Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет82/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

шелек судың ауырлығындай
 бар ма? 
Әйелі үн шығармай жымиып күліп алды.

Қайдағы бір шелек су! 
Қымыз толы торсықтан сәл-ақ ауыр.
Балаңды 
бір алып деп ойлайсың ғой деймін 
(«Дермене»).
 
Жауап ала алмаған сұрақ иесі 
ет шайнам уақыт
әрі-сәрі боп тұрды да, 
тез-тез басып шығып кетті 
(«Тіршілік»).

Атқа қамшы тартып, 
арқан бойы 
ұзай бергенімде ұлыған боранмен 
араласып, арт жағымнан әлсіз бір дыбыс естілгендей болды 
(«Гауһар тас»).
 
Бақан бойы көтеріліп қалған күнге
көзін сығырайта қарап, есінеп қояды 
(«Гауһар тас»).
Жұпыны екі шаңырақтың кішігірім тойы 
бозторғай шырылдағанша
 
созылды 
(«Тіршілік»).

Сол түні 
торғай шырылдағанша
 дермене тасылды 
(«Дермене»).
 
Бұл тіркестер қазір абстрактілі сипатқа ие болғанымен, бір кездері халық 
үшін нақты уақытты білдірген. Автор танымындағы 
«уақыт» концептісінің»
тілдік көрінісі осы ментальді бірліктер арқылы танылады. 
Көркем шығарманың құрамындағы ерекше әсерлілік, мазмұндық сипаты 
бар кейбір сөйлемдер оқырманға ой салып, оның санасында жатталып қалып 
жатады. Мәселен, Д. Исабеков әр шығармасында кейіпкер тіліне өмірлік мәні 
бар сөздерді салу арқылы, өзінің ақыл-ойын, таным-түсінігін, дүниеге 
көзқарасын танытады. Ғылымда мұндай сөздер авторлық афоризмдер, кейде 
сентенция құбылысы
деп те аталып жүр. 
Сентенция
– ғибратты ой-пікір, нақыл 
сөздер. Мысалы: 
«Екі жарым-ақ бет! Кешкі сегізден таңғы төртке дейін 
бітіргені осы. Бір де бір сөзі өшірілмеген екі жарым беттік диалогсыз текст. 
Жалпы ол өшіріп жазғанды ұнатпайтын. Өзгелердің талай рет көшіремін
өңдеймін, сызамын дегендеріне түсінбейтін, оған қарсы болатын да. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет