Акушерия Сыртқы акушерлік зерттеу. Гравидограмма. Ұрықтың биофизиялық профилі


Ұрық босану объектісі ретінде. Ұрықтың бас сүйегі, тігістері және еібектері, бас өлшемдері



бет15/21
Дата28.05.2023
өлшемі76,61 Kb.
#177837
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Акушерия 1-16

12.Ұрық босану объектісі ретінде. Ұрықтың бас сүйегі, тігістері және еібектері, бас өлшемдері.
Ұрық басының өлшемдерінің сәйкестігін дұрыс түсіну үшін күні жетілген ұрыктың басы мен денесінің өлшемдерін, сондай-ак ұрық басының топографиялық ерекшеліктерін білу керек. Босану кезінде кынаптық тексеруде дәрігер белгілі бір таным нүктелеріне (жіктер мен енбектер) назар аудару керек.
Ұрық бас сүйегі — екі мандай, екі төбе, екі самай, шүйде, сына тәрізді, торлы сүйектерден тұрады.
Акушерлік тәжірибеде келесі жіктердің маңызы бар:
• жебе тәрізді (сагиттальды) жік; оң және сол төбе сүйектерін қосады, алдынан — үлкен еңбекке, артынан — кіші еңбекке өтеді;
• мандай жігі; маңдай сүйектерін (ұрык пен нәрестеде мандай сүйектері әлі бітіспеген) косады;
• тәжді жік; мандай және жебе тәрізді жіктерге перпендикулярлы орналасып, маңдай сүйектерін төбе сүйектерімен қосады;
• шүйделік тігіс (ламбда тәрізді) жік; шүйде сүйегін төбе сүйектерімен косады.
Жіктердің қосылған жерінде еңбектер орналасады, олардың ішінде тәжірибелік маңыздысы кіші және үлкен еңбектер.

  • Үлкен (алдыңғы) еңбек — жебе тәрізді, мандай және тәжді жіктердің косылған жерінде орналасады. Еңбек ромб пішінді.

  • Кіші (артқы) еңбек — жебе тәрізді және шүйде жіктерінің қосылған жеріндегі кіші көлемді терендік болып табылады. Еңбек үшбұрыш пішінді.

Акушерлік тәжірибеде ұрық басының маңызы зор: келудің әрбір нұсқасы мен босану механизмінің кезеңіне ұрық басының белгілі бір өлшемі сәйкес келеді.

  • Кіші қиғаш өлшем — шүйде асты шұңқырынан үлкен еңбектің алдыңғы бұрышына дейін — 9,5 см тең. Осы өлшемге сәйкес келетін бас айналымы ең кішісі — 32 см құрайды.

  • Ортаңғы қиғаш өлшем — шүйде асты шұңқырынан мандайдын шашты бөлігіне дейін — 10,5 см тең. Осы өлшемге сәйкес келетін бас айналымы — 33 см тең.

  • Үлкен қиғаш өлшем — иектен шүйденің ең кашық нүктесіне дейін — 13,5 см тең, үлкен қиғаш өлшемге сәйкес бас айналымы — барлығынан ен үлкені — 40 см тең болады.

  • Тура өлшем — кеңсіріктен шүйде бүдырына дейін — 12 см тең. Осы өлшемге сәйкес келетін бас айналымы — 34см.

  • Вертикалъды өлшем — төбе сүйегінің үшынан тіл асты сүйегіне дейін — 9,5 см тең. Осы өлшемге сәйкес келетін бас айналымы — 32 см.

  • Үлкен көлденең өлшем — төбе бүдырлары арасындағы ең алшақ қашықгық — 9,5 см.

  • Кіші көлденең өлшем — тәжді жіктің ең алыс нүктелері арсындағы қашыктық — 8 см.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет