 17 қазандағы патша манифесі. Қоғамда орталық биліктің атына арыз-тілектердің жазылуы. Қарқаралы петициясы. Орал және Торғай облыстарынан дін және жерге байланысты жазылған арыз-тілектер. Жер мәселесінің қойылуы. Бұл құжаттық материалдардың бағдарламалық сипаты. Қазақтардың Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы. Думада қазақ жері туралы мәселенің қойылуы Б.Қаратаев, Т.И.Седельников және басқа депутаттардың қызметі. Ә.Бөкейхановтың Мемлекеттік дума қызметіне арналған мақалалары. Аграрлық мәселе және қазақ депутаттары А.Бірімжанов пен Б.Қаратаевтың сөздері. Қазақ ұлтшылдығы. Қаналушы және қанаушы ұлттың ұлтшылдығы: ерекшеліктері мен айырмашылығы.
Ресейлік түркіліктің доктринасы: қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына әсері. Қазақ зиялыларының дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметі. 1907 ж. 3 маусым заңы бойынша қазақтан депутат сайлау құқының жойылуы. Қазақ саяси тобы өкілдерінің жалпыресейлік мұсылман съездеріне (С.- Петербург, Н.- Новгород) қатынасуы. Империяның түрік-мұсылман халықтарының консолидациясындағы «Иттифак-эль-муслиминнің» (Мұсылмандар одағы) рөлі. Ұлт-азаттық қозғалыс басшыларын қудалау.
Достарыңызбен бөлісу: |