Шағын бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және оларды әлеуметтік серіктестік жұмыстарға тарту бағытында жүйелі жұмыстар жасалынуда. 2011 жылы 3 адам, «Ауылшаруашылығы қолдау қоры» арқылы 1,9 млн теңге несие алуға, «Сыбаға» қоры арқылы 4-адам 13 млн теңге несие алуға құжаттарын жинауда, Қазіргі уақытта 1-адам А.Жумакулов «Сыбаға» қоры арқылы 4 млн несие алып, 30-бас малды бордақылау жұмысымен айналысуда. Ауылда 2 жеке дүкен, 1 кафе, 3 жолаушы тасу, жеке тұрғындардан мал алып тапсыру бағытында 1 кәсіпкер жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкер А.Жумакулов жалға 5 га жер алып, оның 1 га картоп, қалған 4 га жерге бау – бақша өнімдерін екті. Ауылда табысы күн көріс деңгейінен төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілуде. 67-отбасы балаларға арналған жәрдемақы алып отыр. Жол картасы бойынша 6-айға 1 отбасы жұмысқа жіберілді, 2-адам тұрақты, 3-адам маусымдық жұмысқа орналасты. 14-адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып оларға 104,2 мың қаржы төленді. Жұмыспен қамту орталығына 56-адам жолығып, 23-адам тұрақты және маусымдық жұмысқа орналасты. 37-адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданып оларға 912,2 мың қаржы төленді. Желтоқсан айында әлеуметтік орындарға табиғи газ жүргізген «Символ» ЖШС-на жұмыссыздар есебінен 16 адам тартылып олар 1-ай жұмыс жасады.
Денсаулық сақтау
Ауылдық амбулаторияда 4 арнаулы орта білімді медицина қызметкері жұмыс жасайды. Автотранспортпен қамтамасыз етілген. Жоғары білімді дәрігер жоқ. Аудан орталығынан дәрігерлер келіп көмек көрсетуде. Есепте тұрған жүкті әйелдер мен балаларға дәрі–дәрмек, шприцтер тегін беріледі. Жыл басынан бері 17 жүкті әйел есепте тұрды. Оның 15–сі босанды. Скринингтік тексеруден жоспарланған 91 адам өтті. Облыстық қан орталығанан қан алушылар мамыр айында келіп, жоспардағы 80 адамнын орнына 85 адамнан қан алынды. Туберкулез ауруымен ауыратын 1 адам, онкологиялық аурумен ауыратын 5 адам, сары аурумен 3адам, қатерлі ісікпен 3-адам ауырып есепте тұрады. Олар жыл сайын флюорографиялық және дәрігерлік тексеруден өткізіліп тұрады. Биылғы жылы сәуір айында жылжымалы флюрографиялық машина келіп, 225 адам тексерістен өтті.