Аккузова айнур абдыжалиловна


«Таза  өнер бір сәтте екі тумауы керек



Pdf көрінісі
бет83/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

«Таза 
өнер бір сәтте екі тумауы керек, 

дейтін ол» 
(«Қарғын»). Шындығына 
келгенде, бұл кейіпкердің емес, жазушының өз ойы. Жазушының ойынша шын 
таланттың шабытынан туған дүние өңдеп, қайта жазуды қажет етпейтін болуы 
керек. Оның ұлылығы да сонда. Аз сөзбен көп мағына беру – Д. Исабеков 
қаламына тән басты сипат. Осы сипатты танытуда авторлық афоризмдердің 
атқарар рөлі зор. Сонымен қатар мұндай сөз оралымдары автордың ішкі 
болмысын, көзқарасын, яғни «менін» табуда үлкен мәнге ие. «
Бәлкім сол 
шалдың сөзінде көп мән жатқан болар. 
Тереңге ұмтыламыз деп саязда 
жатқанды, әріге ұмтыламыз деп беріде тұрғанды көруден
қалған 
шығармыз» 
(«Өкпек жолаушы»). Шынында да, адам алысқа ұзаған сайын 
жақындағысын ұмыта бастайды. Автордың кейіпкер сөзі арқылы жеткізген осы 
ойы көзі қарақты оқырманды терең ойға қалдырады. Жазушы осындай 
философиялық мәні зор авторлық сентенциялар арқылы оқырманның көкірек 
көзін оятып, өмір шындығына қанықтыра түсетінін байқаймыз. Жазушының 


113 
тағдыр талқысына түскен екі жан туралы жазылған «Өкпек жолаушы» атты 
повесі осындай афоризмдерге, адам жанының нәзік иірімдерін қозғайтын 
толғаныстарға толы. Мысалы:
«Осы сәт оның есіне жұртқа таныла алмай ерте қайтыс болған ақын 
досының бір айтқаны түсе кетті: «
Әрбір әйел 

 танылмаған планета. Жай 
ғана планета емес, әрқайсысы мұңлы планета. Бүкіл дүние жүзінің ұлы 
ғалымдары жиналып, әйтеуір бір кезде әлемнің құпияларын ашуы мүмкін, 
бірақ ешқандай ғылым, ешқандай данышпан қарапайым әйел жанының 
құпиясын аша алмайды
».
«Әжем қызық адам болатын, – деді Зейнеп әлгі қайғы құрсауынан 
біршама босанғандай кенет басқа әңгіме бастап... «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет