Акманова галия рахметолиновна


«Жалпы білім беретін орта мектепте Ш. Құдайбердіұлының шығармаларын оқытудың әдістемелік жүйесі»



бет3/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,68 Mb.
түріДиссертация
1   2   3   4

«Жалпы білім беретін орта мектепте Ш. Құдайбердіұлының шығармаларын оқытудың әдістемелік жүйесі» атты 2-тараудың «Қазақ әдебиетіндегі ақын шығармаларын жаңа технология арқылы оқытудың әдістемесі» деген тараушасы қазіргі заман талаптарына сай Шәкәрім шығармаларын оқытудың жаңа инновациялық технологияларын танытуға арналған. Соңғы кездерде педагогикалық технологияға ғалымдар тарапынан қызығушылық арта түсіп, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді оқу үрдісіне пайдалануға байланысты көптеген зерттеу еңбектері жүзеге аса бастады. Білім мазмұнын жаңарту қажеттігіне сай ең озық технологияларды жүйелі түрде қолдану – өркениетті елдер қатарына енудің бірден-бір жолы болмақ. Ресейлік және қазақстандық ғалымдар ғылым мен тәжірибені ұштастыра зерттеп, жаңа педогогикалық технология үлгілерін тиімді қолданудың жолдарын барынша нақты түрде көрсетті. Әсіресе, мектептерде оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары пайдаланылып, сабақ үрдісінде қолданылудың ерекшеліктерін В.Беспалько, В.К.Дьяченко, В.В.Гузеев, М.В.Кларин, Д.Хогрид, В.М.Монахов, Г.К.Селевко, М.А.Чошанов, Г.Нұрғалиева, С.М.Құсайынов, Ж.Қараев, Н.Нұрахметов, М.Жанпейісова, Г.Д.Әуелбекова, З.Бейсембаева, С.К.Исламгулова еңбектері әр қырынан нақтылайды. Орыс әдіскер-ғалымдары А.М.Берг, В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Н.Р.Талызиналардың бағдарламалы оқытуы, Л.В.Занков, А.С.Выготскийдің дамыта оқытуы, В.Р.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н. Лысенкованың оза оқытуы, Ш.А.Амоношвили, Е.Б.Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы, В.М.Монаховтың модульдік оқытуы, В.Дьяченко, К.Я.Вазиналардың ұжымдық оқытуы, М.И.Махмудов, М.Н.Скаткиндердің проблемалық оқыту технологиялары кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар, бүгінгі таңда ұстаздар қауымының жас ұрпақты біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық, ізденімпаздық қабілетін дамыту барысында қазақ әдіскерлері Т.Ақшолақов, Қ.Тасболатовтың «Проблемалық оқытуы», М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», Ж.Қараевтың «Білім беру жүйесінің ақпараттандыру технологиясы», «СОРОС-Қазақстан қайырымдылық қорының оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясы», Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісін қалыптастыру, тұлғасын дамыту бағытында тағы басқа озық оқыту технологиялары қарқындап келуде. Егеменді еліміздің дамушы елу мемлекет қатарында болудың негізгі бір талабы – мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін жаңа технология элементтерін сабақта қолдануды талап етіп отыр. Қазіргі жаһандану заманында жаңа технологияның басты мүддесі – оқушыны жай білімнен шығармашылыққа дейін көтермелеу. Қазіргі заманда жаңа технологиямен қаруланған ұстаздардың жеке тұлғаны қалыптастыруда көп ұтары сөзсіз.

Шәкәрім шығармаларын оқытуда жаңа технология элементтерін тиімді қолданудың негізгі мақсаты – оқушыға берілетін білімнің ғылыми жүйелілігі және білімді белсенділікпен саналы меңгере отырып, білімнің тиянақтылығына ерекше мән беру.

Шәкәрімнің ақындық жолының бір арнасы – поэмалары. Жалпы білім беретін орта мектептің әдебиет пәнін оқыту бағдарламасына енген Шәкәрім өлеңдерін оқыту барысында байқалатын басты ерекшелік, ақынның, ең алдымен, сыршылдығы, өсиетшілдігі, қатал сыншылдығы, өлең тақырыптарын уақыт талабы, заман көшіне қарай асқақтата жырлай отырып, соның бәрінде де мәңгілік жолдарын негізгі нысана ету белгілері болса, ал поэмаларында осы жанрдың негізгі қасиеттері – мазмұны мен көркемдіктің бірлігін, оқиғамен өрілген образдылық пен идеяның ұштасатынын оқушының тануына және де әр поэманың мазмұндық желісі, көркемдік шешімі, образдар әрекеті сол оқиға болған тұстың шындығымен жырланатынына көңіл аударылуы қажеттігі зерттеу жұмысында талдап көрсетілген.

Поэманы талдау барысында оқытушы: «Поэмадағы қазақ ауылының шынайы келбеті қандай?» т.б. ізденгіш тапсырмалар беру кезеңінде оқушының көз алдына ауыл өмірі жанды сипатымен елес берері сөзсіз.

Поэмадағы үлкен ерекшелік – тұрмыстық, әдет-ғұрыптық көріністердің тапқыр суреттелуін яғни, ескі қазақ ауылының бүкіл тіршілік дүниесін реалистік тұрғыда суреттегенін оқушы танып қана қоймай, ақынның ауыл өмірінің шындығын бейнелеуде қажет детальдарды орынды қолданғанын байқату. Мысалы, «Қалқаман-Мамыр» поэмасында байдың «еркек-шора» қызы Мамырдың балалық, жастық өмірі, Қалқаманмен жылқыда жүріп кездесуі, жұмбақ айтыстары, «Бастаңғы» ойыны, тағы сол сияқты ұсақ көріністердің қай-қайсысы да ауыл өмірінің шындығын бейнелеуде көмегін тигізетін қажет детальдар екендігін оқушыларға поэманы талдау барысында айқындап танытудың маңызы ерекше. Өйткені, ақын поэма желісінің басталу, байланысу, шиеленісу, шарықтау кезеңдеріне жанды динамикалық сипат берген. Поэманың сюжеттік, композициялық жинақтылығы, құрылымы оқырманды өзіне баурап, тартымдылығымен қызықтырады.

«Қалқаман- Мамыр» поэмасын топтық жарыс сабағы және деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту сабақтың құндылығын арттырады.

І топ. Тапсырма. 1. Шәкәрім қай жылы, қай жерде дүниеге келген? Шәкәрім кім? ассоцация құрастыр.

2. Абайдың Шәкәрімге қандай туыстық, қамқорлық, тәрбиелік әсері болғаны туралы не айтар едің?

ІІ топ. Тапсырма. 1. Шәкәрімнің әр тілді меңгеруіне кімдердің ықпалы болды?

2. Шәкәрім қандай шығыс классиктерінің шығармаларын оқып, танысты? Ассоциация құрастыр.

ІІІ топ. Тапсырма. 1. Поэмадағы басты кейіпкерлер бейнелерін мәтіннен мысалдар оқи отырып талдау.

2. Қалқаман мен Мамырдың аталары кім? Туыстық тегін таратыңыз.

Әр топ оқушыларының орындаған тапсырмаларын талдай және толықтыра отыра, оқушылармен әрі қарай деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жүргізіледі.

1-деңгей.

1. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы қашан жазылып, жарық көрген?

2. «Қалқаман-Мамыр» поэмасында қандай оқиға суреттелген?

3. Жырдағы басты кейіпкерлер кімдер?

2-деңгей.

1. Жырдағы басты кейіпкерлерге мінездеме бер, ақынның кейіпкерлерді таныстыруын мәтіннен тауып оқы.

2. Екі жасты қатаң жазалануындағы негізгі себеп қандай? Өзіндік ой-тұжырымың?

3. Әнет баба алғашқы бітімінен неге ауытқыды?

3-деңгей.

1. Қалқаман мен Мамыр арман-мұратына жетті ме, жетпесе кім кінәлі?

2. Қалқаман-Мамыр тағдыры қандай тағдыр деп ойлайсың? Сенің өзіндік көзқарасың қандай?

3. Мәмбет сопы, Кішіктің шешесі бір,

Қатаған Тұрсын ханның ханшасы, - деген өлең жолдарын ақын қай шығармасында талдап көрсеткен?

4-деңгей.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Егер мен Қалқаман болсам» тақырыбында ой-толғау жазу тапсырылады.



Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі: әр деңгей бойынша оқушылар өз білім дәрежесіне, қабілетіне қарай тапсырмаларды орындайды. Бұл тапсырмалар оларды поэманың мазмұнын игеріп қана қоймай, өз бетімен ізденуге, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, өзіндік ой қорыту, тұжырым жасауға дағдыландырады.

Әрі қарай мәтін бойынша түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі (еркек-шора, бастаңғы, оғат, халал, асық, шаһит болу).



Сабақтың ұтымдылығы: оқушылар мұндай сабақтарда Шәкәрім еңбектерінің әрқайсысын өз бетінше талдауға үйренеді. Шәкәрім шығармаларындағы ізгілік, шапағат, мейірімділік, т.б. қасиеттерді бойына сіңіре отырып, қатігездік, заманның ескі ойларынан шыға алмайтын мінездерден, қайырымсыздық қасиеттерінен өздерін аулақ ұстау жөнінде тағлым алады. Әр түрлі әдістер қолдану негізінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы оянып, қызығушылығы артады. Шәкәрім шығармаларын дамыта оқыту технологиясымен игерту барысында жұмыста төмендегідей жаттығу-тапсырмалары берілді:

1-жаттығу. «Қалқаман-Мамыр» мен «Еңлік-Кебек» поэмаларындағы Әнет баба мен Кеңгірбай бейнелерінде ұқсастық бар ма?

Мақсаты: оқушылардың шығарма мазмұнын жүйелі меңгеріп, оны талдай алу қабілетін дамыту.

Ұтымдылығы: поэманың желісін жетік білуі, шығарманың өн бойынан басты кейіпкерлерді тани білуі, кейіпкерлердің бейнесін сомдауға ұмтылуы, жағымды, жағымсыз қасиеттерді ажырата отырып, өзіндік көзқарасын дәлелдей білуге баулу.

2-жаттығу. Шәкәрім неліктен «талап пен ақыл» ұғымдарына ерекше мән береді? Бұл ұғымдар қай өлеңінде кездеседі?

Мақсаты: оқушыны өлеңді мәнерлеп оқудан соның ішіндегі тәрбиелік мәні бар сөздерді талдау деңгейіне жеткізу.

Ұтымдылығы: әр баланың ойлау, байқампаздық қабілеттері жетіледі. Ашық пікірін білдіруге талпынады. Мәтін мазмұнындағы басты ойды түсінуге тырысады. Өзін-өзі бағалай білуде өзіндік пікір қалыптастырады.

Білім алу – адам өмірінің ең басты қажеттілігі және шығармашылық, эстетикалық дүниетанымын дамытуға, рухани келбетін қалыптастыратын ең бағалы байлық. Демек, жүйелі түрде тиянақты тапсырмалар беру арқылы оқушы зейінін, назарын, ойлауын белгілі бір шығармашылық бағытқа баулу – оқушыларды ғылыми негізде ойлауға, өмірді танып-білуге, өзін-өзі дамытуға үйретеді. Әдеби көркем шығарманы қабылдаудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік болатынына нақтылы тәжірибелік зерттеу қорытындысы арқылы байқадық. Яғни, алдын-ала берілген проблемалық сұрау-тапсырмалары арқылы жүргізілген дайындық кезеңі оқушылардың психологиялық жағынан өзін-өзі дайындауына, оқуға қызығушылығын арттырып, тиянақты білім алуына жетелейді. Оқушы өзіндік ой-пікірін тұжырымдап, негізгі идеяны көркем мәтіннен таба білуге дағдыланатынын тәжірибе көрсетті.

Дәстүрден тыс сабақ түрінің қай-қайсысы болса да оқушының ой-өрісін, дүниетанымын, шығармашылық, ізденушілік қабілетін дамытуға өзіндік көзқарасын тұжырымдауға негізделгендігін көреміз. Дәстүрден тыс сабақ түрлері оқушының тілін дамытып, ойын ұштап, өзі талдап дәлелдеу арқылы өз пікірін ашып айтуға дағдыланады. Осы арқылы өз еңбегінің жемісін басқалармен бөлісіп, алған білімін жетілдіре, дамыта түседі.

«Шәкәрім шығармаларын сыныптан тыс жұмыстар арқылы меңгерту» деген тараушада жаңа әдістемелік технологиялар арқылы оқытудың сыныптан тыс үлгілері көрсетілген.

1991-1992 жылдан бастап республика мектептері өтпелі бағдарламамен жұмыс істегені белгілі. Бұл бағдарламада оқырмандық мәдениетті көтеруге ықпал жасау жағына баса назар аударылып, қосымша оқу, сыныптан тыс оқу тапсырмалары оқушылардың жас ерекшеліктеріне, біліміне, ой-өрісіне орай берілу ұсынылған болатын. Өтпелі бағдарламада, әсіресе, оқырмандық мәдениетті нағайтуға баса көңіл бөлініп, қосымша оқу, сыныптан тыс оқу, факультативтік оқу жұмыстары оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ой-өрісіне білім-біліктіліге сай берілу жағы қарастырылған болатын. Бағдарламада V-ХІ сынып оқушыларының сыныптан тыс міндетті оқитын шығармаларының тізімі беріліп: «бірақ, оқушыларды онымен шектеп қоймай тәрбиелік, білімділік мәні зор жаңа туындыларды сұрыптап ұсынуға мұғалімнің еркі бар», - делінген [12].

Жалпы, әдебиетті сыныпта оқытуды міндеттейтін шектеулі сағат мөлшері қазақ халқының аса бай әдебиетін толықтай оқытып-үйретуге мүмкіндік бере бермейді. Осы негізде әдебиеттегі аса ірі құбылыс болып танылған, туған халқының әдебиетіне терең із қалдырған алаш арыстарының шығармаларын оқыту жүйесі сыныпта оқытумен ғана шектелмей, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы да жалғастырылса, оқушылардың танымдық, қызығушылық қабілеттері арта түсері сөзсіз.

Сыныптан тыс оқу – сыныпта оқытылатын сабақтардың заңды жалғасы. Демек, белгілі бір ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығын өту барысында жоғарыда аталған қағиданы басшылыққа ала отырып, сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұтымды ұйымдастыру – оқушының әдебиетке, өмірге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына септігін тиізеді. Әдебиет бойынша сыныптан тыс жұмыстарды әдістемелік тұрғыдан зерттеп-зерделеген ғалым Т.Қонысбайқызы: «Сыныптан тыс оқу – танымдық қабілеттерді дамытудың, баланың ой өрісін кеңейтудің, өздігінен оқуға тәрбиелеудің кітапты пайдалана білуге үйретудің қуатты құралы болып саналады. Ең бастысы, оқуға деген құштарлықты оятып, қызығушылығын арттырады. Әдебиетке байланысты жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың қандай түрі болмасын оқушылардың ой–өрісін дамытып, білімдерін тереңдетіп, әдебиеттің ғылыми–теориялық жағын жете түсініп, оны өмірімен байлансытыруға ынталандырады. Сыныптан тыс жұмыстарды үнемі толықтырып өткізу, ұйымдастыру жолдары түрлендіріліп отырылады, оған белгілі бір шек қоюға болмайды, мұғалім ізденісіне сай үнемі дамуда болатыны белгілі» [13], – деп атап көрсеткендей, кез-келген сыныптан тыс жұмыстың мақсаты – оқушылардың алған білімін ары қарай дамытып, түсінігін арттырып, күнделікті іс-тәжірибеде қолдана білуі және халықтың салтын, мәдениетін, өнерін үйрену. Өз халқының әдет-ғұрып, салт-санасымен сусындаған бала сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға дағдыланады әрі бос уақыттарын ұтымды пайдаланып, оқу-тәрбие жұмысының жандануына жәрдемдеседі.

Шәкәрім шығармаларын насихаттауда жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс түрлері: сыныптан тыс оқу, драмалық үйірмелер, мәнерлеп оқу үйірмесі, әдеби-көркем кештер, экскурсиялар, туған өлке бойынша жорыққа шығу, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы, қазақ тілі мен әдебиет апталығы (әдебиет газеті және қолжазба журналдар, әдебиеттік ойындар әдеби турнир), кинотеатрларға бару т.б.

Мәнерлеп оқу - оқушылардың тілін дамытып, аса шешен сөйлеуге, үйретуде тәрбиелік маңызы ерекше. Оқылатын көркем шығарманың мазмұнын, идеясын бір-бірімен егіз өрімдей бірлікте қарастыра отырып, оның оқылуына ерекше мән беру қажет. Шәкәрім шығармашылығына байланысты сыныптан тыс мәнерлеп оқу үйірмесінің жұмыс түрлерін әр сынып деңгейіне қарай топтап жүргізу тиімділігі ескеріледі.

Жалпы білім беретін орта мектептерде Шәкәрім шығармалары бастауыш сыныптан бастап оқытыла бастайды. 2-сыныптың ана тілінде «Сен ғылымға», 3-сыныпта «Бостандық таңы атты», «Бір кесе меруерт» әңгімесі, 4-сыныпта «Жас келер», 5-сыныпта «Еріншек», 6- «Жолама қулар маңайға», «Адамдық борышың» өлеңдері оқытылады. Осы оқытылатын өлеңдерді негізге ала отырып, осы сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу үйірмесін ұйымдастырған өте оңды әрі пайдалы. Себебі, сәтті шығарма, сәтті оқылса, тыңдаушысының жүрегінен жол тауып, санасына ой салады. Оқушы шығармадан ләззат алады.

Халқына қоғамдық әлеуметтік, рухани мол мұра қалдырған, демократтық-ағартушылық ұғымдарды уағыздаған ақынның өмірі мен шығармашылық еңбектерін оқу бағдарламасында берілген материалдарды оқыту және сыныптан тыс оқу жұмыстарында кеңінен насихаттай отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруда оқушылар арасында ұйымдастырылған әдеби кештің рөлі ерекше. Халқына қоғамдық-әлеуметтік, рухани мол мұра қалдырған, демократтық-ағартушылық ұғымдарды уағыздаған ақынның өмірі мен шығармашылық еңбектерін, оқу бағдарламасында берілген материалдарды сыныптан тыс оқу жұмыстарында кеңінен насихаттай отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруда оқушылар арасында ұйымдастырылатын әдеби кеш өте маңызды.

Сыныптан тыс жұмыстардың тағы бір түрі – үйірме. Тәуелсіз елдің болашақ ұрпағының интеллектуалдық ой-өрісін дамытуда үйірме жұмысы да көп көмегін тигізеді. Шәкәрім шығармаларының жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез құлқын қалыптастыруда да ықпалы мол болғандықтан, оны үйірме жоспарына енгізіп, оқушыларға танытудың маңызы өте зор.

Үйірме жұмысы педагогтар мен оның жұмысын ұйымдастырушылардан талмай ізденуді, тың серпінді күш-қайратты талап етеді. Сондықтан да Шәкәрім шығармаларына қатысты сыныптан тыс жұмыстың бірі – үйірмені ұйымдастырғанда, ең алдымен, оның мақсат, міндеттері белгіленді.

Үйірме жұмысының мақсаты: оқушыларды Шәкәрім шығармаларымен сусындата отырып, сол шығармалар мазмұнындағы ұлтжандылық, халқына деген құрмет, адами қасиеттерді қалыптастыру.

Үйірменің міндеттері:


  • Ш.Құдайбердіұлы мұрасын танып білуге тәрбиелеу, мәдени байлықты игерту;

  • ұлы ақын шығармаларындағы жалпы адам қоғамы жинақтаған адамгершілік мораль нормаларын, қарым қатынас мәдениетін, тәрбиелілікті меңгерту;

  • Шәкәрім өлеңдеріндегі жақсылық қасиеттерді өмірлік ұстаным ретінде басшылыққа ала отырып, адал ғұмыр кешуге, дұрыс тәлім-тәрбие алуға оқушыларды баулу.

Үйірменің отырыстарында Шәкәрімнің қысқа және көлемді шығармаларымен таныса отырып, соның негізінде пьесалар, шағын драмалық қойылымдар әзірленіп, мектеп ұжымына ұсынылып отырылды. Шәкәрімнің өз өмір тарихынан болсын, «Қалқаман Мамыр», «Крез патша», «Дубровский әңгімесі», т.б. туындылары болсын шағын қойылымдар қойылды.

Шәкәрім шығармаларын таныту мақсатындағы сыныптан тыс жұмыстардың бірі – саяхат (экскурсия). Әсіресе, Семей өңірі үшін мұндай саяхаттардың берер тағлымы орасан зор. Абай шығармаларын өткенде, Абай ауданы Қарауыл елді мекенінің жанындағы Жидебай аулына саяхат жасалса, енді бірде Семей қаласындағы орталық мұражайға барып, Абай жөнінде көп мәліметтер алып қайтты.

Шәкәрім шығармашылығын, өмір жолын танытуда Шыңғыстау бөктеріндегі саятқораға, одан кейін Жидебайдағы Шәкәрім мазарына саяхат ұйымдастырылды. Оқушылар мен екі-үш мұғалім барған жерлерінде Шәкәрімге қатысты мол деректерге қанықты. Халық қалаулысының елден безіп, тау ішінен пана тауып, саятқорада жасырын өмір сүруі, оның шығармаларының көпшілігі осы жерде дүниеге келгендігін оқушылар өте қызығушылықпен ынта қойып, тыңдады. Тіпті Шәкәрім өлеңдерін жазып жүрген дәптер мен жекелей парақтарын Күйкентас тауының әр жеріне жасырып қойғанын да, оны кейін Шұбартау ауданының Нәстілек деген азаматы тауып алып, ғалым Қайым Мұхаметхановқа бергенін естіген оқушылар таң-тамаша қалысты. Тауға шықты, Шәкәрім жүрген жерлермен жүрді. Балалардың бойына шабыт бітіп, ерекше әсерге ие болды.

Қорыта келгенде, оқушыларға Шәкәрім шығармаларын сыныптан тыс меңгерту жүйесі оларға бүкіл адамзаттық құндылықтарды, патриоттық, азаматтық сезімді тұлға бойына кешенді негіздеуге, орнықтырып оқытуға бағытталады. Балаларды интеллектуалдық, эстетикалық, коммуникативтік сезім-санасы мен мәдениетіне баулиды. Оқушылардың жеке тұлғасын Шәкәрім шығармаларын игерту негізінде қалыптастыруда мұндай сыныптан тыс жұмыстар жүргізу – бүгінгі заман талабы. Олар оқушы дүниетанымын байытып, өмірге деген көзқарастарын одан әрі ұштай түсері хақ.



«Ақын шығармаларын оқыту барысында жүргізілетін тәжірибелік эксперимент жұмысының нәтижелері» атты тараушада эксперимент, бақылау нәтижелері бойынша шығарылған қорытынды нәтижелер талданды.

Ақын шығармашылығын жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде оқыту мәселесі, оқыту әдістемесі ғылыми тұрғысында арнайы зерттелмегендіктен, ақын шығармашылығын оқыту барысында эксперименттік жұмыстар 2005 жылдан бастап Семей қаласындағы №22 қазақ орта мектебінде, № 33 орта мектебінде және Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылындағы Күлмен орта мектептерінде жоспарлы бағдарлама бойынша жүргізілді. Эксперимент кезінде оқыту үрдісінде қолданып жүрген әдістемелік жұмыстардың ақын шығармаларын меңгерудегі жолдарын анықтауға жаңа технология арқылы, оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, бақылау жасауға оқушылардың өздік, шығармашылық, іздену жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді.

Экспериментке Семей қаласындағы №22 қазақ орта мектебінде, №33 орта мектебінде және Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылындағы Күлмен орта мектептерінен әдебиет пәні бойынша Ш.Құдайбердіұлы шығармалары оқытылатын 6, 8, 10 сыныптардан 350 оқушы қатыстырылды.

Эксперимент жұмысының негізгі мақсаты – Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың сапасын арттыру нәтижесінде жеке тұлғаның дамуына сәйкестендіре отырып оқушылардың әдеби материалдарды толық оқып игеруін жүзеге асыру, баланың әдеби білім деңгейінің дамуын қалыптастыру.

Эксперимент жұмыстарын жүргізу үш кезеңге топтастырылды:

1. Анықтау кезеңі

2. Бақылау кезеңі

3. Қорытынды кезең

Эксперимент жұмысының алғашқы кезеңінде оқушылардың Ш.Құдайбердіұлы шығармаларын қаншалықты деңгейде білетіндігін анықтап, жинақтау мақсатында арнайы анкеталық сұрақтар, тест тапсырмалары, әңгімелесу, жазба жұмыс түрлері, ауызша пікірлесу жүргізілді. Осы негізде оқушылардың ақын өмірі мен шығармаларын тану деңгейін ақынға деген көзқарасын танып-білу мақсатындағы бақылау жұмыстарының қорытындысын саралай келе:


  • экспериментке дейінгі сынып оқушыларының 67 %-ы Ш.Құдайбердіұлы өмірі мен шығармалары туралы аз білетіндігін;

  • оқушылардың 25 %-ы оқулық көлеміндегі берілген материалды меңгерумен ғана шектелетінін;

  • оқушылардың 8 %-ы ақын шығармаларына мүлдем көңіл аудармайтындығы байқалды.

Жоғарыда көрсетілген мектептерден эксперименттік және бақылау сыныптарын белгілеп, Ш.Құдайбердіұлы шығармаларын жан-жақты меңгерту үшін жоспарлы әдеби тапсырмалар жүйесі құрастырылды. Эксперимент жүргізу барысында тәжірибе жүргізілетін сыныптардағы оқушылар саны мен бақылау сыныбындағы оқушылар саны теңестірілді және орындалатын оқу материалдың мазмұны, ондағы сұрақ-тапсырмалардың көлемі де бірдей деңгейде қарастырылды.

Тәжірибе барысында «Еңлік-Кебек» поэмасы бойынша эксперимент сыныбына шығарманы оқушылардың өздігінен оқып қабылдауы үшін төмендегідей проблемалық сұрау-тапсырмалар, іздену жұмыстары, әдеби жаттығулар берілді. Поэманы оқу барысында осы мәселелерге ерекше назар аудару тапсырылды.

1. «Еңлік-Кебек» поэмасы қандай оқиғаға негізделіп жазылған?

2. Поэмадағы Абыз – қандай кейіпкер?

3. Жырдағы басты кейіпкерлерге мінездеме беріңіздер

4. «Еңлік-Кебек» поэмасы тарихи поэмаға жата ма?

5. Екі жасты қатаң жазалануындағы негізгі себеп қандай? Өзіндік ой-тұжырымың қандай?

6. Қазіргі кезде «Еңлік-Кебек» ескерткіші ненің символы?

7. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген тақырыпқа ой-толғау жазыңыздар.

Ал бақылау сыныбында поэманы оқу ғана жүктелді, арнайы тапсырма берілмеді. Соның нәтижесінде оқушылардың поэманы оқу барысында идеясы мен мазмұнына немқұрайлықпен қарағандығы байқалды. Сонымен қатар, орта буын оқушылар арасында есту, көру арқылы көркем шығарманы тану, сезіну, түйсіну, қабылдау деңгейін бақылау мақсатында шығарманы кинетикалық түрде елестету, іштей түйсіну, еліктеу, көру арқылы сияқты психикалық принциптерге құрылған «Еңлік-Кебек» поэмасына тәжірибе жұмысы жүргізілді. Тәжірибе барысында эксперимент сынып оқушыларына «Еңлік-Кебек» поэмасының театрлық қойылымын көру жұмысы ұйымдастырылса, бақылау сыныбына тек поэма мазмұнын баяндаумен шектелдік. Әдеттегідей, шығарманы талдап-талқылау барысында эксперимент сыныбындағы оқушылардың көру, тамашалау арқылы есте сақтау қабілетінің жоғары деңгейде болғандығы байқалса, ал бақылау сыныбының қорытындысы бойынша есте сақтау қабілетінің төмендігі көрінді. Педагогикалық тұрғыдан жоспарлы ұйымдастырылып жүргізілген эксперимент, тәжірибе жұмыстары оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, білім алуға, әдеби көркем шығармаға оқырмандық қызығушылығын арттырып, танымдық-эстетикалық көзқарасын қалыптастырып, өзін-өзі дамытуға, ден қоятындығы тәжірибе жүзінде айқын байқалды.



6-кесте

Педагогикалық тұрғыдан жоспарлы ұйымдастырылып жүргізілген эксперимент, тәжірибе жұмыстары оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, білім алуға, танымдық-эстетикалық көзқарасын қалыптастырып, өзін-өзі дамытуға ден қоятындығы да бақыланды.

Эксперимент жүргізілген сыныптардың қорытындысында оқушылардың берілген тапсырмаға ынтамен, ар-ожданмен, ерекше зейін қойып, қабылдау деңгейі, оқуға деген қызығушылығы арта түсті.

4-кесте. Эксперимент қорытындысы




Эксперименттік тәжірибеге қатысқан оқушылардың білім, білік дағдысының деңгейі

Сынып түрі

Оқушы саны

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

%

Эксперимент сыныбы

350

198 оқушы

104 оқушы

48 оқушы

86 %

Байқау сыныбы

350

152 оқушы

120 оқушы

78 оқушы

77 %


Акманова галия рахметолиновна
Ақын шығармаларын орта мектепте оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері»

Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу