«Жылқы мен жылқы кісінескенше, адам мен адам сөйлескенше» деген осы ғой. Шалдар жиналып, әзіл-оспақ араласқан соң Қарекең өзін алғаш кіріп келгендей емес еркін, кең ұстады. Құдасы да жаман кісі көрінбейді. Болса да келгелі бері бақылап отыр. Әңгімесі дәмді екен. Тыңдаушысын тамсандырып, айызын қандырып тастайды. «
Әлбетте, әлбетте, — деді Қарекең өзіне-өзі.
Қыз ашуы оңай дейсің бе? Соның орнында мен болсам қайтер едім? Алғашында солғын болса, кеудесін ашу кернеген шығар. «Ашу алдында, ақыл соңында » деген бар емес пе?» [93].
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, қазақи тәрбие көрген адам үшін бұл
мәтінді түсіну қиын емес. Ал тәрбиесі өзгеше адам үшін
«Жылқы мен жылқы кісінескенше, адам мен адам сөйлескенше», «Ашу алдында, ақыл соңында » деген қазақтың мақал-мәтелдерін түсіну оңай болмайды. Ұлттық салт-
дәстүрімізден хабары бар адам қазақтың
құда, жегжат, құдағи, келін, күйеубала, балдыз, қайны, қайынсіңлі, қайнаға, қайынапа сынды туыс
атауларын еш қиындықсыз түсінеді. Себебі олар – санамызға сіңіп кеткен
этномәдени атаулар.
Көркем шығарма түзуде ұлт мәселесінің негізінде қалыптасатын
ұлттық сана, ұлттық таным, ұлттық мәдениет ұғымдарымен қатар
қоғам, қоршаған орта туралы түсініктер де негізге алынуы – шарттылық. Себебі адам ең
алдымен қоғамның негізгі нысаны, ол қоршаған ортамен байланыс негізінде
қоғамда өмір сүреді. Сол себепті адамды қоғамнан тыс қарастыру мүмкін емес.
Соған сәйкес ғылымда
аялық білім деген ұғым қалыптасқан. Адамның
қоршаған ортасына, қоғамның түрлі жағдайларына қатысты білімін
«аялық білім» деп атайды. «
Тілдік ұжым мүшелерінің когнитивтік санасындағы білім жүйесі құрылымдық тұрғыдан