11.Плацентарлы жеткіліксіздік синдромы. Ұрықтың жатырішілік дамуының тежелуі. Клиникалық классификация. Диагностика. Жүктілікті жүргізу.
Плацентарлы жеткіліксіздік-бұл әртүрлі экстрагенитальды және гинекологиялық патологияға, сондай-ақ жүктіліктің асқынуына байланысты дамып келе жатқан ұрық пен плацентаның морфофункционалды бұзылыстарының кешені. Яғни жатырлық плацентарлык кан айналыстың төмендеуінің әсерінен тасымалдаушы, трофикалық, эндокринді және метаболикалык кызметтерінің бұзылуы.
Фетоплацентарлы жеткіліксіздік жағдайында ұрық гипоксиясы, оның құрсақішілік өсуі мен дамуының тежелуі; мерзімінен бұрын босану, босанудың әртүрлі ауытқулары, ұрықтың босану жарақаттары ықтималдығы артады. Жаңа туылған нәрестелерде перинаталды энцефалопатия, туа біткен ауытқулар (жамбас дисплазиясы, қисық мойын) жиі анықталады.
Ұрықтың жатырішілік дамуының тежелуі- ұрық өсуінің, массаның және басқа фетометриялық көрсеткіштердің белгілі бір гестация кезеңі үшін орташа нормативтен артта қалуы. Ол көбінесе асимптоматикалық болып табылады, ол жүкті әйелдің салмағының аздығымен, іштің кішкентай шеңберімен, баланың тым белсенді немесе сирек қозғалуымен көрінеді. Диагноз қою үшін плацента УДЗ, фетометрия, КТГ, плацентарлы қан ағымының доплерографиясы жасалады.
Плацентарлы жеткіліксіздіктің классификациясы:
1) Уақыты бойынша:
Біріншілік жетіспеушілік гестацияның ерте кезеңдерінде (16-18 апта), имплантацияға және плацентанын түзілуіне әсер ететін иммундык, генетикалык, эндокринді, инфекциялык факторлар әкеледі.
Екіншілік фетоплацентарлы жеткіліксіздік бастапқыда қалыпты қалыптасқан плацентадан дамиды, әдетте, аналық факторлардың немесе жүктіліктің асқынуларының әсерінен.
2) Ағымы бойынша:
Жедел плацентарлық жетіспеушілік — фетоплацентарлык кешендегі гемодинамиканың жедел бұзылысы кезінде болады: қалыпты орналаскан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, жатырдың жыртылуы, окситоцинді енгізу.
Созылмалы плацентарлық жетіспеушілік — ұзак ағымды, аурудың бірінші этапында компенсаторлы-бейімделуші механизмдердің қосылуымен, кейінгі олардың декмопенсациясымен көрініс береді.
3) Клиникалық формасы бойынша:
Компенсацияланған түрі -ең қолайлы форма, доплерометрия мәліметтері бойынша анықталады; бұл жағдайда ұрық зардап шекпейді және дамуын жалғастырады.
Субкомпенсацияланған түрі-қорғаныс және бейімделу реакциялары жүктіліктің қалыпты ағымын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз, ұрықтың дамуында артта қалушылық байқалады, әртүрлі асқынулардың жоғары қаупі бар.
Декомпенсацияланған түрі-компенсаторлық механизмдердің шамадан тыс жүктелуімен және бұзылуымен, жүктіліктің қалыпты дамуының мүмкін еместігімен сипатталады, ұрықтың жүрек қызметінің ауыр бұзылыстарымен, дамудың кідірісімен, ауыр гипоксиямен көрінеді; ұрықтың ішілік өліміне жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |