Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет79/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

«ақ шыным»
. Ақ түс – адалдықтың, пәктіктің, тазалықтың 
нышаны. Оны қай қазақ та біледі. Ақ түсін шындыққа тіркеу арқылы автор 
нақтылықты, сенімділікті оқырманға жеткізуді көздейді. Қазақ халықының 
тілдік қорындағы 
аппағым, ақ бөпем, ақ ботам, ақ бұзау
сынды тіркестері 
арқылы қазақ үшін ұнамды әрі жағымды түстердің бірі екендігін көруге 
болады. Бұл мәтінде қоңыр түсіне қатысты тіркестер де кездеседі. Академик 
І.Кеңесбаевтың түсіндірмесінде 
«қоңыр дауыс», «қоңыр ән», «қоңыр үн»
синонимдері бір қалыпты ырғақпен айтылатын құлаққа жағымды жұмсақ үн» 
[139] деген мағынада беріледі. «Қоңыр» басқа да кейбір сөздерге қосылып, 
тиянақты ой тіркесін құрағанда, көбінесе орташа деген ұғымды да береді.
Д.Исабековтің бұл шығармасында қазақ халқының даналығын, даралығын 
танытатын мақал-мәтелдерді көп кездестіруге болады. Қазақтың құнарлы 
сөздер қатарына жататын мақал-мәтелдерді автор кейіпкердің өзіне тән 
мәдениетін, тілдік білімін, ортасын көрсету мақсатында қолданған. Кейіпкерлер 
тілінде кездесетін 
«Жылқы мен жылқы кісінескенше, адам мен адам 
сөйлескенше», «Ашу алдында, ақыл соңында», «Күйеу жүз жылдық, құда 
мың жылдық»
сынды мақал-мәтелдер еліміздің ұлттық ерекшелігін таныта 
отырып, оқырманға автордың рухани әлемін тануға мүмкіндік береді. 
Р.Сыздықтың «Мақал-мәтелдер де – дүниенің ұлттық танымы, ұлттық 
философиясы» [60] атты пікірі ойымызды айқындай түседі. 
Д. Исабековтің 
автор 
бейнесі 
кейіпкер 
образында 
жұмсалатын 
шығармаларының бірі – «Ағайындылар» әңгімесі. «Бір ретте үйге келген 


110 
әйелдермен әңгімелесіп отырып, олардың: 
«Сенің 
мырзағаң
 үйленбей тұрғанда 
ерке еді, енді басылайын деді ме, қалай
?» 

деген сұрақтарына жеңешемнің: 
«Жо-жоқ, неғылған басылу, әлі бала сияқты, даладан келсе, ағасын құшақтап, 
балалармен алысып, тіпті біреуімен кәдімгідей кергілесіп тасыр-тұсыр етіп 
жүргені. Біз де соған үйреніп қалғанбыз ғой, ол үйде жоқ болса, қашан келеді, 
қашан келеді деп шыдамымыз таусылып отырамыз», 

деген жауабын естіп 
қалғаным бар еді. Менің жеңешем де 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет