Акушерия Сыртқы акушерлік зерттеу. Гравидограмма. Ұрықтың биофизиялық профилі



бет3/21
Дата28.05.2023
өлшемі76,61 Kb.
#177837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Акушерия 1-16

Жыныс мүшелері және сүт бездері. Босану аяқталысымен жатыр денесі тез жиырылады. Босанудан кейінгі 14 тәулік бойы жатыр пішіні шар тәрізді болады, оның түбі шаттан 15-18 см жоғары тұрады. Жатырдың қалындығы түбінде айқын болып, жатыр мойнына қарай аздап жұқарады. Жатыр қуысында аздаған қан болады. Жатыр мойны қолдын 2—3-саусағын өткізеді. Жатыр қабырғасы іш жағынан қыртысты, плацентарлық аймак тамырлар облысындағы тромбтарымен бірге бұдырлы жаракаттық беткей түрінде болады. 2 апта бойы жатыр салмағы тез азаяды: босанудан кейін оның салмағы 1000 г кұрайды, бірінші аптаның соңында жатыр салмағы — 500 г, екінші аптаның аяғында — 325 г, үшінші аптада — 250 г, босанудан кейінгі кезеңнің соңында —50 г-ға тең, яғни алғашқы жүкті емес кезіндегі калпына келеді. Жатырдың салмағы оның бұлшықет талшықтарының босанудан кейінгі кезенде тұрақты түрде тоникалық жиырылуына байланысты. Тамырлардың көбісі облитерацияға ұшырайды.
Жатыр мойны инволюциясы денесіне карағанда баяулау жүреді. Босанғаннан кейін 10—12 сағаттан соң ішкі ернеу жиырылып бастайды, диаметрі 5—6 см дейін кішірейеді. Сыртқы ернеу бұлшыкет кабырғасы жұка болғандықтан өзгермейді. Осыған байланысты жатыр мойны каналы кұйғыш тәрізді болады. Бір тәуліктен кейін канал тарылады. 10-тәулікте ішкі ернеу жабылады.
Жатырдан бөлінетін бөліністерді лохиялар деп атай-
ды. Босанудан кейінгі 2—3 күн бойы канды лохиялар , 3-4-күннен 1-аптаның соңына дейін — серозды лохиялар , ал 10-күннен бастап кұрамында лейкоциттері басым акшыл-сары лохиялар (Іосһіа аІЬа) бөліне бастайды, оған біртіндеп (3-аптадан) жатыр мойны каналының кілегейі араласады. Лохиялар сілтілі реакциялы және арнамалы иісті болады. 5—6-аптада жатырдан бөліністер тоқтайды.
Жатыр түтіктерінде алғашкы екі аптада кан айналым азаяды, ісіктері кайтады, бұрынғы қалпына келеді. Жүктілік кезінде аздап ұлғайған аналық бездері кішірейеді, оларда түрлі сатыда пісіп-жетілген фолликулдарды аныктауға болады, бірак емізу кезінде пролактиннің тежеуші әсерінен овуляция процесі болмайды. Аралықгың бұлшыкеттері жарақаттанбаған болса, алғашқы күннен бастап өз қызметін калыптастыра бастайды да, босанудан кейінгі кезеңнің 10—12-күндері өзінің қалыпты тонусына келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет