Акманова галия рахметолиновна


Ақын шығармаларын орта мектепте оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері»



бет2/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,68 Mb.
#696
түріДиссертация
1   2   3   4
Ақын шығармаларын орта мектепте оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері» атты тараушада Шәкәрім шығармашылығын орта мектепте оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері талданған.

Шәкәрім еңбектеріне бойлаған сайын бүгінгі ұрпақ ұлы ойшылдың білімге шақырған ұранды үнін ғана емес, оның адамзатты тәрбиелеу саласындағы даналық ақылын терең меңгеріп, нұсқаған тағылымдарындағы теориялық ой-пікірлерге қаныға түседі. Оның педагогика ғылымының дидактика саласына қатысты пікірлері де ұшан-теңіз екендігіне көзіңіз жетіп, өнеге алар тұстары баршылық. Шәкәрім шығармаларының ішкі сырларын терең де, жан-жақты білу үшін жалпылама айтумен ғана шектелмей, ол ұсынған ойларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан өте байыпты да байсалды аңғара білу қажет. Өйткені, Шәкәрім дидактиканың басты принциптері мен ғылымды меңгеру тәсілдерін және оны игерудің амалдарын даналықпен дәл нұсқап, педагогикалық-психологиялық негіздерін терең аша білген.

Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушының ойлау мен тілін дамыту, қабылдау, ес, қиялды жетілдіру сынды психологиялық үдерістер Шәкәрім шығармаларын меңгерту барысында қалыптастырылатыны еңбекте нақты мысалдармен көрсетілді. Білім алу үдерісінде оқушының саналы түрде ойлай білу дағдысы дамып отырады. ҮІ сыныпта берілген «Адамдық борышың» өлеңі ой-санасы енді-енді толыққанды жетіліп келе жатқан жасөпірім оқушыға зор ықпалын тигізері анық. Қазіргі біздің қоғамымыз үшін ақын шығармасында берілген «Адам» деген ұғымды биік ұстап, «Азамат» болып қалыптасу идеясы жеке тұлғаның жан-жақты өсіп, қалыптасуында нағыз тәрбие құралы болып табылады. Шәкәрім санамалап, атап көрсеткен «халқына еңбек ету», «ақ жолдан айнымау», «ар сақтау», «білім мен өнерді үйрену», «мансаптың тағы үшін мақтанға салынбау», «келешек қамы үшін жол көрсету», т.б. ұлағатқа, өнегеге толы адамға тән қасиеттерді оқып отырған жас жеткіншек әр ұғым-қасиетті ойлана отыра, меңгеріп, оның байыбына жетуге тырысары анық. Үйде де, мектепте де осындай тәрбие алған бала болашақта елінің бетке ұстар, халқына қамқор азаматы болып қалыптасатынына шек келтіруге болмайды.

Адамдар арасындағы бір-біріне деген шынайы қарым-қатынас негізі оны сол ортада дұрыс ұстап жүріп-тұруына ықпал ететін мінезге байланысты болады. Мінез де – психологиялық процес. «Мінез» қасиеттерін таным әрекеті арқылы қарастыру теориясы Шәкәрімнің бірнеше өлеңдерінде көрініс тапқан. Оқыту - баланың ой-санасын ғана дамытып қоймайды, оның ішкі сезімдерін, ерік-жігерін, мінез-құлқын қалыптастырады. Соған қарағанда, Шәкәрім шығармаларының дені – адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың басты құралы.

Егер сезіну барысында адам танылуы тиіс нысанның белгілі бір қасиеттері туралы дерек алатын болса, қабылдау сол тұлғаның немесе обьектінің тұтас бейнесін жасайды. Өйткені, қабылдау дегеніміз – адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер ету барысында обьектінің түрлі жеке-жеке қасиеттерінің бір жинақталғанын танытатын психикалық процесс [11, 32 б.]. Қабылдау өзіне тән тұтастық, константтық, құрылымдық, түйсіктілік және талғампаздық қасиеттерге ие. Шәкәрімнің өлеңдерін оқушыларға меңгерту кезінде кез келген шығармасын олардың қабылдап, өлең мазмұнын нақты оймен жеткізе білуі, идеясы мен тақырыбын дұрыс айқындай алуы, өлеңдегі не поэмаларындағы кейіпкер бейнесін толық сомдап шығуы аса маңызды. Ақын шығармаларын қабылдау негізінде оқушылардың танымдық ой-өрісі, адам бойындағы жағымды, жағымсыз қылықтарды түйсіне білуі, кез келген іске салыстырмалы түрде қарау, сараптап, таразылау қасиеттері артады.

Қабылдау жүзеге асуы үшін қажет қасиеттердің бірі – зейін. Зейіннің барлық табиғаты оның талғампаздығында, берілген мәліметті игеруде саналы не санасыз түрде әрекет ету. Зейін – сананың жеке тұлғаның белгілі бір нысанға назар аударған уақыттағы бағыт-бағдары, назар аударуы. Оқушының зейінін дамыту үшін сабақта басынан аяғына дейін Шәкәрім шығармаларына қатысты деректер, түрлі тапсырмалар арқылы ұстап отыру керек. Сабақта ақын өмірбаянына, шығармашылығына қатысты тың, жаңа мәліметтер айтылса, соғұрлым балалардың сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. Әрі зейіндері жетіліп, дамып отырады. Мәселен, «Адамдық борышың» өлеңіне ассоциация құру туралы тапсырма берілгенде оқушылардың ерекше бір ынтамен орындағаны байқалады. Нәтижесінде оқушының логикалық ойлауы қалыптасады, зейіні тұрақтайды, сезімі оянады, арманын ұштайды, өзін-өзі тануға жол ашады. Сөйтіп, оқушы бойында психологиялақ сана қалыптасып, өзіндік тұжырым жасауға дағдыланады. Ассоциация құру арқылы оқушы қабылдаған білім нәтижесі төмендегі кестедегідей қорытындыланды.

1-кесте




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет