намазым қаза болды-ау !.. » («
Жүз жылдық арман» ).
Қазақ табиғатынан баланың арқасынан қағып, кішіге ілтипат көрсеткен.
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» мақалы соған дәлел. Оған қоса, қазақтың тілінде
көп қолданылатын жақсы көру, еркелету мәнін беретін – жан, -тай жұрнақтары
халқымыздың өзіндік сөйлеу стилін көрсететіндей. Мысал келтірер болсақ:
«Кемпірі арба үстіндегі қапшықтарды қолымен басып қалғанда есегіне деп ала шыққанмен желінбей қайтып келген бір бау жоңышқаны ұстай алып, ыршып түсті. – Көтек, мынаусы несі құдай-ау, Қуатжан қайда? – Қуатжан, Қуатжан! «Жан» деп қапты ғой маған барып. Қайда болушы еді, қалды сонда. Сені мен мені адам деп жүр дейсің бе олар! Самаурыныңа от сал, таңдайым кеуіп келді» [102, 18 б.]
. Бұндай еркелету
мәнінде жұмсалатын жұрнақ жалғанған кісі есімдерімен қатар, үлкен ата-
әжелеріміз, әке-шешелеріміз, аға-жеңгелеріміз балаларды төрт түліктің
төлдерімен, табиғаттың ерекше құбылыстарымен атап жатады. Мәселен:
«Шынымен ұйықтап жатқан шығар деп ұясын көрді, мал қораны қарады. Ізім- қайым. Ол там айналып, үйге қайта кіргелі бұрыла бергенде қара көлеңке бұрышта күшігінің серейіп өліп жатқанын көрді де «әже!» деп айғайлап жіберді. Әжесі далаға атып шығып, немересін көтеріп алды да:
81
Не боп қалды! Далаға жалғыз шықпа дедім ғой саған!
деп оның таңдайын басты. – Әже... Сырттан... өліп қапты.
Әу, шыбыным .
Енді... енді ешқайда кетпейікші-а?
Мақұл, күнім , мақұл. – Әже, – деді сәлден соң тағы да.
Не