Аккузова айнур абдыжалиловна


Көркем мәтіндегі автордың нақты коммуникативтік мақсатын



Pdf көрінісі
бет87/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

3.4 Көркем мәтіндегі автордың нақты коммуникативтік мақсатын 
көрсететін тілдік бірліктер
Көркем шығармадағы тіл арқылы автор бейнесін ашуда, туындыға негіз 
болып отырған идеяны тану жазушы тіліндегі тілдік бірліктерді зерттеуден 
басталатыны анық. Жазушы өзінің мәдениеті мен болмысын, танымы мен 
түсінігін, пікірі мен тұжырымын, қандай да бір ішкі жай-күйін көріктеу 
амалдары мен экспрессивті-эмоционалды сөздер арқылы оқырманға ұсынады. 
Д. Исабековтің көркем шығармаларындағы нақты коммуникативтік мақсатты 
көрсететін ерекше сипаты бар тілдік бірліктердің қолданысын әйел 
кейіпкерлердің тіліне қатысты көруге болады. Себебі қай ел болсын, қай заман 
болсын әйел тілі экспрессиялық және эмоциялық сипатымен көрінетіні белгілі. 
Қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен қоғамындағы қазақ әйелінің ғасырлар бойғы 
рухани-тарихи тәжірибесі негізінде қалыптасқан әлеуметтік мәртебесіне сай 
өзіндік тіл ерекшелігі айқындалатыны да тілдің қоғамдық, әлеуметтік 


118 
қызметіне қатысты зерттеулерде атап көрсетілген: «Әйел тілі – дәстүрлі қазақ 
мәдениетінде кеңінен орын алған тілдік қарым-қатынастағы әйелдерге ғана тән 
шартты сөз қолданысы. Әйел тілінің қалыптасуына қоғамда орын алған 
әлеуметтік, діни, моральдық факторлар басты себеп болып табылады» [123, 26 
б.]. Д. Исабековтің көркем туындыларындағы 
«айналайын-ай, жарығым, 
қарағым, шыбыным, құлыным-ау, күнім-ау»
деген сияқты еркелету мәніндегі 
қаратпа сөздер арқылы қазақ әйелдерінің мінез-құлқы, ұлттық-мәдени 
ерекшеліктері, әдет-ғұрпы айқын аңғарылады. Жазушы шығармаларынан 
мысал келтірер болсақ:
«
Шынымен ұйықтап жатқан шығар деп ұясын көрді, мал қораны қарады. 
Ізім-қайым. Ол там айналып, үйге қайта кіргелі бұрыла бергенде қара көлеңке 
бұрышта күшігінің серейіп өліп жатқанын көрді де 
«
әже
»
! деп айғайлап 
жіберді. Әжесі далаға атып шығып, немересін көтеріп алды да:

Не боп қалды! Далаға жалғыз шықпа дедім ғой саған! 

деп оның 
таңдайын басты.

 Әже... Сырттан... өліп қапты.

 Әу, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет