Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет76/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

«Өй, әптің құрғыр
!» – дейді әжесі 
тыныш түнде ұйқысыз жатып. Бірақ, бұл кею емес, керісінше, оның бұл 
үнінен: «Үй болып, түтін түтетіп отырғанымызға шүкір. Балам өліп, келінім 
кетсе де 
жалғызымның көзіндей
 боп немерем қалды. Ішіме құса толып, өзіңе 
тіл тигізген кезім болса кешіре гөр жаратқан, қуартып қу басымды 
қалдырсаң қайтер едім. Немере сүйдіріп, ит асыратқаныңа, оны шәуілдетіп 
үргізіп қойғаныңа құлдық» деген жоққа нысап, барға қанағат ризашылық 
көңілін аңғаруға болар еді. Таң атқан соң бұлар да өзгелер сияқты өз 
тіршілігіне кіріседі. Екеуі сөйлеп жүріп қорадағы үш малды, өріске айдайды, 
итке быламық қайнатады. Сөйтіп жүргенде иығы бүлкілдеп сары самауыр да 
қайнап, әжесі дастарқан жаяды. Күнде осы кезде дастарқан басында екі адам 
отырады. Бір 

 
жүзін әжім көмген қарт әже
, екіншісі – 
уыздай балғын 
немере
. Барлық жастық шағы мен балғын дәуірін немересіне сыйлап әже 
отырады, сол әженің арқасында жетімдік дегенді жете білмей, мәз-мәйрам 
боп бала отырады. Сәлден кейін көрші кемпірлердің бірі кеп әңгіме құрады, не 
«шай іш» деп ертіп кетеді. 
Шаңырағы астында қонақсыз, кісісіз отыра 
алмайтын қазақ
 емес пе, біраз кемпір бір үйге жиналып, шөлдемесе де 
қоңыр 
әңгіме
 үшін күрең шайды жайлап тартып отырады. Бәрінің айтатындары ел 
тыныштығы, балалары мен немерелерінің амандығы» 
[93, 35 б.]
.
Көріп 
отырғанымыздай, қазақи тілмен, қазақи таныммен, қазақи болмыспен жазылған 
мәтін. Ең алдымен 
«жүзін әжім көмген қарт әже»
деген тіркес арқылы көз 
алдымызға ауылдағы ақ әжеміз елестейтіні анық. Қазақ танымында әжеден 


108 
қатты, әжеден жұмсақ адам жоқ. Бұл – парадокс. Әжемізден қаншалықты 
қорықсақ, соншалықты жақсы көреміз. Себебі ол да ана. Ал ананың жүрегі 
қашанда мейірімге толы ғой... Ақ кимешек киген, аяғынан мәсісін тастамайтын, 
бетінде қатпар-қатпар әжімі бар әже бейнесі – қазақтың санасына сіңіп кеткен 
бейне қазіргі таңда елеске айналғаны да шындық. Халық санасындағы сол 
әжені автор көз алдымызға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет