Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет84/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

Үйде тумаған әйелдің 
баласы мейірімсіз болады
» деп айтып отыратын-ды. Қазіргі әйелдер үйде 
тумайтын болды емес пе?».
Баяғы бір кезде оны еркелетіп отырып: «Перзент – адам өмірінің тірегі. 
Менің қуанышым сендерсіңдер... 
Перзент әкеге қандай қуаныш әкелсе, әке де 
перзентке сондай борышты
» – дегенім бар еді. 
Көптеген жазушылар мұндай афоризмдерді көбіне көп оқиғаның ғибратты 
түйіні, яғни мораль ретінде шығарманың соңына сақтаса, Д. Исабеков 
шығармаларында аталған сөз оралымдары кейіпкер сөзінде, автор сөзінде 
араласып қолданыла береді. Бұлай қолданудағы автордың мақсаты өзіндік 
пайымын кейіпкер сөзіне қосу арқылы оның тұлғасын нақты, шынайы суреттеу. 
Айталық, берілген мысалдар «Өкпек жолаушы» повесіндегі Айтөре мен 
Зейнептің диалогынан алынған үзінділер. Повестегі екі кейіпкер де тағдыр 
теперішін көп көрген, өмірден көрген-білгендері мол жандар. Олардың ақыл-
парасатын, өмірлік тәжірибесін көрсету мақсатында автор терең мағыналы 
цитаталарды өз атынан емес, кейіпкер атынан айтады. Шығармада екі кейіпкер 
бірінің ойын бірі осылай қорытып, түйіндеп отырады. Афоризмдік сипаттағы 
фразалар арқылы жазушының өз тұлғасының көрінуіне келер болсақ, бұл 
арқылы ол өмірлік кредосын, адамдық қасиеттерін танытады. Мәселен, 
жоғарыда келтірілген мысалдардан байқағанымыз: жазушы әр уақытта әйел 
баласының жанын түсінуге, ардақтауға ұмтылады; дүниеге ұрпақ әкелетін әйел-
ана болғандықтан, оған қатысты ырымдарға да қырын қарамайды, барлық әйел 
сол қағиданы ұстанғанын жөн көреді; сонымен қатар болашақ ұрпақ алдында 
әке ретінде, ата ретінде, баба ретінде асқан жауапкершілікті сезінеді және оның 
тағдырына алаңдайды.
Адам өзінің саналы ғұмырында көрген-білген, естіген нәрселерін ұғынып, 
санасына сіңіріп қана қоймай, оны өңдейді, жетілдіреді, өзгелерге жеткізеді, 
қажетіне жаратады. Қандай да бір халық тілінде сол ұлт өкілі ғана жақсы 
білетін, астарлап айтса бірден түсіне алатын ақпараттар болады. Мысалы, 
қазақта 
Алдар көсе – қу, Қожанасыр – аңғал, Шығайбай – сараң
деген сияқты 
қалыптасқан түсініктер бар. Бұл персонаждардың мұндай қасиеттерге ие болуы 
олар туралы ел арасында тараған аңыз-әңгімелер арқылы белгілі болып
ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа тарап, санаға сіңіп қалған. Халық жадында 
жатталып қалған мәліметтер уақыт өте келе тура мағынасынан символдық 
мағынаға ауысуы да заңды құбылыс. Мәселен, 
Өзің бір жүрген Қожанасыр 


114 
екенсің десеңіз, кез келген қазақ оның аңқаулығын айтып тұрғаныңызды бірден 
түсінеді. Ғылымда осы сияқты танымдық мағына арқылы қалыптасқан ұғымдар 
логоэпистемалар
деген терминмен аталып жүр. Логоэпистемалар, ең алдымен
тіл мен мәдениет сабақтастығынан туындайды. Логоэпистемаларға әртүрлі 
деңгейлі лингвоелтанымдық құнды тіл бірліктері жатады: сөздер, ұғымдар, 
қанатты сөздер, сөз тіркестері, фразеологизмдер, прецеденттік мәтіндер, т.б. 
Мұндай тілдік бірліктер нақты бір ұлт тіліне қатыстылығымен, коммуникация 
барысында 
қайта 
құрылмайтын, 
бірақ 
қайта 
жаңғыртыла 
алатын 
тұрақтылығымен, дидактикалық, символдық, семиотикалық сипаттарымен 
ерекшеленеді. Ал оларды көркем шығармада қолдану автордың когнитивтік 
базасының, яғни аялық білімінің кеңдігін айғақтайды. Ә. Әлметова 
логоэпистемалар туралы өз еңбегінде былай дейді: «Логоэпистема өмірде бір 
затқа, құбылысқа меңзей, соны нұсқай еске түсіре айтылады. Ал сол еске 
түсіетін зат пен оған арнап айтылатын сөздің не ұғымның арасындағы байланыс 
халықтың жадында ұмытылмай, жүздеген жылдар өтсе де, сақталып тұрған 
болса, онда логоэпистема да өмір сүреді» [115, 199 б.]. Д. Исабеков 
шығармаларында оның аялық білімін танытатын мынадай логоэпистемалар бар: 
Төрттен жаңа асса да қолына орақ алған кішкене сіңлісінің, құрт-құмырсқа 
құрт-құмырсқа мен бидайдың қылтығын жеп қоймасын деп аузы бір қабат 
дәкемен таңылып, «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет