«Мәңгілік ел» және «рухани жаңғыру» Жаңа Қазақстан философиясы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
«Мәңгілік ел» және «рухани жаңғыру» Жаңа Қазақстан философиясы Орындаған: Жүніс Мөлдір
Қабылдаған: Арынғазиева Баян
«Мәңгілік Ел» идеясы ұлттық идеология ұғымында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының философиялық-мәдениеттанулық негіздемесі» тақырыбымен жарық көрген мақаласында айтты. Ел болу мәселесі, ұлтты сақтау, жерді, туған атамекенді қорғау мәселесі қазақ халқы үшін қашанда тарихи даму тұрғысынан маңызды болып келе жатқаны белгілі. Осы аталған мәселелер ешқашан да күн тәртібінен түскен емес. Олар әр түрлі тарихи кезеңдерге байланысты көкейкестіленіп, қоғамдық ой-сананың өзегіне айналып отырған. Бүгінде осы мәселелер тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алдында тұр. Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында да «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи астарына тоқтап өтті.
« Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым», - деп атап өткен болатын. Міне, осы айтылған ойға тереңірек тоқталуды жөн санадық. Біздің бұл мақаладағы басты ойымыз «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәдени-философиялық негіздеріне назар аудару болып табылады. Біріншіден, қандай да болмасын идея, оның ішінде Қазақстан жағдайындағы ұлттық идея халықты біріктіретін, бір мақсатқа жұмылдыратын, тұтастыққа негізделген, қоғам дамуында шешуші рөлге ие қозғаушы күш болуы керек. Онда тек өткенмен қатар қоғам дамуының бүгіні, ертеңгі болашағы көрініс табуы тиіс. Осындай сипаттарға «Мәңгілік Ел» идеясы лайық екені сөзсіз.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аты бағдарламалық мақаласының аясы бүгінде ялты Алашты асып, оның негізінде атқарылған игі істер ялты құрлыққа мәлім дерлік деңгейге жеткен. Қазіргі уақытта Елбасының болашаққа бағдар боларлық бұл еңбегінің тек қана мерзімдік мақала емс, шин мәнінде ірі халықаралық жаба екенін ұққандаймыз. Мақала мәйегіне үңілген жан бүкіл қоғамдық сана-сезімді қозғайтын үлкен үдерісті бірден аңғарады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүйелеу мақсатында талдау жүргізіліп, оны іске асырудың 3 бағыты бекітілген Бірінші бағыт – «Тұлғалық даму». Білімнің саласын дамыту, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы, прагматизм қағидаттары Екінші бағыт – «Ұлттық бірегейлік және халықаралық мәртебені арттыру». Ұлттық бірегейлікті сақтау.Барлық құқықтар қорғалған Үшінші бағыт – «Мемлекеттің, азаматық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтардың дамуы». Рреволюциялық емс, эволюциялық даму.Барлық құқықтар қорғалған. «Рухани жаңғыру» жабасы.
Қазақстан дамуының ішкі қажеттігінен, мемлекеттің тұтастығын сақтау идеясынан туындап отырғаны сөзсіз. Бұл идея тәуелсіз мемлекет алдында тұрған басты сұраққа жауап беріп, ұлттың болашақтағы дамуына жағымды әсер етуі тиіс. Сонымен бірге, ұлттық идея алдыңғы қатарлы және адамзаттың даму бағыты мен үрдісіне сай келетін болуы керек. Міне, осы тұрғыдан келгенде, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқын біріктіретін, елдің басты мақсатынан шығатын және соған толық жауап беретін идея десек, артық айтқандық емес.