Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет57/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

үзеңгі досы
Шерәліні де шақырды. Бірақ ол жіберген шақыру қағазын 
нақ той болатын күні бара алмаймын деп қайтарыпты»
[93, 25 б.]
.
Жалпы қазақтың салт-дәстүрге бай халық екенін тілде сақталған көптеген 
этномәдени атаулар көрсетеді. Мысалы, ата-ана баласы 5-6 жасқа толған кезде 
атқа мінгізеді. «Бұл – 
қозы жаю
сияқты т.б. ұсақ шаруашылыққа қолқабыс ете 
бастауын 
айқындайтын 
тіршілік 
цикліне 
байланысты 
атқарылатын 
ғұрыптардың бірі. Ата-ана үшін жеткіншегінің жетілуі, әр кезеңі – жаңаша 
қуаныш, келер күннің жақсы үміті. Баланы атқа мінгізетін күні ауыл адамдары 
түгел жиналады. Атқа мінгізу жоралғысы бала 5-6 жасқа келгенде жасалады. 
Аттың жал-құйрығына, бастан-аяқ жаңа киім киген баланың баскиіміне, 
шапанына арқасына шоқтап үкі тағылады. 
Үкі
– қазақ ұғымында «зиянды 
күштердің залалын қағатын құс». Балаға арнайы дайындаған ашамай ер атқа 
ерттеледі» [120]. Соған қарағанда сол жастан бастап серігіне айналған досты 
үзеңгі дос
деп атауы ықтимал.
Қазақ дүниетанымында ер жігіттің өмірімен байланысты жүйеленген жеті 
қазынасы бар. Оларға 
жүйрік атты, қыран бүркітті, құмай тазыны, берен 
мылтықты, қанды ауыз қақпанды, майланғыш ауды, өткір кездікті 
жатқызады. Солардың қатарына адамға ең жақыны, досы болып кеткен итті 
ерекше атауға болады. Осы жеті қазынаның бірі итті Д. Исабеков те 
шығармасына арқау еткен. Жазушы «Қабылан» атты әңгімесінде нағыз малды 
қасқырдан қорғайтын, иесіне адал ит бейнесін оқырманға ұсынған. Мысалы: 
«

 
Шын досыңның қимасын сұрама» деген емес пе, Беріш. Өзге нәрсемнің 
қайсысына қолқа салсаң да қой демес ем. Мына қалауың қиын тиіп отыр. 
«Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады» дейді, бірақ бір қалауымды 
жерге тастады деп сен өкпелеме. Құдай о баста итті де адамның ырыс-
құтымен бірге жаратқан деседі. Демек, оның да несібесі иесімен бірге, осы 
үйдің бір мүшесі сияқты ғой. Бере алмаймын, оған ренжіме»
[93, 46 б.]
.
Жазушы Қабылан атты итті суреттеуде сағыныш, қуаныш, мұңаю сынды 
сезімдердің барлығын кейіпкер тілі арқылы оқырманға жеткізген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет