Аксолотльдің бауыр жасушалары: Боялуы: гематоксилин және эозин


Бір қабатты куб пішінді эпителий



бет4/22
Дата16.02.2022
өлшемі9,66 Mb.
#132003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
гиста препараты 115 (1)

Бір қабатты куб пішінді эпителий
Сирек кездесетін эпителийдің түрі. Бұның негізгі функциясы – ылғал беттерді қорғау.
Бұл кезде секрет бөлу немесе сіңіру қызметтерін атқармайды.
Осы эпителийдің барлық клеткалары біріне-бірі ұқсас. Кейбір бездердің өзектерінде кездеседі. Көпшілік жағдайда бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий өзгеріске ұшырап, қорғау қызметтерімен бірге секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады.Секретор-лық және сіңіруші клеткалардан тұратын бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий ішекті астарлайды. Сондықтан оны ішек эпителийі деп атайды. Ішектің түрлі бөлімдеріндегі эпителиалдық. клеткалардың құрылысы бірдей емес, жалпы алғанда оларды екі топқа бөлуге болады:

  1. Ішектің қуысындағы қорытылған өнімдердің сіңіруін қамтамасыз ететін клеткалар.

  2. Шырыш бөлетін (бокал тәрізді клеткалар) секреторлық клеткалар. Ішек эпителийі- нің сіңіруші клеткаларын жарық микроскоппен қарғанда сызылған жұқа қабатпен қапталғанын көруге болады. Осы белгісіне қарап, оны щеткалық көмкерме деп аталған. Электрондық микроскоп бұл құрылымның плазмалемманың өсінділерінен түзілгенін анықтайды. Әрбір өсіндінің көлденең өлшемі 0,1 — 0,2 мкм, ал ұзындығы 1 – 3 мкм. Осы ультромикроскопиялық құрылымдар микробүрлер деп аталған. Эмбриондық клекаларда олар аз болады. Жіктелу процесі кезінде микробүрлердің саны көбейеді олар ішек эпителийінің сіңіру бетін 25 – 30 есе арттырады. Iшек қабырғасындағы ас қорытылуында жиналған түрлі заттар адсорбцияланады, кейін пиноцитоз арқылы клетканың цитоплазмасына түседі.

Қоректік заттарды сіңіруге қатыса отырып, бұл эпителий ас қорыту жолындағы бактериялардың дене ішіне әтуіне кедергі болады. Сонымен бірге осы ұлпа ішектің қабырғасын ас қорыту ферменттерінің қорытушы әсерінен қорғайды. Ащы және тоқ ішектердің эпителиалдық астарының бір қабатты цилиндр тәрізді клеткаларының арасында клеткаларды механикалық және химиялық зақымдардан қорғайтын шырыш бөлетін бір клеткалы бездер болып есептелетін көптеген бокал тәрізді клеткалар кездеседі.
Ішек эпителий клеткалары мен базальдық мембрананың арасындағы байланыс жеңіл үзіледі. Ас қорыту жолының арасындағы байланыс жеңіл үзіледі. Ас қорыту жолының үздіксіз қозғалысы мен эпителийдің үдемелі жұмысы клеткалардың тез тозуына әкеліп соғады. Ішек эпителийінің құрамында көбею қабілетінен айырылмаған крипталарда орналасқан, шала жіктелген клеткалар болады. Бөлінудің нәтижесінде пайда болған жас клеткалар өліп, түлеген клеткалар орнын басады. Ішек эпителийінің барлық клеткалары 30 – 36 сағаттың ішінде жаңарады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет