Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет29/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

функционалды
және 
жасырын 
прагмалингвистика
деген пікірімен толықтай келісу қиын. Себебі ойын 
жасырын білдіру үшін қолданған әрекеті немесе бейвербалды қимылдарды 
қолдану кезінде де адресанттың белгілі бір мақсаты болады. Сондықтан тіл 
білімінің басты нысаны тілдің коммуникативті қызметі болғандықтан, қарым-
қатынас құралы ретіндегі тілдің вербалды және бейвербалды сипатына назар 
аударылуының антропоөзектік парадигмада маңызды екенін соңғы зерттеулер 
көрсетуде. Осымен байланысты жалпы тіл біліміндегі К.У. Геворкянның 
«Кинесический язык» [74], А.А. Акишина мен Х. Каноның «Жесты и мимика в 
русской речевой коммуникации» [75], Г.Е. Крейдлиннің «Мужчины и женщины 
в невербальной коммуникации» [76], Аллан Пиздің «Язык телодвижений» [77], 
Е.Я. Кедрованың «Вербальное обозначение жестов персонажей при передаче 


50 
прямой речи в художественном тексте» [78] және қазақ тіл біліміндегі 
Б. Момынованың «Қазақ ым-ишараттары: сөйлеу этикеті мен қатысым 
мәдениетінде» [79], Ш. Зекенованың «Коммуникациядағы бейвербалды 
қатынас және бейвербалды амалдардың омонимділігі, синонимділігі» [80], 
С. Бейсембаеваның «Невербальные компоненты коммуникации в казахском 
языке» [81], М. Ешимовтың «Қазақ ым-ишараттары» [82], С. Мағжанның 
«Қазақ тіліндегі бейвербалды элементтердің көпмағыналылығы» [83], т.б. 
еңбектері назар аударарлық.
Б. Момынованың «Қазақ ым-ишараттары: сөйлеу этикеті мен қатысым 
мәдениетінде» атты монографиясында ғалым бейвербалды амалдарды әр 
қырынан талдап, зерттейді. Соның ішінде халықтың тұрмысы мен мәдениетіне 
қатысты әдет-ғұрып ишараларына айрықша назар аударылып, олардың 
лингвомәдени қырларын ашып көрсеткен.
Автор әдет-ғұрып ым-ишараттарын мынадай лексика-семантикалық 
топтарға жіктейді: күнделікті тұрмыста қолданылатын ым-ишараттар; 
амандасу, қоштасу ишараттары; кешірім ишараттары; тыйым, тоқтау салу 
ишараттары; өлім-қазаға байланысты орындалатын дәстүрлі ишараттар; 
тұрмыстық заттармен, құралдармен орындалатын дәстүрлі ишараттар. Сонымен 
бірге бейвербалды амалдардың танымдық сипатының когнитивтік тұрғыда 
қарастырылуы еңбектің антропоөзектік бағыттан алшақ еместігін танытады 
[79].
Прагмалингвистиканың көптеген мәселелері бүгінгі күнге дейін біршама 
өзгерістерге ұшырап жеткен. Мысалы, Ю. Степанов «Язык и метод» атты 
еңбегінде тарихи тұрғыдан 
прагматика
ұғымының «тиімділік: пайдалылық» 
мәнін көрсетеді: «Қазірдің өзінде Шеллингтің «Система трансцендентального 
идеализма» (1800) деген еңбегінде терминнің ығысуы (бұрын анықталған) 
тіркелген: «Жалпыға бірдей сипатты қабылдамайтын кез келген басқа тарих тек 
прагматикалық болуы мүмкін, яғни белгілі бір практикалық мақсатты көздейтін 
бұрынғы ұғымға сәйкес келеді. Керісінше, дүниежүзілік тарихтың 
прагматикалығы өзіне қарама-қайшы ұғым болып табылады». Мұнда 
«Прагматикалық» «қоғамда қандай да бір мақсатқа қол жеткізу үшін пайдалы, 
қолайлы» деген мағынаға жақындайды [15].
Оған қоса, ғалым еңбегінде Канттың прагматика жөнінде тұжырымын 
көрсетеді: «Прагматикалық тұрғыдан алғандағы антропология» мынадай 
анықтама береді: «Адамның мәніне қатысты және жүйелі түрде жазылған ілім 
(антропология), физиологиялық немесе прагматикалық тұрғыдан ұсынылуы 
мүмкін. Физиологиялық адамтануда табиғаттың адамға жасайтын іс-әрекеттері 
зерттеледі, ал прагматикалық адамтануда оның еркін қозғалатын тіршілік иесі 
ретінде не істейтіні немесе не істей алатыны, өздігінен не істеу керектігі 
зерттеледі... Адамды әлемнің азаматы ретінде зерттеген кезде ғана 
прагматикалық болады. Сондықтан да тіпті, табиғат күшімен жаратылған адам 
нәсілдерінің маңызы прагматикалық емес, тек теориялық әлемтану болып 
саналады» [15, 373 б.]. Демек, бұл пікірге сәйкес өзін өзі дамытушы, танытушы 
адамның тілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет