107
қазақтар үшін
«Отан»
қазақтың ұлан-байтақ сары даласы, кең де мол
дастарқаны (еті, қазы-қарта, қымызы, қою күрең шайы), дархан көңілі,
мамыражай тірлігі. Біздің байқауымызша, жалпыадамзаттық білімдегі
халықтық рең мазмұнынан аймақтық және елтанушылық маңызы бар білімдегі
ұлттық бояу көрінеді» [115, 178 б.].
Д. Исабековтің аялық білімі оның шығармаларында осындай ұлттық бояуы
қанық, астарлы, символдық мағынадағы тілдік бірліктерді қолдана білуінен
көрінеді. Жазушы шығармаларымен танысу барысында мәтінде автордың
әртүрлі бейнеде жасалғанын көруге болады. Бір шығармада автор кейіпкер
кейпінде болса, енді біреулерінде автор әңгімелеуші ретінде көрінген. Ол
автордың автор бейнесін танытуға шеберлігі мен ыңғайына қарай жұмсалған.
Көркем мәтінде автордың әртүрлі ракурста көрінуі жөнінде орыс ғалымы
И.А. Широкова
«Образ автора в художествонном произведении: отражение
отражаемого»
[138, 103 б.] атты ғылыми мақаласында жан-жақты
қарастырған. Ғалым автордың оқиғаны І жақта суреттеуін үшке бөліп
көрсеткен: «
автор – баяншы; кейіпкер – баяншы; кейіпкер образында
жұмсалмайтын баяншы.
Яғни
автор – баяншы
кейіпкерлермен диалогке түсіп,
оқиғаға деген өз көзқарасын білдіре алады. Ал
кейіпкер – баяншы
оқиға ішінде
болады. Үшіншісі, кейіпкер образында жұмсалмайтын баяншы басқа
кейіпкерлерді ғана емес, оқиғаны да, тіпті өзін де әртүрлі сипаттай алады.
Мысалы, Д. Исабековтің «Кемпірлер» атты әңгімесінде автор баяншының
көмегіне жүгініп, оқиғаны баяндауды соған ұсынады.
«Құлағы салпиған қара
күшік түнемеге там айналып шәуілдеп үріп шығады. Әліне қарамай ол да осы
үйді қориды, оған да осы үй қымбат.
Достарыңызбен бөлісу: