Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет14/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

антропоөзектілік
ұғымымен тіркесіп 
қолданылған «парадигма» термині ғылымның көптеген салаларында кездесіп, 
грек тілінен аударғанда 
«үлгі, мысал»
деген мағынаны білдіреді. Қазіргі 


15 
таңдағы лингвистика саласында аталмыш термин бірнеше мағынада жұмсалып 
жүр. Бірі – бір-біріне қарсы жұмсалатын лингвистикалық бірліктердің қандай 
да бір тобы немесе, керісінше, ортақ мағынасы, уәжі бар бірліктер тобы. 
Екіншісі – сондай топтардың сызбасы немесе үлгісі. Үшіншісі – 
морфологиялық парадигманың синонимі ретіндегі қолданысы. 
Тіл білімі тарихында тілді зерттеудің бір-біріне ұқсамайтын немесе бірін-
бірі толықтыратын бірнеше бағыттағы мектептері пайда болды. Бұл мектептер 
мен теориялық бағыттар ең алдымен зерттелу әдісіне қарай дәстүрлі (тұлғалық) 
және жұмсалымдық (функционалды) болып екі топқа жіктеледі. Бұл екі 
бағыттың бастау нүктесі (точка отсчета), зерттеу бағыты екі түрлі. Дәстүрлі тіл 
білімі тіл жүйесін «құралдық көрсеткіштен мағынаға» қарай зерттесе, 
жұмсалымды тіл білімі «мағынадан құралдық көрсеткішке» қарайғы бағытта 
қарастырады. Дәстүрлі тіл білімінде зерттеулер тілдің тұлғалық жағын нысан 
етіп алып, дыбыстардан бастап тілдегі күрделі құралдарға шейін қарастырады. 
Дыбыстардан бастап күрделі синтаксистік құрылымдарға дейінгі деңгейлік 
жүйені қамтитын дәстүрлі грамматиканың ізденістері бүгінгі таңда да екі 
бағытта (тіл жүйесіндегі ең ұсақ бірлікті табу – аллофон немесе тіл жүйесіндегі 
ең ірі құрылымдық бірлікті табу – мәтін) бірдей жүргізіліп келеді.
Дәстүрлі бағыттың олқы деген тұсы – тұлға мен мағынаға қатар сүйену, 
таза тілдік, логикалық және психологиялық санаттар мен бірліктерді 
араластыра қолдану. Сөйлемнің құрылысы бірде тұлғалық, бірде мағыналық, 
бірде таза психологиялық өлшеулерге сүйенетін сөйлем мүшелері арқылы 
сипатталады. Дәстүрлі тіл білімінде сөйлем нақты сөйлеу қатынасы 
жағдайынан тыс қарастырылады. Сөйлесу орны, оның тыңдаушыға 
қабылдануы есепке алынбайды. Дәстүрлі грамматикада бір тілдік бірліктің бір-
ақ мағынасы бар деп есептелінеді немесе оның негізгі мағынасынан өзге 
сөйлеудегі жұмсалымдық мағыналары толық сипатталмайды. Мәселен, 
дәстүрлі синтаксис өкілдері (жалпы дәстүрлі грамматика өкілдері) сөйлемге 
қатысты «аяқталған ойды білдіреді» деген анықтамасын ешқашан басшылыққа 
алған емес. Олар үнемі сөйлемді анықтау үшін формалды белгілерге сүйеніп 
келді. Атап айтқанда, нүктеден (сұрау, леп белгісі және т.б.) нүктеге дейінгі 
сөздердің тіркесі сөйлем деп танылды [2, 91 б.]. 
Ал функционалды грамматиканың зерттеу тәсілдері дәстүрлі бағыттан 
өзгерек болып келеді. Функционалды грамматиканың негізін адамдық фактор
ұғым мен таным құрайды. Оған қоса, тілдің барлық бірліктері қоршаған 
ортамен тығыз байланыста қарастырылады. Себебі тіл қандай жағдайда да адам 
мен әлем, тіршілік, қоғам арасындағы байланысты, қарым-қатынасты орнатуда 
негізгі қызметті атқарады.
Тілді парадигмалық аспектіде қарастырудың лингвистикалық негізі Ф. де 
Соссюрдің идеясынан бастау алатындығы белгілі. Парадигма ұғымы өзінің 
генетикалық жағынан морфологияға тән және мұны ғалымдардың басым бөлігі 
мойындайды. Оны сөздіктерде берілген анықтамалар да растайды. 
Морфологияда парадигма грамматикалық санат (санат) ұғымымен байланысты 
қарастырылады. Кез келген сөз түрлендіруші парадигма белгілі бір 
грамматикалық санатты құрайды.


16 
Синтаксистегі парадигматикалық ұғым да Ф. де Соссюрдің идеясымен 
сабақтастасып жатады. Синтаксистік бірліктер – сөз тіркесі мен сөйлем 
синтаксистің негізгі нысандары болғанымен, екеуінің өзіне тән парадигмалық 
сипаты бар, әрі олардың парадигмасы аталған бірліктердің ерекшелігін 
көрсетеді. Кейбір ғалымдар синтаксистік парадигмаға сөйлем парадигмасын 
ғана алуды ұсынады (П. Адамец). Синтаксистің зерттеу нысаны болып 
табылатын сөйлемнің синтаксистік құрылысы мен мағынасы қазіргі тіл 
білімінде теориялық жағынан түрліше сипатталады. Жалпы, синтаксистің 
негізгі бірлігі ретінде сөйлем өзінің тұлғалық және мағыналық құрылысы бар 
грамматикалық санат болып есептеледі. Сондықтан тілдік белгінің екі жағы 
ретінде құрылым мен мағына сөйлемді сипаттауда және оның қолдануында 
біртұтас бөлінбейтін бірлікте қарастырылады. Сөйлемнің әрі коммуникативтік, 
әрі нормативтік бірлік ретіндегі күрделі сипаты оны тұтас бір семантика-
синтаксистік, коммуникативтік-грамматикалық және құрылымдық жақтарынан 
өзара түйісуінің, ұштасуының орталығы етеді. Мұның өзі қазіргі синтаксисте 
сөйлемнің көп қырлы (аспектілі) күрделі тілдік құбылыс екенін дәлелдейді. 
Сөйлемнің сол көп қырларының ішінде маңыздысы – оны құрылысы мен 
мағынасының байланысы тұрғысынан зерттеу болып табылады. 
И.П. Распопов синтаксистік парадигманы морфологиялық парадигмадан 
ажыратыла көрсетілмегені жайлы айта келіп, синтаксистік парадигманы екі 
үлкен топқа бөліп көрсетеді:
1) конструктивті синтаксис парадигмасы; 
2) коммуникативті синтаксис парадигмасы. 
Конструктивті синтаксис парадигмасын екіге бөледі: 
1) Жақ санатының парадигмасы, 
2) Етіс санатының парадигмасы. 
Коммуникативті синтаксис парадигмасының мынадай түрлерін көрсетеді: 
1) мақсаттық бағыттағы парадигма (хабарлы, сұраулы және бұйрықты); 
2) коммуникативтік мақсаттағы парадигма. 
Парадигманы конструктивті және коммуникативті деп бөлуі дұрыс. Бұл 
мәселе тіл мен сөйлеудің тіл біліміндегі екі бөлек зерттеу нысаны екендігін 
көрсетеді. Бұл жұмыста екеуінің де парадигмалары қарастырылады. 
Ал Т.П.Ломтев сөйлемнің синтаксистік категорияларын зерттей келе, 
сөйлемнің мынадай белгілерін атап көрсетеді:
1) растау – жоққа шығару; 
2) қарым-қатынас түрі: баяндау, сұрақ қою, бұйрық беру; 
3) уақыт; 
4) модальдылық: шынайы – болжамды; өмір сүру модусы: болмыстың бар-
жоқтығы, мүмкіндік, қажеттілік; хабарламаның шынайылығын немесе жалған 
екендігін субъективті бағалау. 
5) айырбасталатын; 
6) заттың анықтығы, белгісіздігі, жалпыламалығы және ресмилігі; 
7) белсенділік-демибелсенділік. 
Тіл ғылымында ауызша сөйлеу, жазбаша сөйлеу деген ұғымдар бар. 
Ауызша сөйлеуде әр түрлі сазды үн шығады, яғни адамдар айтайын деген ойды 


17 
бір-біріне үн арқылы жеткізеді. Сөйлеуде есту сезімі қатысады. Ауызша сөйлеу 
интонациялық құбылмалылыққа өте бейім тұрады. Интонация деген ұғымға 
сөйлеу темпі, сөйлеу сазы, дауыстың құбылуы, екпін т.б. ұғымдар жатады. 
Адамның сөйлеу әрекеті оның көптеген психологиялық үрдістерімен 
(қабылдау, ерік, сезім т.б.) тығыз байланысты. Сондықтан ауызша сөйлеу 
кезінде эмоционалды бояу басым болады. Ауызша сөйлеу бет-жүзді құбылту, 
ым-ишара жасау және басқа да дене қимылдарымен толықтырылады. Сондай-
ақ аффективті элементтер қолданылады. Сөйлеу диалог және монолог түрінде 
келеді. Л.С. Выготский ауызша сөйлеуді нақтылығына байланысты сөйлеу 
арифметикасы десе, жазбаша сөйлеуді абстрактілігіне қарай сөйлеу алгебрасы 
ретінде атайды. Жазбаша сөйлеуді үйрету үшін жазбаша сөйлеудің стильдері 
мен жанрлары және олардың тілдік құралдары туралы білетіндерін естеріне 
түсірту қажет. Әдетте, мектеп, жоғары оқу орны бағдарламасын орташа игерген 
адамда да қолданбалы стильдер мен олардың жанрлары туралы түсініктері 
болады. Сөйлеу стилі түрлі сөйлеу тәжірибесінде қандай да бір ойды, идеяны 
білдіру үшін тілдік құралдарды қолдану тәсілдерінің жиынтығы ретінде 
анықталатыны белгілі [6]. Жіктемеде берілген сөйлем категориялары – ауызша 
және жазбаша сөйлеу әрекетіне тән белгілер болып табылады. Дегенмен, 
ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу кезіндегі тілді зерттеуде ерекшеліктер бар. 
Ауызша сөйлеуде әдеби нормаға жатпайтын тілдік бірліктер қолданылады. Ал 
жазбаша сөйлеу көбіне грамматикалық заңдылықтарға негізделіп жасалады.
Тіл білімінің тарихында ХХ ғ. бастап көптеген лингвистер Ф.де Соссюрдің 
«тіл сөйлеудің негізінде пайда болған абстрактілі жүйе, ал сөйлеу осы жүйені 
адамдардың қолдануы актуализациялану» деген тұжырымының негізінде тілді 
тек тұлғалық жағынан бір жақты қарастыру жеткіліксіз болатынын түсінді. 
Ш. Балли синтаксисте тілдің де, сөйлеудің де көріністері байқалады десе, 
В.В. Виноградов сөз бен сөз тіркесін 

сөйлемнің құрылыс материалы, ал 
предикативтілік пен модальділіктен тұратын сөйлемді коммуникативтік 
деңгейдің бірлігі деп танығаны белгілі. Шындығында да, грамматикадағы ұсақ 
бірліктерді жүйеге, яғни тілге, ал аяқталған ойды білдіретін сөйлемді сөйлеуге 
(речь) жатқызудың логикалық негізі жоқ емес. 
Адамзат тілді жасаушы және қалыптастырып, дамытушы болып табылады. 
Ал тіл болса, адамның дүниені танып, әлем бейнесін жасаудың, қарым-қатынас 
жасауының, яғни коммуникацияның басты құралы екендігі белгілі. Бұнда 
Д. Исабеков шығармаларының рөлі ерекше. Себебі жазушы кейіпкерді 
сөйлететін, сол сөзі арқылы кейіпкердің жан-дүниесін жеткізетін тұлға. Зерттеу 
жұмысына арқау болған Д. Исабеков – кейіпкер мен автор, автор мен оқырман, 
кейіпкер мен оқырман арасындағы байланысты мықты ұстай алған 
жазушылардың бірі.
Сондықтан қазір тілдің шеңберінен шықпай, оның таза өзін ғана тану 
жеткіліксіз. Оны тудыратын, қолданатын және болашаққа алып баратын 
адамға, нақты бір жеке тілдік тұлғаға назар аудармау мүмкін емес. Сол себепті 
бүгінгі тіл білімі саласында ақын-жазушылардың еңбектері тілдік тұрғыда жан-
жақты зерттеліп, автор тілінің жаңа қырлары, бір-бірінен ерекшелігі, авторлық 
қолданыстардың түрлі сипаты зерттеле бастады. Бұл біріншіден, тілдің түрлі 


18 
мүмкіндіктерін ашса, екіншіден жазушының тілдік ерекшеліктерін танытады. 
Д. Исабековтің шығармалары осы ғылыми жұмыста тілдік тұрғыдан зерттеле 
отырып, жазушының ойлау және сөйлеу кезіндегі жай-күйі қозғалатын болады.
Коммуникативті-прагматикалық тіл білімі сөйлеу актісі, сөйлеу жағдаяты, 
сөйлеу актісіне қатысатын просодикалық элементтер мен бейвербалды тілдік 
бірліктердің 
коммуникативтік-прагматикалық 
қызметін 
қарастырады. 
Прагматика – коммуникация кезінде міндетті түрде болатын, коммуникацияны 
ұйымдастыратын алғышарттардың бірі. Қандай да бір тіл бірліктерінің 
қолданысы, ойдың жеткізілуі прагматикалық сипатта өтеді. Осымен 
байланысты 
сөйлеу 
жүйесінде 
тіл 
бірліктерінің 
коммуникативтік-
прагматикалық қызметі деген терминдер бірге қарастырылады.
О.С. Ахманованың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет