100
меңгеру сәйкес келеді; 2) алғашқы немесе лингвотанымдық деңгейге –
тұлғаның интелектуалды деңгейі үйлеседі, (бұл деңгей «түсінік»,
«идея»,«концепт» сияқты бірліктер арқылы танылады), ол когнитивті социумға
тән таным кеңістігін немесе тұлғаның тілдік тезаурусы мен мәдениетін
белгілейді; 3) прагматикалық уәжділік деңгейі немесе комуникативті әрекет
деңгейі мақсат, уәж, қызығушылық дәрежесін білдіреді» [63, 20 б.]. Бұл
деңгейлердің бәрінде де ұлттық мінез, ұлттық сипат болады. Ол туралы
Ю.Н. Караулов былай дейді: «Ұлттық деген ұғым тілдік тұлғаны
ұйымдастырудың барлық деңгейлерін қамтиды, олардың әрбір деңгейінде
қатып қалған, орныққан және өзгермейтін сияқты түрліше жүзеге асады, тілдік
тұлғаның құрылымындағы ұлттық ұғымының сипаты тілде оның динамикалық,
тарихи құрамдас бөлігіне қамтылады» [113].
Көркем әдебиет тілін зерттеу барысында, әдетте, не автор тілі мен стилінің
ерекшеліктеріне, не кейіпкерлердің сөйлеу мәнеріне, сөзіне (сөзжұмсам
сипаттамаларына) баса мән беріледі. Кейінгі жағдайда ол сипаттамалар образ
сомдау тәсілдері ретінде қарастырылып, ақын-жазушы шеберлігіне баға беруге
негіз болады. Көркем әдебиет тілін зерттеудің тағы бір қыры – олардың
оқырманға тигізетін әсеріне талдау жасауға арналған еңбектердің саны
салыстырмалы түрде аз. тілдік тұлғаны нақтыланудың (конкретизация) соңғы,
жоғарғы сатысында қарастыру күрделі де қызықты міндет болып табылады.
Өйткені, осы тұрғыдан алғанда, бұл ұғым мазмұнына нақтыланудың алдыңғы
екі сатысы да еніп кетеді; яғни бұл жерде оны талдау барысында тіл мен оны
ұстанушының жалпы адамзаттық мінездеме//сипаттамалары да, олардың
ұлттық нышан-белгілері де ескерілуі тиіс болады, талап етіледі. Бұл жолды
таңдағанда мұндай зерттеуге қажетті репрезентативті материалды табу
қиындық тудырады. Яғни қандай да бір ұлт тілінің ұстанушысы (өкілі) болып
табылатын белгілі бір индивидуум қаламынан туындаған мәтіндер көлемінің
ауқымды да жеткілікті болуы аса маңызды мәселе саналады.
Осы параметрлерді ескере отырып, Ю.Н. Караулов тұлға құрылымы өзара
байланысқан үш деңгейден тұрады дейді. Әрбір деңгейдің құрылымы сәйкес
бірліктерден және олардың ара қатынастарынан, сондай-ақ әр деңгейге тән
стереотиптік
(таптаурындық)
бірлестіктерден
тұрады.
Сонымен
Ю.Н. Карауловтың пікірінше, тілдік тұлғаның құрылымын мына деңгейлер
Достарыңызбен бөлісу: