жүзін әжім көмген қарт әже деп кейіптеу әдісін
қолдана отырып жеткізген. Ал немере бейнесін ашуда да
«уыз» сөзін пайдалана
отырып, қазақтық танымына тамырластырған. Қазақ жақсының бәрін төрт түлік
малмен байланыстыратыны белгілі. Соның бірі – малдың уызы. Уыз – жаңа
төлдеген малдың ең маңызды сүті. Автор немерені ең алғашқы уызына теңеп,
оның жастығын, балғындығын, тазалығын жеткізіп отыр. Жазушының аялық
білімін танытатын «уыз» сөзі немеренің кейпін одан әрі аша түсетіндей.
Жазушының қазақ халқының күнделікті тіршілігінде, мәдени өмірінде ерекше
орынға ие болатын «шаңырақ» ұғымын да қалай қолданғанына талдау жасау
қызықты. Негізінде қазіргі таңда халық арасында шаңырақтың бірнеше
мағынасы қолданылады:
1) киіз үйдің уықтарын біріктіріп ұстап тұратын күлдіреуіштері бар
дөңгелек шеңбер;
2) өзінің туған тұрғын үйі;
3) орда, мекен;
4) әулет, үрім-бұтақ;
5) отбасы, жанұя [120].
Бұлардың қай-қайсысы болмасын қазақ үшін маңызды. Қазақ
танымындағы
шаңырақ бейнесі жоғарыда аталған мағыналардың барлығымен
тікелей байланысты. Қазақтың
«шаңырағың шайқалмасын», «қара шаңырақ иесі», «шаңырақ көтерді» деген тіркестері санамызда қалыпты ұғымға
айналып кеткен. Бұл ұғымды халық алдына ұсынып отырған жазушының да
нағыз қазақи тәрбиемен сусындаған тұлға екендігін көруге болады.
Д. Исабековтің келесі «Шалдар» әңгімесінде автор біресе кейіпкер болып
сөйлесе, бірде жай ғана баяншы ретінде оқиғаны баяндайды. Оны мына
үзіндіден көруге болады:
«Ақымақтар-ай, тентектер-ай түге ! О, жарым естер-ай десеңші! Бойына сыймаған күйініш пен өкініш, Қарекеңнің жан түбінен осы бір сөздерді лақтырып тастады. «Не жетпейді, ойпыр-ау не жетпейді екен бұларға. Ел тыныш,